Автотрофты популяциядағы жиналған энергияның өсімдіктермен қоректенетін жануарларға /фитотрофтварға/ одан бірінші қатардағы
фитотрофтарды жейтін ет қоректілерге /сапротрофтарға/ одан сапротрофтарды жейтін екінші қатардағы ет қоректілерге ауысқанда энергия мөлшерінің бір трофикалық дәрежеден екіншіге ауысқанда шамамен 10 есе
Өсімдіктер жабынындағы азықтық пайдалы қорын дәл дұрыс есептеп шығару үшін сынақ аудандарының саны қанша болуы керек деген сұрақтар туады. Фитомассаның +- 10% дәлдікпен анықтау үшін 1 м2- ден 10 сынақ ауданынан алған жеткілікті немесе 4 м2-ден алатын болсақ 3-4 сынақ ауданы жеткілікті деп саналады. Фитоценоздың структурасына байланысты сынақ ауданының саны көпте, азда болуы мүмкін. Дәлірек мәліметтер алу үшін ондаған кейде тіпті жүздеген сынақ аудандарын алу қажет.
Пішенді /укос/ үлпілдеген –құрғақ жағдайында таразыға өлшеп 1 м2 тиісті, сосын 1 гектарға тиісті азықтық массаның орташа санын есептеп шығарады. Бұл көрсеткіштер географиялық аймақтарға және жайылымдықтың типтеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, бір ірі қара малды ұстау үшін шөлді-далада –4,0-5,0 га, ал шөлдегі жайылмдықтарда 6-8 га жер керек. Бір қойға жоғарыда көрсетілген аудандардан төрт есе кем керек.
Жайлымның сиымдылығын қой-күн, қой-ай, сиыр-ай, жылқы-күн, жылқы-ай деп есептеп шығарады. Бұл көрсеткішті мына формуланы пайдаланып есептеуге болады. Егер жануарлардың бір түріне азықтың қаншаға жететіндігін білгіміз келсе:
1/ Е =АхБхВ/П;
Ал егер жануарлардың бір түрі азықтың қанша айға жететіндігін білгіміз келсе онда төмендегі формуланы пайдаланамыз.
2/ Е= АхБхВ/Пх30;
Бұл формуладағы Е-жайлымның сиямдылығы, А-жайлымды пайдалану кезеңіндегі фитомасса мөлшері /кг/га/, Б- ұтымды пайдалану коэфиценті, В- жайлым ауданы /га/, П- жануарлардың белгілі бір түріне бір тәулікке қажетті азық /кг/.
ФИТОЦЕНОЗДЫҢ ДИНАМИКАСЫ 1. Фитоценоздың динамикасы туралы жалпы түсінік 2. Қарапайым және күрделі алмасулардың компоненттері.
Қарапайым алмасулардың топталуы (таблица)
Фитоценоздың эволюциясы.
Сукцессия туралы түсінік.
Катализмдер
Фитоценоздар және олардан құралатын өсімдіктер жабыны бүтіндей еш уақытта біркелкі болып қалмайды. Өсімдіктер қауымы өте динамикалық құбылыс. Олардың динамикалылығының кейбір жақтары туралы фитоценоздардың тәуліктік, маусымдық және әртүрлі жылдардағы өзгерулерін өткен лекциялардың бірінде /4-ші тарауда/ айтқанбыз. Ол өзгерістер қайтқыш, яғни бастапқы қалпына келетін өзгерістер болатын. (Флуктуациялық)
Бірақ өсімдіктер қауымы құрамының және структурасының бір орташа дәреже айналасында таза бастапқы қалпына келетін өзгерістермен қатар басқада кері дамымайтын, қайталамайтын өзгерістер болады. Фитоценоздар структурасының кері дамымайтын, қайталамайтын /немесе ұзақ циклді/ ішкі және сыртқы себептерге байланысты өзгеруін фитоценоздардың динамикасы деп атайды.
Қарапайым алмасуларды топтастырғанда 1) сукцессия/ бір фитоценоздың орнын екінші фитоценоз басып алмастыруы/, 2) фитоценоздар эволюциясы және 3) катапклизмдер/ астан-кестен өзгеріс/ олардың ірі бөлімдері болып саналады.
Күрделі алмасулардың компоненттері болып фитоценоздар эволюциясы сингенез гректің Syn- бірге, және Genesis – шығу фитоценоздың қалыптасу процесі эндоэкогенез гректің endon- ішінде, oikos- үй, орын және Genesis- шығу; табиғатқа немесе антропогендік факторларға байланысты түгел ландшафтың даму процесінің салдарынан болатын антропогендік сукцессия жатады.
ҚАРАПАЙЫМ АЛМАСУЛАРДЫҢ ТОПТАЛУЫ. Геоботаника ғылымынва еңбегі сіңірген атақты ғалымдардың /Сукачев, 1954, Рошенко, 1961, Александрова, 1964, Ниценко, 1965/ жұмыстарын негізге алып және өздерінің мәліметтеріне сүйене отырып Б.М. Миркин, Г.С. Розенберг /1978/ өсімдіктер жабынындағы қарапайым алмасулардың топтасуын /классификациясын/ берді /сурет №19/.
Алмасулардың топтасуындағы оның ең ірі бөлігі ретінде алмасу класы қабылданған. Оның маңызды белгісі-өзгеру сатысының бір ізбен жүретіндігімен бөлінеді.
Бірінші класс –фитоценоздың эволюциясы бұған кіретін өзгерістердің нәтижесінде табиғатта бұрын болған фитоценоздар типі қалыптасады.
Екінші класс – сукцессия-өзгерістер ақырындап жүреді, соның нәтижесінде өсімдіктер жабынының басқа учаскелелерінде кездесетін фитоценоздар пайда болады.
Үшінші класс- каталлизмдер / астан –кестен өзгеріс/ - бұлардың табиғаты басқа, өсімдіктерге кенеттен кейбір факторлардың әсер етуі нәтижесінде балады. Солның салдарынан бұрін тіршілік етіп жатқан фитоценоз жарымжартылай немесе түгелдей жоғалады.