Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны


ӨСІМДІКТЕР ҚАУЫМДАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫНДАҒЫ БАСТЫ ФАКТОРЛАР



бет26/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Байланысты:
ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ Фитоценология лекция

3. ӨСІМДІКТЕР ҚАУЫМДАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫНДАҒЫ БАСТЫ ФАКТОРЛАР.
Фитоценоздардың өнімділігіне және структурасына басқаларға қарағанда әсер ететін болғандықтан орта жағдайлары өсімдік қауымдарының таралуында басты факторлар қатарынан саналады. Фитоценоздар үшін максимум дәрежесінде не минимум дәрежесінде тұрған факторлар басты факторларды толық анықтау үшін күрделі математикалық тәсілдер керек.
Басты факторларды лимиттеуші /бір нәрсені шекті, нормалы өлшемі/ факторлар деп атайды. Лимиттеуші факторлардың ролі аутоэкологияда пайдаланатын Ю. Либих /1855/ және В.Шелфору /1915/ заңдарында көрсетілген. Бұл заңдар бойынша кейбір өсімдік түрлерінің болмауы немесе олардың өркендемеуі кез-келген бір фактордың жетіспеуіне немесе шектен тыс артық болуына байланысты болуы мүмкін.
Тек қана әсер етуші, ылғалдың немесе топырақтың байлығы сияқты факторлар ғана басты факторлар болып қоймайды. Өйткені рельеф және топырақтың гранулометрлік құрамы сияқты жанама факторларда фитоценоздадың структурасына қатты әсер ете алады. Басты факторлар табиғи немесе антропогендік болып келуі мүмкін. Соңғы жылдары өсімдіктердің таралуында антропогендік факторлардың бірте-бірте ұлғайып бара жатыр.
Басты факторлардың сипаты, табиғи зоналарға байланысты өзгеріп отырады. Тундра жағдайында басты фактор жылылық. Тайгада ол рольді топырақтың байлығы атқарады Орманды дала алқабында топырақ бай, сондықтан өсімдіктердің таралуы ылғалдылыққа байланысты. Дала және шөлейт зоналарында табиғи басты факторлардың ролін ылғалдылық және топырақтың сортаңдануы атқарады. Таулы территорияда басты экологиялық факторлар болып теңіз деңгейінен биіктік және экспозиция саналады. Барлық зоналарда мал жаю күшті басты фактор болып табылады.
Ортаның басты факторлары әрекеттестікте болуы мүмкін, еске сала кететін нәрсе әрекеттестіктің үш варианты болуы мүмкін.

  1. Басты фактордың өзара байланыстылығы /корреляция/. Шөл алқабында тоғайлы орман жайылмасында /өзеннің көктемдегі су жайылатын жері/ ылғалдылық және сортаңдау кері тәуелділігімен байланысты: ылғалы көп топырақта тұз жуылып кетіп су басатын террасының шетіндегі құрғақ топырақта жиналады. Орманды дала алқабының жайылмасында жағдай керіснше: сортаңдау ылғалды топырақтың булануы нәтижесінде тұздың қарқынды жинақталуына байланысты

  2. Түрдің фитоценотикалық оптимумдарының әртүрлі факторлар арқылы әрекеттестігі. Түр А факторының күшеюіне байланысты өзгертеді. Мысалы, орманды дала зонасы жағдайында мал жайылмасы Festuca valeriana Yaudin ылғалдылық градиентінің қысыңқы бөлігінде ғана болып экологиялық қатардың Poa angustifolia L. және Stipa Pennata L., Stizsa Stev арасында орналасқан. Бірақта мал жайылған жағдайда ылғалдылыққа байланысты оның экологиялық ареалы кеңіп ол Poa angustifolia L. және Stipa Pennata L ., Stizsa Stev тіршілк орындарында орналасады.

1. Бір фактордың орны екінші факторлардың жарым-жартылай басуы. Әрине ортаның бір факторының орнын екінші фактор толық баса алмайды, ал бірақ оның жарым-жартылай басуы кең тараған. Азотқа бай топырақтарда шалғындықтағы мезофиттер құрғақшылық кезеңді біршама оңай өткізеді.. /Миркин, Розенберг, 1978/.
Өсімдіктер қауымымен ортаның арасындағы байланысты зерттеудің геоботаника үшін маңызы өте зор. Қазіргі кезде өсімдіктермен ортаның арасындағы байланысты зерттейтін айқын, тәсілдер бар.
Бұл проблемалар туралы зерттеу жұмыстарын үш топқа біріктіруге болады –ординация, координация және индикация.
Ординация /латынның Ordination – тәртіппен /ретпен/ орналасқан - өсімдіктердің өзгерту сипатын көрсететін кейбір осы бойында – түрлерді немесе қауымдарды ретке келтіру процедурасы. Ал координация түрлер тобын немесе фитоценоздарды /фитоценоздар классификациясының бірінші синтетикалық этабында бөлінетін фитоценоз типі/ ретке келтіру процедурасы.
Индикацияға /латынның indication- көрсету/ келетін болсақ, ол ортаның жағдайын өсімдіктер арқылы анықтау. Индикация арнайы геоботаниканың бөлімі ретінде экологиямен, биогеографиямен, өсімдіктер физиологиясы және биохимиясымен, топырақтар географиясымен, геологиясымен, инженерлік геологиямен және гидрогеологиямен тығыз байланысты.
Әртүрлі эдификалық факторлар /ылғалдану, жер астындағы сулардың деңгейі, сортаңдану, топырақ ерітінділерінің реакциясы және т.б./, геологиялық тау жыныстары, климат, атмосфера жағдайы, пайдалы қазбалар және т.б. индикацияның зерттеу обьектілері бола алады. Зерттейтін обьектісіне байланысты гидроиндикация /су/ педоиндикация /топырақ/, литоиндикация /тас/, атмоиндикация /атмосфера/ және тағы басқа да бағыттар бар.
Орта жағдайының индикаторы есебінде фитоценоздардың флоралық құрамы пайдаланылады. Ортаны жеке түрлер-индикаторлар арқылы бағалау өте сирек жағдайда ғана нәтиже береді /мысалы, шөлде суды көрсету/.
Орта жағдайымен тығыз байланысты және жағдайын айырып тану үшін пайдаланылатын өсімдіктер қауымы /сонымен қатар кейбір түрлер/ индикаторлар деп аталады. Сол индикаторлар арқылы анықталатын ортаның жағдайы индикация обьектісі немесе индикаттар деп, ал анықтау процесі индикация деп аталады. Индикатормен индикаттық арасындағы байланыс сипатына қарай индикаторлар тікелей және жанама деп бөлінеді. Тікелей индикаторлар индикатпен тікелей байланысқан және оның болуына тәуелді.
Жер асы суының индикаторы ретінде құрғақшылық аудандарында кездесетін фреатофиттер тобының өсімдіктері басым фитоценозды келтіруге болады. Мысалы, жантақ /Alhagi – туысының түрлері/ және ший Achathberum splendens (Frin) Nevski қауымы жер асытында судың бар екендігінің көрсеткіші бола алады /таб №6/
Егерде индикатор және бір-бірімен тікелей емес, тек аралық эвено арқылы байланысқан болса онда мұндай индикациялық байланысты жанама деп атаймыз. Мысалы, шөлдегі құмдардағы псаммофит /құмды жерде тіршілік етуге бейімделген өсімдіктер/ ақ селеудің Stipagrostis ennata (Trin) de Winter сирек типтерінің сиректе болса кездесуі құмның жоғарғы қабатында жергілікті сулардың жиналғанының индикаторы бола алады. Бірақ бұл жерде тікелей байланыс жоқ, дегенмен пионер-псаммофит Stipagrostis Pennata (Trin) de Winter құмның нашар нықталып бекітілгенін, құм қабаттарында аэроцияның жеткілікті екендігін және оларға жауын-шашынның еркін сіңіретіндігін, яғни жоғарғы қабаттарда судың жиналуына жағдай бар екендігінің көрсеткіші бола алады. Тікелей индикаторлар әрине жанамаларға қарағанда анық әрі сенімді болады.
Индикациялық байланыстың географиялық тұрақтылық дәрежесіне байланысты индикаторлар панареальді /белгілі бір организм түрінің барлық таралған аймағы/, аймақтық және жергілікті болып бөлінеді. Панарельді индикаторлаврдың индикатпен баланысы индикаторлардың барлық таралған аймақтарында бірдей. Мысалы, қамыс /Phzasmites australis (Cov) Tzin exsteud өзінің тамыр жүйесінің дамыған субстратының ылғалдылығының өте жоғары екендігінің панареальді индикаторы болып табылады. Панареальды индикаторлар көп емес олар тікелей индикаторларға жатады. Аймақтық индикаторлар жиірек кездеседі. Олар белгілі бір физико-географиялық облыстың ішінде индикатпен тұрақты байланыста болады. Жергілікті индикаторлар өздерінің индикайиялық тұрақтылығын тек белгілі бір физикогеографиялық ауданның көлемінде ғана сақтайды. Аймақтық және жергілікті индикаторлар көп жағдайда жанама индикаторларға жатады.
Ботаникалық көрсеткіштер арқылы анықталатын индикаттар әртүрлі. Ол белгілі бір табиғи обьектілердің әртүрлі типтері /топырақтардың, тау жыныстарының, жер астындағы сулардың және т.б./, немесе ол обьектілердің әртүрлі қасиеттері /механикалық құрамы/, сортаңдануы, жарықшақ болуы және т.б. немесе қоршаған ортада болып жатқан белгілі бір процесстер /эрозияға- мүжілу, бүліну, батпақтану, тұздардың миграциясы және т.б./ және ортаның кейбір қасиеттері /климат/ болуы мүмкін.
Егерден процестер индикацияның обьектісі рольінде болса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет