Ресурстарды басқарудың ішкі жүйесі
Электрмен жабдықтаудың бірінші және негізін қалаушы этапы электр жүктемелердің (есептелетін) мүмкін мәндерін анықтау болып келеді. Электр қабылдағыштармен тұтынылатын, есептік максималды қуат, бұл ЭҚ номиналды қуаттарының сомасынан әрқашан аз.
Электр жүктемелерді анықтау тоқ жүретін бөліктерді, қыздыру бойынша трансформаторларды тексеру мен таңдау мақсатында, кернеу құбылыстары мен ауытқулардың есебі, компенсация жасайтын қондырғылардың, қорғаныстық құрылғылардың экономикалық есеппен таңдауы жасалады. Мүмкін электр жүктемелерін дұрыс бағалауға электрмен жабдықтау жүйесінің барлық элементтері мен сұлбасын таңдаудың және оның технико-экономикалық көрсеткіштерінің рацианалдығы бағынышты (капиталды салымдар, жылдық пайдаланудағы шығындар, келтірілген шығындар, түрлі түсті металл шығыны мен электр энергия шығыны).
Мүмкін жүктемелерді аса көтеру құрылыстың қымбаттауына, сымдық материалдың қайта-қайта шығындалуына және трансформаторлар мен басқа жабдықтар қуатының ақталмайтын өсуіне әкеледі. Тым төмен түсуі электр желісінің өткізгіштік қабілеттілігінің азаюына, қуаттың артық шығындарына, сымдардың, кабельдердің және трансформаторлардың қызуына, демек, олардың қызмет ету мерзімінің қысқаруына әкеледі.
Есептік жүктемелерді анықтаудың қолда бар әдістері қазіргі өндірістердің электр жүктемелерінің тәжірибелік және эксперименттік деректерінің өңдеуіне негізделген.
Электрлік жүктемелерді есептеудің формализациясы бірнеше бағытта дамыған, бүгінгі күнде олардың келесілері қолданылады:
Эмпирикалық әдістер (сұраныс коэффициенті, екімүшелді эмпирикалық өрнектер, электр энергиясының меншікті шығыны мен жүктеменің меншікті тығыздығы, технологиялық график); Реттелінген диаграммалар әдісі (есептік актив қуат коэффициенті бойынша есептеу); Статистикалық әдістер; Жүктеме графиктерін ықтималдылық модельдеу әдісі.
Есептік жүктемелерді анықтағанда негізінде реттелінген диаграммалар әдісі қолданылады (максимум коэффициенті әдісі). Объектінің барлық ЭҚ номиналды деректері және олардың жоспарда орналасқандығы белгілі болған жағдайларда бұл әдіс қолданылады.
Есептік жүктемені анықтау үшін олардың номиналды қуатының көрсетілуімен, механизмнің тағайындалуымен немесе технологиялық орнатылуымен, жұмыс режимімен және фаза санымен, электрэнергия қабылдағыштардың тізбесі негізгі бастапты деректер ретінде қызмет етеді.
Кез-келген элементтін нәтижелі жүктемесі (желінің, трансформатордың, генератордың), жалғанған электр қабылдағыштардың сомалық қуатына тең емес, және тұрақты шама болып келмейді. Жүктеме үздіксіз әр жалғанған электр қабылдағыш жүктемесі режиміне және олардың қосылу периодтарының дәл келу деңгейіне байланысты уақытта минимумнан максимумға дейін өзгеріп отырады.
Электрмен жабдықтау жүйесінің жоғары сатыларында шамаммен алынған есептеулерінде сұраныс коэффициентіне және орнатылған қуаты бойынша есептеу әдісін қолданылуы мүмкін.
Бұл әдіс бойынша есептік жүктемені анықтау үшін анықтамалық материалдармен белгіленген, қабылдағыштар тобының орнаған қуатын және қуат пен осы топ сұранысы коэффициентін білу қажет.
Белгілі қоректену түйініне жалғанған барлық ЭҚ, біркелкі жұмыс режимдері бар, сипаттас топтарға бөлінеді (бұл Ки мен Cosφ бірдей ЭҚ). Әр сипатты топ үшін оған кіретін электрқабылдағыштардың қуаттары мен саны көрсетілген, ал көп қозғалтқышты агрегат үшін оған кіретін қозғалтқыштардың қуаты мен саны көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |