ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ ӨНІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ДИНАМИКАЛЫҒЫ Биологиялық өнім
Органикалық затты өндірудің этаптары немесе сатылары
Бірінші және таза өнімдер
Фитоценоздың биологиялық және пайдалы өнімдері
Фитоценоздардағы азықтың пайдалы қорын есептеу әдістері жайылымның сиымдылығы.
Өнімділік дегеніміз тірі организмдердің органикалық заттарды жасау, консервілеу және өзгерту қабілеттілігі. Органикалық заттардың жасалуы және өзгеруі жиынтығын, энергияның сіңіріліп және әртүрлі дәрежеде ұйымдастырылған био- және экосистемалардан өтуін өнім процессі деп атайды.
Биологиялық өнім дегенімізфотосинтез және хемосинтез процессі кезінде организмдердің – продуценттердің күн сәулесі энергиясын сіңіріп органикалық затты жинау қарқындылығы. Ол органикалық заттарды сосын қоректік зат есебінде екі түрін ажыратады: бірінші –органикалық заттарды автотрофтар жасайды, екінші –органикалық заттарды гетеротрофтар жасады.
Органикалық затты өндіруді төрт сатыға бөледі: 1/ жалпы бірінші өнім – фотосинтез процесінде құралған органикалық зат мөлшері. 2/ таза бірінші өнім -өсімдіктердің тыныс алуына жұмсалғанынан қалған органикалық заттың жиналу жылдамдығы, одан есептеу кезеңіндегі гетеротрофтардың пайдаланғанын және опадты-үзіліп түскен өсімдік бөлшектерін алып тастау керек; 4/ екінші өнім /органикалық заттың гетеротрофты организмдердегі жасалуы/.
Биологиялық өнім белгілі бір аудан мөлшерінде, белгілі бір уақытта синтезделген органикалық заттың мөлшерімен көрсетіледі.
Сонымен жалпы бірінші өнім /ӨЖ/- өсімдіктер қауымының белгілі бір аудандағы /гектар, м2/ белгілі бір уақытта /жыл, вегетациялық маусым, тәулік/ құралған таза бірінші өнімге /ӨТ/ өсімдіктердің демалуына жұмсалған /Өд/, үзіліп түскен бөлшектерін /опад –ОО/ және гетеротрофтар пайдаланғаныны /Өг/ қосқандағы фитомассасының көбеюі. Жоғарыда айтылғандай өнімділік көрсеткіштерін мынадай формуламен көрсетуге болады: Өж=Өт+Өд+Өо+Өг. Қалыптасқан, тұрақты фитоценоздың таза өнімі едәуір болуы мүмкін, ал биогеоценоздардың таза өнімі өте аз тіпті нөлге тең болуы мүмкін, өйткені фототрофтардың түзген заттарының бәрі биоценоз құрамына кіретін организмдердің тыныс алуына жұмсалып кетеді. /16/. Жер шарындағы өсімдіктер жабынының таза өнімі және биомассасын №8 кестеден ал күміс қоянсүйегі қауымындағы фитомассаның таралуын №17 суреттен әртүрлі фитоценоздардағы фитомасса, өнімділік және өсімдіктің жерге үзіліп түскен өлі бөліктерін (опад) №9 кестеден көруге болады.