«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері



Pdf көрінісі
бет70/131
Дата27.01.2023
өлшемі3,39 Mb.
#63298
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   131
1-мысал: Сауыншының қазан айындағы айлық табысы 3200 теңге, ал 
қарашада қазан айына қарағанда 15%-ке көп. Ал желтоқсанда қарашаға 
қарағанда 10%-ке кем. Сауыншының төртінші тоқсандағы орташа айлық 
табысын көрсетіңдер.
Шешуі:
3200∙0,15=480; 3200+480=3680 теңге қараша айы.
3680∙0,1=368; 3680-368=3312 теңге желтоқсан айы.
Енді орташа айлық табысы: 
3397теңге.
2-мысал: Жұмысшының бес күндік жалақысы 725 теңге, 690 теңге, 710 
теңге және 645 теңге, 660 теңге болды. Жұмысшының бір күнгі орташа 
жалақысы қанша?
Шешуі:_=_=_686_теңге.__161_3-мысал'>Шешуі:

= 686 теңге.


161 
3-мысал: Фермер 2010 жылы 4647 тонна картоп, 2011 жылы - 4372 
тонна, 2012 жылы - 4491 тонна және 2013 жылы- 4592 тонна картоп жинады. 
Осы жылдары фермер картоптан орташа қанша өнім жинады?
Шешуі:

= 4525,5 тонна.
Санның процентін табуға байланысты есептеулерде өмірде көп кездеседі.
4-мысал: Банкке 5% –тік жылдық өсіммен 150 000 тг салынды. Банкке 
салынған осы ақша бір жылдан соң неше теңге болады? Жай проценттік өсім 
формуласын пайдаланып есептейік.
Шешуі: Sn
)=240000. Жауабы: 240 000 тг
5-мысал: Банкке 8%-тік жылдық өсіммен 750 000 тг ақша салынды. Егер 
банкке салынған осы ақша 3 жылдан соң алынса:
1) 
жай проценттік өсімен неше теңге болады?
2) 
күрделі проценттік өсімен неше теңге болады?
Шешуі:
1) Sn 
=930 000 Жауабы: 930 000 тг
2) S
=944784 Жауабы:944784 тг
Мұндай есептердің қазіргі заман талабына сай қажеттілігін 
оқушыларға түсіндіру қажет.
Сонымен бірге мынадай да есептерді сабақ барысында кірістіріп
отырған тиімді.
6-мысал: Сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес келетінін 
анықтаңыз:
8
9
6
8
5
9



7

8
Шешуі: 5*9-4*8. Мұндай есептердегі амалдардың орнын түрлендіріп, 
әртүрлі етіп беруге болады, қарапайым болып көрінгенімен біраз
ойландырады.
6.1.-мысал: Бірлесіп орындалатын жұмысқа қатысты тақырыпты өткен
кезде мына есептердің берілуі орынды деп ойлап оқушыларға қолданып 
келемін: Арыстан бір қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жей 
алады. Олар барлығы жабылып осы қойды қанша сағатта жей алады?
Жауабы: 1 сағат. Осы есепке ұқсас есептер: Қасқыр қойды 6 сағат 
жейді, ал одан жолбарыс екі есе, арыстан үш есе тез жейді. Үшеуі бірге қойды 
қанша сағатта жейтінін анықтаңыз. Жауабы: 1 сағат.
Мына есептіде жиі кездестіруге болады. 
7-мысал: Құрбақа тереңдігі 60 м құдыққа түсіп кетті. Бір күнде ол 18 м 
жоғары көтеріледі де, сонан кейін 12 м төмен түседі. Сол орнында келесі күнге 
42 
27
?


162 
дейін қалады. Келесі күні де осы қайталанады. Құрбақа неше күннен кейін 
құдықтан шығады?
Шешуі: (60-18):(18-12)
Сонымен бірге адам жасының, отбасы мүшелерінің жас шамаларына
байланысты есептер де кездеседі. Ондай есептерді теңдеу құру арқылы
шығаруға тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет