Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет108/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

Фразеологиялық коннотация
203
Қарастырылып  отырған  сан  алуан  фраземалар  астарлы,  бейнелі  ма-
ғынада қолданылады да, олардың мәнерлеп бейнелеуші қызметі өтке күшті 
болады.  Фраземалардың  басым  көпшілігінде  эмоциялық  бояу  басым  бо-
лып, айырықша бейнелі, экспрессивті қызмет атқарады.
Фраземалар – құрамындағы лексикалық компоненттер мағыналары мен 
оның  тұтас  мағыналарының  еш  байланысы  жоқ,  ауыспалы-бейнелі  ма-
ғыналы  сөздердің  тұрақты  тіркесі.  Фраземалар  мағынасындағы  ішкі  фор-
ма  айқын  көрініп  тұрса,  оларды  жеңіл  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Кейбір 
фраземалардың (егер қолданыс уақыты аз болса) ішкі формасының мотиво-
логиялық мағынасын ашуға болады. Бұл мағына о бастағы еркін тіркестердің 
құрамына  кіретін,  кейіннен  метафорлану  үрдісінің  негізінде  сөздердің 
семантикалық мағыналарының кеңеюі нәтижесінде пайда болады.
Фразеологиялық  мағына  мен  фраземажасам  базасы  арасындағы 
байланыстырушылық  қызметті  ішкі  форма  атқарады.  Бұдан  туындайтын 
тұжырым, фразеологиялық мағынаның ішкі формасы оның шығу тегінің 
негізгі көзі болып табылатын фраземажасам негіздерінің лексикалық және 
грамматикалық семантикасының мағыналық элементтері құрайды. Мыса-
лы: қой аузынан шөп алмау фраземасының жасалуының негізгі – адамның 
ғасырлар бойғы жинақталған тәжірибесі, байқағыштығы негізінде алдына 
қойған шөпті жемейтін мал жоқ, төрт түлік ішінде ең момыны қой деген 
сияқты уәждерді салыстыру, бейнелі ойлау.
В.Н.  Телия  ішкі  форманы  коннотативтік  мағынадан  іздейді.  Ғалым 
пікірінше,  «...  коннотация  включает  в  себя  несколько  элементов,  среди 
которых внутренняя форма является «крип-тосмыслом», играющим роль 
темы, а экспрессивная окраска создаваемая оценкой, эмоциональным от-
ношением или сти-листической отмеченностью, – роль ремы» [В.Н. Телия, 
1986;  13  б.].  Фразеологиялық  мағынадан  көрінетін  ақиқат  шындықтың 
бейнесі фраземалардың ішкі формасының сигнификативтік негізінде жа-
тыр, яғни фраземалар денотаты мен коннотация арасын байланыстырушы 
ретінде  денотат  туралы  қандай  да  бір  түсініктің  жалпылама  –  абстрак-
ты  қасиеті  түрінде  өмір  сүретін  нақтылы  фразеологиялық  коннотация-
ны  қалыптастырады.  Фраземаның  ішкі  формасы  сөздің  ішкі  формасы-
мен  салыстырғанда  әлдеқайда  бай,  бейнелі  әрі  мағыналы  болып  келеді.  
В.А. Маслова былай деп тұжырымдайды: «Фразеологические единицы – 
это такие языковые единицы в значении которых важен не столько дено-
тативный аспект, сколько различного рода коннотации, наслоения, образы, 
имплицитные оценки и эмоции» [В.А. Маслова, 1999; 6 б.].
Мағынаның  коннотативтік  компонентінің  зерттелуінің  негізгі  себеп-
терінің бірі – сөздің ішкі формасының тек окказионалдық сөз қол данысында 
қарастырылуы. Экспрессивті бояма лексика – екіншілік атау нәтижесі, ал 
ішкі форма сөйлеуші субъектіні объективті өмірмен байланыстырады. Мы-
салы, сөйлеуші біреуді қой деп атағанда, тілде жуастық, момындық этало-
ны деп саналатын қойдың мінез-бітімін бейнелі-ассоциациясын көз алдына 
елестетеді. Бейне эмоцияны туғызады. 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
204
Тыңдаушыға сөзбен әсер етудің бірнеше әдістері бар, соның ішіндегі 
үнемдісі – бір сөздің номинативтік және прагматикалық мағыналарының 
негізінде бейнені эмоционалды тұрғыдан қабылдай алуы. Тілдік құралдарды 
үнемді қолдану тенденциясы «қосымша мән» коннотацияда кездеседі.
Экспрессивтілігі  басым  сөздердің  «үнемділігін»  төмендегідей  мысал-
дардан көруге болады: Әкесінің ат жақты келген ұзын сопақ басының 
құлақтан жоғары жері қаз жұмыртқасындай көрінеді (М. Әуезов); Сенің 
тісің ат тіс екен (Д. Досжанов); Дәл осы күндере Базаралы да көбінесе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет