Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны



бет31/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
Байланысты:
ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ Фитоценология лекция

ФИТОЦЕНОЗДАР ГЕОГРАФИЯСЫ

  1. Өсімдіктер ареалының мәні

  2. Фитоценоздар флорасының географиялық элементтері

  3. Флоралық дүниелер

  4. Фитоценоздардың комплестілігі

  5. Өсімдіктер жабындарының зоналығы 6. Өсімдіктер жамылғысын картаға түсіру.

Өсімдіктер және олардың қауымының жер шарында таралуын және сол таралудың заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы ботаникалық география деп аталады. Ботаникалық география екі салаға бөлінеді: 1/ Өсімдіктер географиясы - өсімдік түрлерінің және ірі систематикалық таксондардың жер шарындағы таралу заңдылықтарын зерттейді; 2/ Фитоценоздар географиясы - өсімдік қауымдарының жер шарындағы таралу заңдылықтарын зенттейді.
1. ӨСІМДІКТЕР АРЕАЛЫНЫҢ МӘНІ
Ареал- өсімдіктер түрлері, туыстары және басқа да категориялары таралған аймақ. Егер біз өсімдіктің бір түрінің мекен жайын алсақ, мысалы, түркестан термопсиссін Thermopsis Turkestanica Ceand/ алып оларды нукте /немесе үшбұрыш/ түрінде картаға түсіріп ең сыртқы нүктелерді сызықшамен қосу арқылы оның ареалын анықтауға болады, яғни сол сызықтың ішіндегі аудан өсімдіктің осы түрінің тараған аймағы немесе ареалы болып табылады /сурет №20/. Негізгі ареалдан алыста орналасқан олардың фрагменттері болуы мүмкін, олар эксклавтар деп аталады; кейде бүкіл ареал бірнеше бірдей бөлшектерге бөлінген болады. Мұндай тарихи себептерге байланысты пайда болған ареалдар дизьюнктивті ареалдар деп аталады.
Көп жағдайда ареалдың тұйық оңашаланған немесе дизьюнктивті екенін ажырату қиын Егерде диаспоралармен /таралуға арналған элементтер: тұқымдар, споралар, вегетативтік бөлшектер/ алмасу мүмкіншілігі жоқ болса, олардың дизьюктивті ареалына жатқызады. мүмкіншілігі жоқ болса оларды дизьюнктивті ареалдарға жатқызады. Бірақ диаспоралар қаншалықты жерге тарай алатындығын анықтау оңай емес. Өйткені диаспоралар желмен, сумен, құстар және адамдар арқылы талай жерге таралуы мүмкін. Түрлердің ғана емес онда ірі таксондар туыстардың және тұқымдастардың да ареалын сызуға болады. Әрине түрдің ареалының территориясында тіршілік жағдайы біркелкі емес, сондықтан түр өз ареалына бүтіндей таралмайды. Әрбір фитоценоздың құрамына және әрбір ассоцияцияға тек қана осы экотоптың немесе биотоптың жағдайына бейімделген толерантты /шыдамды/ түрлер ғана өне алады.

Ареалдың көлемі әртүрлі болуы мүмкін. Өсімдік түрлері барлық континенттерде кездеседі /космополиттер/, басқалары кішкентай ғана территорияда кездеседі /эндем/. Туыстардың ареалдарының көлемі оларға жататын түрлердікіне, тұқымдастар ареалы оларға жататын туыстардың ареалдарынан молырақ болады. Сондықтан космополитті тұқымдастар космополитті туыстарға қарағанда, ал соңғылары – космополит түрлерден жиірек кездеседі. Аsteraceae, Poaceae және кейбір басқа тұқымдастар жершарында түгел тараған десе де болады.
Эндемдер полеэндемизм және неоэндемизм деп ажыратылады. Полеоэндемизмге /реликті эндемдер/ бұрын кең тарап қазір құрып бітуге айналғандар жатады, олар қазір тек кейбір шамалы территорияларда ғана кездеседі. Мысалы Geinkgo biloba /гинго/ юра кезегінде кең тараған, туыстың жалғыз өкілі, - қазір тек Сычуань провинциясында /Қытай/ ғана кездеседі. Неоэндемизмге керісінше белсенді түрде пайда болып жатқан туыстардың жас түрлері жатады. Мысалы, оңтүстік Альпаның кейбір алқаптарында Saxifragа Gentiaпа және т.б. туыстарға жататын неоэндемдер табылып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет