Авакова Р.А. Фразеосемантика
206
тек момын ғана емес, ештеңемен жұмысы жоқ, өзімен-өзі болып жүретін
жігіт.
Коннотация – лексикалық мағынаның негізгі компоненттерінің бірі.
Лексикалық мағынаның түрлерін денотаттық, сигнификаттық, коннотаттық
деп макрокомпоненттерге бөліп қарастырған ғалымдар: И. Арнольд, Л. Ва-
сильев, Л. Новиков, И. Стернин, Э. Кузнецов т.б. Лексикалық мағына бір
жүйеге түсіп, бір тәртіпке бағынған, бір-бірімен горизонталды және верти-
калды түрде байланысқан компоненттер жиынтығынан тұрады.
Лексикалық мағынаның негізгі бөлігі – денотаттық компонент. Шындық
болмыстың құбылыстары, заттарының және адам санасындағы идеалды
құбылыстардың өз ұғымы болады, сол арқылы олар дыбыстық жамылғышты
жамылып, сөздерге, таңбаға айналады. Осы заттар мен құбылыстарды
семасиологияда денотат деп атайды, ал реал заттар әлемнің сөзбен бай-
ланысын денотаттық фактор дейді. Денотаттық компонент шындық
болмыстағы заттың атауға айналуынан, санада кез келген заттың, оның бір
пішіні, қасиеті арқылы бейнелеуінен қалыптасады. Денотаттық
компонент
дегенде реалды өмірдегі заттарға таңбаны бағыттауды ұғынамыз. Бұл ми-
крокомпонент өзгермелі, икемдік бейімделгіштік қасиетке ие болады. Сөз
мағынасының денотаты біздің тікелей қабылдауымызға келетін қоршаған
өмірдегі объектілер, мәселен,
сиыр, түйе, ешкі, қой т.б. Сапалық белгісі
бар сөздер:
мөңіреу (сиыр), шөгу (түйе), секіру (ешкі), маңырау (қой) т.б.
Денотат дегеніміз – белгілі бір сөзді айтқанда, ойымызға келетін
зат, құбылыс не оның белгілері. Денотаттық компонент әр индивидтің
өмірлік тәжірибесіне интелектуалдық деңгейіне қатысты. Ол мағына-
ларды түсіндірме сөздіктерден, сөздердің мағынасын түсіндірудегі ерек-
шеліктерден байқауға болады. Бұл макрокомпонент эмпирикуалық мағына
компонентімен байла-ныста болады, нақты абстрактылы затты, құбылысты,
ситуа-цияны атау ретінде таңбаланады. Денотаттық компонент – шындық
болмыстағы объективті және субъективті зат құлылыстарды бейнелейтін
мағынаның заттық бөлігі.
Лексикалық мағынаның сигнификаттық компонентін кейбір зерттеу-
шілер денотаттық компонент құрамында қарастырады. Бірақ бұл екі компо-
нент бір-бірінен біршама өзгешеліктері бар. Сигнификаттық микрокомпо-
нент түсінік пен ұғымның қызметінде көрінеді. Денотаттан айырмашылығы
– ой субъективті қасиетке ие. Денотаттық мағына сөзді объектив дүниемен,
заттармен, құбылыстармен байланыстырса, сигнификаттық мағына оны
ұғыммен, ой элементімен байланыстырады. Сигнификаттық бөлік ұғымның
жалпыланған елеулі белгілерінің негізінде пайда болған деуге болады. Мы-
салы,
қой сөзінде сигнификаттық компонент –
жуас, ал –
жылқы мінезді
тіркесінің сигнификаттық мағынасы – түйе –
«төзімді», сиыр
– «топас»,
жылқы
– «шалкес» т.б.
Толып жатқан белгілердің ішіндегі неғұрлым елеулі белгілердің жиын-
тығы мағынада сигнификаттық компонентті құрайды. Толық мағыналы сөз