Байланысты: Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.
Фразеологиялық коннотация 211
туған мағыналас тіркестер саны екі жүзге» жететінін атап өтеді. Мысалы:
ажал жетті, ажал қармағына салды, ажал есінеді, ажал оғы атылды, ажал түртті, ажалына асықты, өмірі өшті, өмір шамы сөнді, өмірден кетті, соңғы ұйқыға кетті, о дүниеге кету, соңғы демін шығару, жібі үзілді және т.б. Аталмыш фраземалардың жалпы семасы «өлу, дүние салу»
болса да, олар түрлі коннотаттық тәсілдермен жасалынған.
Фраземалар мағынасында – денотативтік аспектімен қатар түрлі кон-
нотациялар, бейнелер, имплицитті бағалауыштық қасиеттер мен эмоци-
ялар қоса жүретін тілдік бірлік. Фразема-лардың басқа тіл бірліктерінен
ерекшелігі де осында. Лингво-мәдени қауымдастықтағы ұлттық танымның
айнасы болып табылатын фраземалар сол тілде сөйлеушілерге дүниені,
әлемді танудың бейнесін сан қырлы қасиеттер арқылы орасан зор мағлұмат
бере алады.
Фраземалар бойында сақталған «кіші әлем» (В.Н. Телия термині)
көрінісіне баға бере отырып Ф.И. Буслаев «и нравственный закон, и здра-
вый смысл, выраженные в кратком изречении, которые завещали предки в
руководство потомков», – дейді [Ф.И. Буслаев, 1954; 37 б.]. Фраземаларда
адамзат танымындағы мифологемалар, халық дәстүрі мен салты, санасы
мен сенімі, түрлі стреотиптер: қателіктері мен жетістіктері, қуанышы мен
қайғысы, ұлттың мәдениеті бейнеленеді.
Қазақ тіл байлығының қайнар көзі болып табылатын фраземалар
– халықтың рухани қазынасы, тарихының куәсі, өмірінің айнасы. Тіл
қазынасына, сөз байлығын адамзаттың қоғамдағы, табиғаттағы танып,
біліп, анықтап болған сөз бен сөз тіркестердің білдіретін ұғымдары мен
мағыналары деп түсіндіреді. Бірақ «сөздер мен олардың білдіріп тұрған
ұғым мағыналары сан жағынан бірдей емес» [Ә. Қайдар, 1998; 123 б.].
Фраземалар семантикасындағы денотативтік мағынаның бойына
сіңірген мәдени аспектінің ізін аңғару қиын емес. Мәселен, қой көз, бота көз, жылқы мінез фраземалар құрамындағы қой, бота бейнелі, астарлы
мағынаға ие болған. Мал шаруашылығын өмір сүруі мен тіршілігінің көзі
деп ұғынған қазақ халқы үшін жылқы мінез фраземасында өмір тіршілік
болмысына тікелей қажетті ұғым, дүниетаным, түсінік жатыр. Жылқы
мінез адамның қандай болатынын түсіну үшін жылқы малына тән жақсы
мінез-қасиеттерді білу қажет.
Фраземалар бойында сақталған денотаттық мағынаның бейнесін
беретін тіркестерде халық тағдыры, ұлт тарихы елес бере алады. Осы
тұста Г. Смағұлованың «ашулану, төбелес сияқты психологиялық эффект
жағдайларын бейнелейтін мағыналас фразеологизмдер табиғатының бір
ерекшелігі – олардың қатар санының ұзақтығы және өміршеңдігі. Төбелес
сөзінің фоно-семантикалық басқа да белгілері – ұрысу, ұрсу, соғу – адамның
жанына да, тәніне де қатысты физикалық әрекетті білдіреді. Мұндағы
образдылықтың күрделілігі сонда, көз алдында өтетін мини-спектакль
сияқты суретті көрініс эмоциялы-экспрессиялы сөзбен, әрине, адам жаны-
на терең із, әсер қалдырады... Әр құбылыс мазмұнында бүтіндей халық та-
Авакова Р.А. Фразеосемантика 212
рихы, ұлт тағдыры елес береді», – деген пікірі өте орынды [Г.Н. Смағұлова,
1998; 183 б.]. Одан әрі монографияда төбелес, соғыс, ұрыс семаларының
фраземалардағы түрлі коннотаттық бейнелері сараланған. Мысалы:
•
көшпелі ел тұрмысынан қалған соғыс, ұрыс салу сәттерін бейне-
лейтін фраземалар: шаңырағына от ойнату, шаңырағын қиратып, түндігін тілу, түндігін теріс айналдыру, тебінгіден тер, қабырғадан қан жаудыру және т.б.;
•
жау қолына түскендердің күні: итаяқтан сары су ішкізу, көзіне көк