Авакова Р.А. Фразеосемантика
160
Қалған тіркес ішіндегі мағыналары сөздікте идиома белгісімен (♦)
берілген. Түркі тілдеріндегі лексикографиялық деректердің мағлұматына
сүйенетін болсақ, №11, 12, 15-20, 23-26 мағыналарда қандай да бір түстік
уәжділік ізі байқалмайды. Бұлардың басын біріктіретін негізгі сема «сан-
сыз көп, үлкен, қалың», осы мағыналардың «күшті, мықты» семалары да-
мып, №20 мағынада «өте» деген жалпылық, үстеулік мағынаға ие. Қара
сөзінің №21 (дақ) мағынасында түр-түсітік белгі қандай да бір заттың
алыстағы бейнесі, көрінісі қара дақ мағынасында қолданылады. Заттар
мен адамдардың «шамалы, көлемі, саны» мағынасын, №11 сема көбінесе
түркімен тілінде жақсы дамыған. Олардың «көлем шамасы» әйтеуір бір
қарағанда байқалады. Түркіменше-орысша сөздікте төмендегідей мысал
берілген: гарасы улы гөрүнәр «на вид довольно большой», гарсы хич зат
дэл «с виду очень маленький» [Туркменско-русский словарь, 1968; 154-
155 бб.].
№9 мағынадағы жер семасы «қарайған нәрсе» денотатының негізінде
пайда болған. Ал №13 мағынадағы «ірі-қара» яғни «мал» семасы алы-
стан көрінетін қарайған мал ұғымынан келіп шыққан болу керек. Ал №14
семадағы «қалың» мағынасы мүмкін эпитеттің негізінде пайда болса керек.
Қара түсінің бірінші мағынасы түсіндірме сөздікте берілген-дей
«ақтың қарама-қарсы түсі». Бұл оның негізгі номинативтік мағынасы бо-
лып табылады. Бірақ бұл номинативтік мағына одан кейін пайда болған
коннотативтік мағыналардың қалыптасуының барлығына бірдей ұйытқы
бола алмаған. Мысалы, түрік топонимикалық жүйесінде жиі кездесетін
qara
su тіркесінің мағынасы сумен емес, жермен байланысты, ал барлық
орта ғасыр түрік ескерткіштерінде кездесетін
qara budиn термині
халықтың
түсіне байланысты емес, оның қоғамдық-әлеуметтік орнымен байланысты,
яғни қарапайым, төменгі сатыдағы халық,
qara qum тіркесіндегі қара түсті
білдірмейді «көп, мол» құм мағынасында қолданылады.
Қара сөзінің ауыс, коннотативтік мағынасы оның номина-тивтік
мағынасына қарағанда әлдеқайда көп:
– мал мағынасындағы қара –
ірі-қара мал, қара мал;
– алыстан бұлдырап, қарауытып көрінетін бейне, жанды /жансыз зат,
силуэт –
қарасын көрсетпей кету, қарасы өшу;
– хан, ақсүйектер тұқымына жатпайтын жалпы халық –
қара халық,
қара тобыр, қара бұқара (жай халық арасынан шығып, хан болған адамға
Қарахан деген титул берген, халық аузындағы қарадан шығып хан болған
деген мәтел осының айғағы);
– серік, ес, жәрдемші – Артында
жалғыз қараны көретұғын күн қайда
(Алпамыс жыры);
– айыпты, кінәлі, қылмысты адам – бақыт баста тұрғанда, білмесең де
данасың,
Бақыт құсы жөнелсе,
ақ та болсаң қарасың (Ауыз әдебиеті).
– адамға зиян келтіретін қасиетсіз мақұлық –
қара басқыр, қара көрінер;
– өлім-жітім, қайғы-қасірет –
қара қағаз, қара уайым; қара жамылу;