Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет112/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

зарлады  деген  бейнелі  фраземалар  қолданады.  Тайға  таңба  басқандай 
деген  фразема  «ашық,  айқын»  деген  ұғымға  экспрессивті  өң  беріп,  оны 
құлпыртып, күшейтіп тұр. Бұдан ашықтың ашығы, айқынның айқыны» де-
гендей үстеме, күшейтпелі мағынаны түсінеміз.
Қазақ тілінің семантикасын зерттеуші ғалым М. Оразов Ресей және ше-
тел тіл білімінің семасиология саласын зерттеуші ғалымдардың пікірлері 
мен көзқарастарына, қалыптасқан бағыттар мен концепцияларға ғылыми 
тұжырым жасай келіп, оларға өз бағасын береді: Э.С. Азнаурова сөздердің 
эмоционалды-экспрессивті  қызметін  стилистикалық  мағына  құрамында 
қарап, оны коннотаттық (негізгі мағынаға қосымша) мағынаның қатарына 
жатқызады,  тілшілеріміз  арасында  коннотациялық  мағынаны  кең  тү-
сінетіндері де жоқ емес, В.Н. Телия конно-тацияға эмоциялық мағынамен 
бірге  стилистикалық  мағынаны  да  қосады.  М.  Оразов  жалпы  сөздердегі 
эмоция мен экспрессивті төрт түрлі жол арқылы көрсетеді:


Авакова Р.А. Фразеосемантика
210
1. сөздердің тура номинативті мағынасы ретінде
2. көп мағыналы сөздердің бір мағынасы ретінде;
3. түбірге қосымшалар қосу арқылы;
4. фраземалар арқылы [М. Оразов, 1991; 109 б.].
Эмоция  –  экспрессивті  мағынаны  берудегі  өнімді  жолдың  бірі  –  сөз-
дердің  метафоралы  қолданылуы.  Әрине  метафора  жолымен  мағынасын 
ауыстырған сөздердің барлығы бірдей эмоциялық-экспрессивтік мағынаны 
білдіре бермейді. Мысалы, төрт түлік атауларының қозы, лақ, бота, құлын 
сияқты  төл  атаулары  жағымды  эмоцияны  білдіру  үшін  қолданылса,  үй 
жануарларының  үлкендерінің  атауларынан  азбан,  есек,  өгіз,  теке,  ешкі 
сияқтылары жағымсыз эмоцияны білдіру үшін қолданылады. Оған мысал 
теке көз, теке сақал, теке тірсек, теке сасыған, текедей бақылдау, өгіз 
аяқ, аузын буған өгіздей, есек дәме.
Қорыта  айтқанда,  коннотация-лексикалық  мағынаның  негізгі  компо-
нент терінің  бірі.  Коннотаттық  компоненттің  үш  функционалды  типі  бо-
лады:  сипаттамалы,  экспрессивтік-бағалағыштық  және  нормативті.  Си-
паттамалы  коннотация  сөздегі  заттың,  құбылыстың  басқа  қасиеті  тура-
лы ақпараттан пайда болады. Мысалы, қой сөзінде «жуас, момын», сиыр 
сөзінде  «жақтырмау»  белгісі  бар.  Экспрессивтік-бағалағыштық  кон-
нотация  объектінің  бағасы  туралы  хабардан  тұрады.  Мұнда  жағымды, 
жағымсыз эмоция болады, соған сәйкес бағалау жүзеге асады. Нормативті 
коннотация коммуникативті акт кезінде айқындалып, бұған эвфемизм, дис-
фемизм, жаргон, табу және т.б. тән. Коннотаттық макрокомпонент сөздің 
мағыналық құрылымына тікелей енбей, тек қана мағынадағы қосымша мән 
беретін қызмет атқарады.
Табу  және  эвфемизм  негізінде  тілде  қалыптасқан  фраземалардың 
қайнар  көзі  этнографиямен,  халықтың  дүниетанымымен,  сана-сезімімен 
және  т.б.  факторлармен  тікелей  байланысты.  Адамдар  жамандықты, 
қасірет пен қайғыны тікелей айтпай, оны жанамалап, «жұмсартып» айтуға 
тырысқан. Адамзат үшін ең тәттісі де, қымбаты да өмір болса, керісінше, 
қорқыныштысы  да,  жан  түршіктірер  суық  хабар,  ол  –  өлім.  «Өмір  бар 
жерде өлім бар» немесе «тумақ бар да, өлмек бар» екенін халық даусыз 
мойындаған.
Кез келген халықтың тілінде адам баласы үшін табиғи құбылыстар дың 
ішіндегі қорқыныштысы осы өлім ұғымына байланысты түрлі коннотат-
тық реңдегі фраземалар саны аз емес. Бұл сөздерді тікелей айтпай, түрлі 
синонимдік қатарлармен келген эвфемистік фраземаларды қолданған.
Түркі  тілдері  материалы  бойынша  табу  мен  эвферизмдерді  зерттеген 
ғалым Ә. Ахметов: «Адам баласы үшін табиғи құбылыстардың ішіндегі ең 
қорқыныштысы да, сескендіретін суығы да – өлім. Сондықтан да кез-келген 
халықтың тілінде «өлім», «өлді» деген сөздердің орнына сол ұғымдарды 
білдіретін, бірақ алдыңғылардан әлдеқайда тігісі жатық эвфемистік сино-
нимдер қолданылады», – дейді [Ә. Ахметов, 1995; 113-176 бб.].
Осы тұрғыдан Г. Смағұлова қазақ тіліндегі «өлім жітімге байланысты 


211


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет