«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері


Математикадан құзіреттілік есептер



Pdf көрінісі
бет86/131
Дата27.01.2023
өлшемі3,39 Mb.
#63298
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   131
Математикадан құзіреттілік есептер 
Дәстүрлі білім беруде білім алушы көбірек білім алу керек еді, бірақ 
казіргі уақытта білім деңгейі білімдер көлемімен анықталмайды. Білім берудегі 
құзіреттілік тәсіл білім алушылардан алынған білімдерін қолдана отырып, 
күрделілік дәрежесі әр түрлі мәселелерді шеше білуді талап етеді. Құзіреттілік 
тәсіл білімді емес, оларды қолдануды бірінші кезекке қояды. Құзіреттілік 
тәсілді жүзеге асыру үшін білім алушыларға "Осы алған білімдеріңді өмірде 
қалайша қолданасыңдар?" деген сұрақты үнемі қойып; сабаққа құзіреттілік 
есептерді немесе практикалық есепті шешу үшін пәндік білімді пайдалану 
тапсырмаларын, өмірлік жағдаяттарда мәселелерді шешуге есептерді жүйелі 
түрде еңгізіп отыру қажет. 
Практикалық есептер немесе күнделікті өмірмен байланысты есептер. 
№1 есеп. Мадияр сазбалшықтан 40 минут ішінде ойыншық жасады. Бұл 
ойыншықты бояуға 2 есе аз уақыт кетірді, ал содан кейін ойыншық 1 сағат 
пеште күйдірілді. Ойыншықты жасауға қанша уақыт кетті? 
Шешуі: 
1сағ =60мин 
Сұлба құрастырайық:
Есепті шығарған кезде білім алушылар карандашпен бос орынды толтырады. 
1)40:2=20(мин)-бояу 
2)40+20+60=120(мин) ойыншықты дайындау 
3)120 мин=2сағ. 
Жауабы: 2 сағ. 
№2 есеп. Сөреге көгілдір түсті 16 кесе қойылған, оюы бар кесе - 2 есе аз, 
шай қасық оюы бар кесе санынан 12-ге артық. Егер әр адамға бір кесе шай 
құйылып, бір қасық берілсе, бір мезетте қанша адам шай іше алады? 
Шешуі: 
1)16-2=14(оюы бар кесе)
2)14+12=26(қасық) 
3)16+14=30 (барлы0 кесе). 


191 
Жауабы: қасық саны 26, ал кесе 30 болғандықтан, ендеше 26 адам шай ішеді. 
№3 есеп. Медина мектептің асханасына ас ішуге келді, қалтасында 90 теңге 
бар. Асханада ас мәзірі ілініп тұр: 
Сорпалар 
Свекольник 
25 теңге 
Тауық сорпасы 
32 теңге 
Екінші тағам 
Тауық 
котлеті 
макаронмен 
55 теңге 
Көкөніс рагуы
40 теңге 
Палау 
58 теңге 
Сусындар 
Компот 
12 теңге 
Морс 
15 теңге 
Медина сатып ала алатын үш тағамнан тұратын асты таңда (сорпа, екінші тағам 
және сусын). Жауабыңда тағамның атауы мен астың бағасын жаз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет