«Функционалдық сауаттылық білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері


ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ



бет56/123
Дата03.12.2023
өлшемі1,08 Mb.
#133522
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   123
ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 
САУАТТЫЛЫҚТАРЫН АРТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ТРЕНДТЕР 
Жумабекова Г.С.
(«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» ММ, Маласары а., Май
ауданы, Павлодар облысы)
Аннотация: Физика сабақтарындағы функционалдық сауаттылықты
арттырудың өзң қолданатын трендтерімен бөліседі. Олардың қатарында: өзі
сабақта қолданатын конструкивистік технология жайлы, оқушылардың алған
білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқыту мақсатында
еңгізілген авторлық бағдарламасы. Және үшінші тренд – әлеуметтік желіні
пайдаланудың тиімді тұстары.
Кілтті сөздер: қолжетімді білім, білім берудегі трендтер, STEM,
Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру бүгінгі күнге
негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Әр пән мұғалімі бұл мәселені өзінше
шешуде. Физика сабақтарында функционалдық сауаттылықты арттыру мәселесі
қиындық тудырмайды, себебі барлық өтілген тақырыптар күнделікті өмірмен
байланыс табады.
Өз сабақтарымда функционалдық сауатылықты арттырудың негізгі үш
трендін бөліп аламын. Алдымен әрине педагогикалық технология, тәжірибемде
конструктивистік технологияны кеңінен пайдаланып келемін. Бұл әдіс арқылы
оқушылар өздеріне қажетті білімді құрастыра отырып, өажетіліктерін
қанағаттандырады. Екінші тренд бұл – оқушылардың қол еңбегін пайдалану
арқылы инженерлік бұйымдар дайындау. Осы жұмысты «Smаrt физика»
авторлық бағдарламасы арқылы ендіре бастап, бүгінгі күні сабақтарда кеңінен
пайдаланып келемін. Үшіншіден, оқушылармен бір толқында болу мақсатында
және осы жұмыстармен бөлісу мақсатында танымал әлеуметтік желілерді
пайдаланамын.
Конструктивизм – педагогикалық философия, оның негізгі идеясы білім
алушыға дайын түрде берілмейді. Оқушылардың білімін табысты өзіндік құру
және өзіндік өсуі үшін педагогикалық жағдай жасау ғана мүмкін.
Оқыту үрдісіндегі жобалау «Алынған теориялық білімді тереңдету және
кеңейту және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өнертапқыштық
қызығушылықтары мен бейімділіктерін дамыту құралы» ретінде анықталады.
Конструктивизм – бұл қазіргі кезде қаншалықты «шикі» болса да,
студенттің көзқарасын бірінші орынға қоятын және шындықтың өзінен гөрі
шындыққа қарай жылжу процесін жоғары бағалайтын педагогикалық
философия. «Ғылыми таным статикалық құбылыс емес, - деп жазды Ж.Пиаже
өз еңбектерінің бірінде, - бұл процесс, нақтырақ айтқанда, үздіксіз құрылыс пен
қайта құру процесі».
Бұл теорияның негізгі идеясы – оқытудың белсенді үдерісі, онда студент
өзінің бұрынғы білімінің негізінде жаңа идеялар мен концепцияларды



135
құрастырады. Оқушы ақпаратты таңдайды, гипотезаларды алға тартады және


когнитивтік құрылымдар негізінде шешім қабылдайды. Когнитивтік
құрылымдар (логикалық конструкциялар, ойлау эксперименттері) тәжірибені
меңгеруді қамтамасыз етеді және адамға «қолда бар ақпараттан тыс қадам
жасауға» мүмкіндік береді.
Конструктивистік принципке негізделген сабақ туралы пікірталас
ұйымдастыра бастаған алғашқы ғалымдардың бірі Konsruktivismus versus
Instruktivismus (нұсқаулардың орнына құрылыс) белгілі тұжырымын ұсынған
Д.Вольф болды. Американдық ғалым бұл концептуалды жұпты, ең алдымен,
білімнің жаратылыстану-математикалық өрісінен алған.
Тиісті әдістерді, оқыту формаларын, оқу қызметін бағалау құралдарын
таңдау.
Отандық ғалымдар атап көрсеткен сындарлы жұмыс түрін оқытуда
педагогикалық қызметтің ерекшеліктеріне назар аударған жөн:
1. Сындарлы әдістемені пайдаланатын мұғалім оқушылардың
проблемалық,
ғылыми-зерттеу
оқу-танымдық
іс-әрекетінің
кеңесшісі,
ұйымдастырушысы және үйлестірушісі қызметін атқарады. Оның рөлі –
оқушының өз бетімен психикалық әрекетіне жағдай жасау және оқушының
бастамасын қолдау. Сонымен бірге оқушы оқу үдерісіне толыққанды
«қатысушы» болып табылады, мұғаліммен процесс пен оқу нәтижелері үшін
жауапкершілікті бөліседі.
2. Сабақты жоспарлау барысында мұғалім оқушылардың жас және жеке
қызығушылықтарына сәйкес шет тілін үйренуге деген ынтасын негізге ала
отырып, нақты ортадан есептерді таңдайды. Оқыту процесін ұйымдастыру
ақпараттарды жинау, өңдеу, оқу іс-әрекетінің мақсаттары мен нәтижелерін
анықтау, критериалды бағалау және оқыту деңгейлері негізінде оқыту
нәтижелерін бағалау кезеңдерден өтеді.
3. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға басшылық ете отырып, мұғалім
әмбебап тәрбиелік әрекеттерді қалыптастыруға үлкен көңіл бөле отырып,
оқушыны өз бетінше ізденушілік әрекетке ынталандырады – жіктеу, болжау,
талдау, салыстыру, бағалау, жалпылау, модельдеу, гипотеза тұжырымдау, т.б. ,
- оқушылардың ақыл-ой әрекетінің дамуының негізін не құрайды.
4. Сабақтағы кейіпкер – оқушы. Оның көзқарасы жетекші болады. Ол өз
бетінше оқу мәселесін түсінуге және талдауға тырысады, өзі үшін түсініксіз
мәселелерді тұжырымдайды, сұрақтар қояды, жауаптарды тыңдайды, өз
көзқарасын қорғайды, сыныптастарының дәлелдерін тыңдайды және сонымен
бірге оның пікірінен өзгеше басқа пікірге төзімділікпен қарайды. Оқушы жаңа
білімді құруға белсенді қатысады. Мұғалімнің рөлі – мазмұнды талқылау
процесіне тарту; оқушылардың әртүрлі пікірлерін ескере отырып,
қорытындылау; оқушылардың ұстанымының маңыздылығын төмендетпей, өз
ұстанымын ашу.
5. Педагог қарсы пікірталастардың, даулы жағдайлардың, қарама-қарсы
көзқарастар қақтығыстарының, қарама-қайшылықтарды ашудың шебер
«арандатушы» болып табылады. Ол ғалымның зерттеушілік әрекетінің



136
құрылымына ұқсас зерттеу әдістері мен эвристика арқылы оқушылардың


«табиғи қызығуын» тудырады.Оқу-конструктивтік іс-әрекетті ұйымдастыру
процесінде жетекші рөлдің екпіні мұғалімнің білім берушісінен оқу процесін
сүйемелдейтін оқытушы-тәлімгерге (тәлімгер, тәжірибелі аға дос) ауысады.
Ғалым адамның сыртқы әлеммен әрекеттесуі күрделі құрылыс
процестерінің арқасында жүзеге асады деген ұстанымнан шықты.
Өткен дәуірлерге қарағанда біздің заманымыздың өзіне тән екі ерекшелігі
бар. Біріншіден, ғылым мен техника үлкен қарқынмен дамып келеді. Екіншіден,
ашылған ғылыми жаңалықтар адамзат игілігіне айналып, жедел түрде өнеркәсіп
пен тұрмысқа енгізіліп отыр. Осы тұрғыда мұндай бастамаларды неге
мектептен бастамасқа? Бұл сұрақтың жауабын іздей келе, жаратылыстану-
математикалық бағытта білім алатын 10-сынып оқушыларына лайықтап «Smart
физика» бағдарламасын әзірледім.
«Физика» пәні мектептің жоғарғы сатысында жаратылыстану-
математикалық бағытта оқытудың бағдарын анықтайтын көтеріңкі деңгейде
оқытылатын пәндер қатарына жатады. Күнделікті сабақтағы орындалатын
зертханалық жұмыстар оқушыларды аса қызықтырмайды. Еуропаның көптеген
елдері жаратылыстану – STEM саласындағы дағдылардың жетіспеушілігімен
бетпе-бет келіп отырғанда, үкімет білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар
жастарды өз карьерасын жасауды зерделеуге талпындыру үшін жаңа және
шығармашылық тәсілдерді іздестіруде. Бұл заман талабы.
SMART физика бағдарламасы осы STEM білім берудің алғашқы қадамы
деп атауға болады. Әр мектеп осындай зертханамен қамтылмаса да, осындай
бағдарламаларды ендіру арқылы, Stem зертханасына алғашқы қадамдарды
жасауға болады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырады,ғылымға,
инженерияға көзқарастарын кеңейтеді. Stem зертханасы 4 бағытта жұмыс
атқарады: инженерлік бағыт, бағдарламалау, робототехника, 3d модельдеу.
Бағдарламаның жаңашылдығы – осы бағыттардың біріншісі, инженерлік
бағытты іске асыруында. Демек, оқушылар физика, технология пәндерін
байланыстыра отырып, спираль бойынша білімдерін жетілдіріп, қандай да бір
механизмдерді жасайды. Робототехника элементтері де кіріктіріледі. Келесі
жылдары бағдарламалау мен 3d модельдеу қолға алынады.
Бағдарламаның өзектілігі – пәнді оқыта отырып, оқушылардың алған
білімдерін күнделікті тұрмыста пайдалану икемдерін қалыптастыру. Басқа
сөзбен айтқанда, функционалдық сауаттылықтарын арттыру. Ол үшін әр
сабақта өтілген материалды күнделікті өмірмен байланыстыра отырып,
қажеттіліктерін айқындап алған дұрыс. Сабақ барысында бұған үнемі қол жете
бермейді. Сол себепті қолданбалы курс бағдарламасының мақсатын:
қарапайым, қолжетімді практикалық тапсырмаларды орындау арқылы,
оқушылардың танымдық әрекеттерін дамыта отырып, пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру,- деп алдым. Осы мақсатқа жету үшін келесі
міндетер белгіленді:
-
Нарық жағдайындағы қарапайым құралдардың қызметіндегі физика
ғылымының маңыздылығын ашу;



