Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны


ФИТОЦЕНОЗДАР ФЛОРАСЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ



бет32/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
8.2. ФИТОЦЕНОЗДАР ФЛОРАСЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Фитоценоздардың формациясының және басқада өсімдіктер жабының бөлімдерінің флорасында түрлердің үш тобын ажыратуға болады. /Быков, 1978/ : эндемдер, аэндемдер және эйремдер /сурет №22/.
Эндемдер – географиялық шағын аймаққа ғана таралған, басқа жерде кездеспейтін түрлер; аэндемдер – осы шағын аймақта пайда болған, бірақ қазіргі ареалы ол аймақ территориясынан сырт жерде пайда болған түрлер. Сонымен бірге, сирек және реликті түрлерді көрсету қажет. Екі формацияның немесе екі аймақтың флоралары айырмашылығын немесе ұқсастығын ортақтық коэфицент арқылы көрсетуге болады :
К=а+с-с/а+в+с
Мұндағы а-бірінші аудандағы түрлердің саны; в-екінші аудандағы түрлердің саны; с-түрлердің жалпы саны.
Әдетте фитоценоздардың, формацияның немесе өсімдіктер типінің флорасына талдау жасағанда оларды дербес географиялық элементтерге немесе геоэлементтерге бөледі. Географиялық элементтерге бөлгенде негізгі континенттердің көпшілік мақұлдаған бөлінуі алынады – голарктикалық, палеотропикалық, неотропикалық, австралиялық, каптық және антарктикалық элементтері. Егерде Тянь –Шаньдағы бір формацияның флорасын алсақ, онда мынадай геоэлементтер бөлінеді: эндемдер, Тянь-Шань-Джунгарлық, Тянь-Шань-Алтайлық, Тянь- Шань- Памирлік және с.с. космополиттерге дейін. Осылайша кез-келген географиялық аймақтың флорасына талдау жасауға болады /сурет №23/

3.ФЛОРАЛЫҚ ДҮНИЕЛЕР /ЦАРСТВА/
Флоралық дүние ең үлкен флоралық бөлім. Жер шарында бір-бірінен флорасымен кенет өзгешеленетін алты флоралық дүниелер аймақтар бар. /сурет 21/

  1. Голарктикалық дүние. Ол Солтүстік жартышарларының тропикадан басқа бүкіл бөлігін қамтиды. Бұл аймаққа Acteraceae, Apiaceae, Brassicaseae, Campanulaceae, Caryophyllaceae, Berberidaceae, Betulaceae, Primulaceae, Ranunculaceae, Rosaceae, Salicacaceae, Saxifragaceae және басқалары тән. Басқа флоралық дүниелерде бұл тұқымдастар аз немесе тіпті кездеспейді. Көлемді Carex туысының көптеген түрлері тек қана голарктикалық дүниеде кездеседі.

  2. Палеотропикалық дүние. Ол ескі Әлемнің барлық тропикалық /ыстық жақтар/ аудандарын қамтиды және көптеген қысы суық болатын аймақтарда кездеспейтін, тропикалық тұқымдастардың /Мыcалы, Pandanaceae Yingiberaceae / және басқалары/ болатындығымен

ерекшеленеді. Мұнда үш дүние тармағын бөледі: а/ африкалық
б/ индо-малайық и/ полинезиялық.
Бұлардың әрқайсысы эндемикалық тұқымдастардың болуымен сипатталады.

  1. Неотропикалық дүние. Бұған Мексика, Орталық және Оңтүстік Америка /ең шеткі оңтүстік аудандарынан басқа/ жатады. Бұл флоралық дүниеде, палеотропикалық дүниеде кездесетін тропикалық тұқымдастар өте көп кездеседі, бірақ туыстардың көпшілігі әртүрлі.

Тропикада кең тараған туыстардың 47 %-ті палеотропикалық дүниеде кездеседі, тек 13% ғана екі дүниеде бірдей кездеседі.

  1. Австралиялық дүние. Бұл флоралық дүние ерекше оңашаланған жағдайда. Мұндағы барлық түрлердің 86 % тек қана Австралияда кездеседі. Бірқатар эндемикалық тұқымдастар, тұқымдас тармақтары және туыстар бар. Ерекше есте қаларлық Eucalyptus және Acacia туыстары. Eucalyptus туыстарының 450 шамасында түрлері бар, олардан Австралияның барлық ормандары тұрады. Ал мұндағы Acacia туысының ерекшелігі олардың филлодиялары бар.

  2. Антрактикалық дүние. Бұл дүние Оңтүстік Америкадан Жаңа Зелландияға дейін созылып, антрактика континентін қоршап жатады.

Антрактида континентінде гүлді өсімдіктердің тек осы жерге ғана тән жергілікті екі түрі кездеседі: Colobanthys crassifolins / Cariophyllaceae/ Deschampsia ANTARCTICA /Poaceae/.
Ерекше маңызы бар антрактикалық элемент – Nothofagus туысы.
Бұл туыстың түрлері басқа кейбір антрактикалық ағаш туыстарымен бірге Жаңа Зеландияда және Оңтүстік Американың оңтүстік батысында ылғалды антрактикалық ормандарды құрастырады.

  1. Кап дүниесі. Бұл флоралық дүниелердің ішіндегі көлемі жағынан ең кішкентайы, оған тек Афтриканың оңтүстік-батыс шегі ғана кіреді, бірақ соған қарамастан бұл дүниеде 6000-нан астам гүлді өсімдіктердің түрлері кездеседі. Бұл аймақта бірнеше эндемикалық тұқымдастар /Brunicaceae fenaeaceae және басқалары / бар. Үйлерде өсетін өсімдіктердің көбісі, мысалы Pelargonium, Amaryavllis, Freesia және басқалары, Оңтүстік Африкадан шыққан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет