Өсімдіктер қауымдарының таралуындағы басты факторлар.
Өсімдіктер тіршілік формаларының қалыптасуы туралы түсінік Фитоценоздардың тіршілік орны /биотоп/
1. Әрбір биоценоздардың орналасқан территориясын оның тіршілік орны немесе биотоп деп атайды. Тіршілік орнын “тұрғын орны” деген түсініктен ажырата білу керек. “Тұрған орны” деп фитоценоздардың кеңістіктегі жағдайын айтамыз, ол олардың географиялық топографиялық координаталарымен анықталады. Тіршілік орны дегеніміз ол тек географиялық және топографиялық түсінік емес, тек биосфераның осы фитоценоз орналасқан бір бөлігі ғана емес, ол экологиялық және фитоценологиялық түсінік. Тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған жайлар бар. Жердің бетіндегі бұрын-соңды өсімдіктер болмаған учаскелер кеңістіктегі орнымен және физико-химиялық ортаның абиотикалық факторларының үйлестірілуімен сипатталады. Бұл экотоп деп аталады. Өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің пайда болуына байланысты экотоп өзгеріп биотопқа айнала бастайды.
Биотоп немесе тіршілік орны – күрделі экологиялық факторлар комплексі. Онда мыналарды ажыратуға /Шенников, 1964/ болады:
Экотоп – белгілі учаскедегі өсімдіктер пайда болғанға дейінгі бейорганикалық ортаның абиотикалық жағдайларының жиынтығы. Бұған жататындар: климат және топографиялық жағдай, геологиялық жыныстар, олардың физикалық және химиялық қасиеттері және учаскенің кеңістіктегі осы орнының гидрологиялық жағдайы.
Биогенді факторлар комплексі – дербес өсімдіктердің, фитоценоздың, көрші өсімдіктердің, микроорганизмдердің және жануарлардың яғни биотикалық ортаның әсерінен пайда болған ортаның қасиет.
Антропогендік факторлар - өткеннің мұрасын өзгертіп және жойып жіберуге қабілеті бар барлық абиотикалық факторларға адамның әртүрлі әрекеттерінің әсері. Фитоценоздың тіршілік орны - өсімдіктермен ортаның әрекеттестіктерінің ареанасы. Фитоценоз экотопикалық және фитоценотикалық сұрыпталу нәтижесінде қалыптасады. Фитоценоздың тіршілігі экотоппен биотоптың әсерімен ары қарай жалғаса береді.