137
-


Оқушылардың танымдық қабілеттерін практикалық тапсырмалар
арқылы дамыту;
-
Ұқыптылыққа және үнемділікке тәрбиелеу.
Конструктивистік технологияы пайдалана отырып белсенді контент
жасау үшін осы авторлық бағдарлама аясында оқушылардың қол еңбегін
көбірек пайдаландым. Физикалық білімнің техникада қолданылуын көрсететін
көптеген мысалдарды келтіруге болады. Олардың қатарында күнделікті
тұрмыста пайдаланып жүрген сан алуан электрлік, электрондық құралдар және
басқа да күрделі техникалар бар. Бағдарламаның ерекшелігі – осы курс аясында
оқушылар қарапайым заттардан өздері жасаған құралдарын күнделікті
тұрмысқа пайдалану мүмкіндігі (пластикалық бутылкалар, шприцтар, ойыншық
машинкалар, система шлангілері т.с.с.).
Жыл бойында оқушылар 8 жобалық жұмыс жасап, соңында жобалар
презентациясын мектеп қабырғасында, аудан, облыс көлеміндегі іс-шараларда
көрсетіп, әр түрлі деңгейлердегі сайыстар мен байқауларға қатысу мүмкіндігі
бар. Ең бастысы – оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуы.
Физика кабинетінде осы бұйымдарды жасауға арналған барлық құрал-
жабдықтар «Smart физика» зертханасында бар. Мұнда тек сабақ уақытында
ғана емес, басқа да бос уақыттарында келіп жұмыстарын жасай береді.
Сурет 3 – Smart физика зертханасы
Себебі 1 бұйымды толықтай жасап шығуға бірнеше сағат кетеді. Әрине,
барлығы берден шыға бермейді, бірақ осындай қарама-қайшылықтарда дұрыс
жолын табу мақсатында, оқушылар өздерінің білімдерін шыңдай түседі.
Массалар центрін табуды, оның маңызын жақсы түсінді.
Жасаған бұйымдарымен 10-сынып оқушылары аудандық ресурстық
орталық сабақтары уақытында ауданның басқа да оқушыларына шеберлік
сыныбын көрсетіп, таң қалдырды. Шеберлік сыныбында оқушылар экскаватор,
шаңсорғыш пен субұрқақ жасап үйренді.



138
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын байқаған мектебіміздің


түлегі осы жұмыстардың жалғасы болсын деп мектебімізге биыл,ы оқу
жылында Stem зертханасын сыйға тартты.
Практикалық тапсырмаларды орындау барысында пәнді терең, әрі нақты
түсінетіндігіне осы курс барысында көз жеткіздім.
Оқушылардың жұмыстары, сабақтағы қызықты сәттер, интеллектуалдық
ойындар танымал әлеуметік желілер арқылы таратылады. 2019, 2020 жылдары
Instagram.com желісін кеңінен пайдалансам, қазіргі уақытта TikTok әлеуметтік
желісін пайдаланып келеміз. Осы әлеуметтік желі шағын вайндар түсіруге өте
қолайлы, әрі қызықты. Оқушыларға қандай да бір тақырып соңында үйге
тапсырма ретінде қысқа вайн түсіру беріледі. Білім алушыларды түсірген
вайндары бойынша тақырыпты түсіну деңгейін бағалауға болады.
Осындай қарапайым үш тренд арқылы бұгінгі күні сабақтарда
оқушылардың функционалдық сауаттылытқарының даму деңгейін бағалап
келемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет