Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Мектептегі білім берудегі пәнаралық оқу интеграциясы (мектеп лигасының
әдістемелік тәжірибесінен) / ред. В. Ю. Пузыревский. - СПб., 2013. – 136 б.
2. Перминова Л. М. оқушылардың функционалдық сауаттылығы. Қазіргі сабақ
/ Л. М. Перминова. – М.: МИОО, 2009. -111 Б.
3. Пентин А.Ю., Ковалева Г. С., Давыдова Е. И., Смирнова Е. С. TIMSS және
PISA халықаралық зерттеулерінің нәтижелері бойынша Ресей мектебіндегі
жаратылыстану білімінің жағдайы // білім беру мәселелері. - 2018. - № 1.
4. Кузнецова Н. Е., Герус С. А.оқуды Алгоритмдеу және компьютерлендіру
негізінде жалпыланған дағдыларды қалыптастыру / н. е. Кузнецова, С. А.
Герус //мектептегі Химия. – 2002. – № 5.
5. Пентин А. Ю., шетелдік Н. А., Паршутина Л. А.жаратылыстану
сауаттылығының қалыптасуы мен диагностикасы: химиялық құрамы бар
111
пәнаралық кешенді тапсырмалар / А. ю. Пентин, Н. А. шетелдік, Л. А.
Паршутина //халықтық білім. – 2017. –№ 1–2 (1460). – Б. 136-143
6. Білім сапасын бағалау орталығы http://www.centeroko.ru (27.04.2020).
7. Пентин А. Ю. оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын
қалыптастыру міндетінен жаратылыстану-ғылыми пәндер мұғалімдерінің
қажетті құзыреттеріне / / үздіксіз педагогикалық білім беру.- 2012. - № 1. –
Б.158.
112
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ –САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ
КЕПІЛІ
Құралай Тукеновна Косыбаева,
Екібастұз қ. Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған
«Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебі.
Аннотация.Мақалада жаратылыстану пәндері бойынша функционалдық
сауаттылық қалыптастыру жолдары баяндалады.
Кілтті сөздер: функционалдық сауаттылық,оқушылар шығармашылығы,білім
сапасы, жаңартылған білім
Бүгінгі таңда әлемде болып жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық және
мәдени өзгерістер білім беру жүйесінде де өзіндік әсерін тигізіп отырғаны
белгілі. Қазақстанда жүргізіліп жатқан білім реформалары әлемдік білім
кеңістігімен ықпалдасуға бағытталған.
Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында «Функционалдық сауаттылықты арттыруды» Үкіметке
негізгі тапсырма етіп жүктеген болатын Бұл Ұлттық жоспар – білім сапасын
жетілдірудің негізгі бағдары. Жоспарда мақсат, міндеттер нақты қойылған,
ағымдағы жағдайды талдау, мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту тетіктері, білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен
жоспарларын жаңарту, оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын
жаңарту. [2]
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы
жылдары
ЮНЕСКО
құжаттарында
пайда
болды
және
кейіннен
зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен
алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы
адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану
тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық
сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық
қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал
ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым
танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15
жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық
бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып
табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін,
іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-
ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік
міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.[1]
113
ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды
қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай
үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай
ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті,
әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы
құзыреттіліктің сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру
деген түсіндірме берілген.Тұлға құзыреттілігін дамыту – ұстаздың құзыретті
тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект
ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын
жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру,
оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше
білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім
– бағыт беруші, ұйымдастырушы.
Бұл орайда жаңартылған білім беру мазмұнының алар орны бөлек.
Оқушылар алған білімін талдап, салыстырып, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп,
дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп
шығармашылық жұмыс жасау. Бұл жобаның тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану
арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізуге, пәнге деген қызығушылығы артып,
талдау жұмыстарын жүргізе білуге үйренеді. Оқушылардың сабаққа
қызығушылығын оятқан әдістер арқылы өз ойларын топта, ұжымда талдай
біледі.
Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ,
адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене
араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы, яғни
бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен,
функционалдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі
білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық
сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз
кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. яғни, жалпы білім беретін
мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани
тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру.
Функционалдық сауаттылықтың негізгі ерекшелігі –оқушы алған
теориялық алған білімін практикада,яғни түрлі өмірдегі жағдаяттарда қолдана
және пайдалана білу, іске асыру, тұрмыстық проблемаларды шешуге
бағаттай алуы.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін оқыту
методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңартудан басталды..Яғни мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жалпы білім беретін
орта мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС)
жаңартудан бастау алуға тиіс.Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған
білімін тәжірибелік жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде
пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:
басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті); ақпараттық (өз бетінше
ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы
114
танымдық қабілетін ұштау); коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын
(шет) ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау); әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір
сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті); тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде
қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған
кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);
азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең
меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын
түсінуі); технологиялық (әр азамат өз мамндығына қарай ақпараттық
технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты
пайдалануы). Білім алушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік
құзыреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс.
2017-18 оқу жылынан бастап мектебіміздің жұмыстық оқу жоспарына
«Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы » атты таңдамалы курс енгізілді, осы
курсқа арналып химия пәні мұғалімі Қ.Т.Қосыбаева мен биология пәні мұғалімі
А.Е.Мамынова авторлық бірлестігі нәтижесінде «Ғылыми жаратылыстану
сауаттылығы» тапсырмалар жинағы құрастырылды.
Мақсаты:Қоғам талабына сай білім беруде жаратылыстану пәндерінің
ғылыми - практикалық негіздерін меңгерту,жаратылыстану ғылымы бойынша
функционалдық сауаттылығын дамыту, яғни аталған ғылым бойынша
теориялық білімін өмірлік жағдаяттарда пайдалана білу,білімін қолдана алуға
машықтандыру. Мектепте оқу - тәрбие процесін дұрыс ұйымдастырудың
бірден - бір жолы - ғылым негіздерінен білім берумен қатар, сол білімді алуға
ынталылықты, яғни оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, өз бетінше
ізденуін арттыру. Әрбір мұғалімнің шығармашылық жұмысы белгілі бір
мақсатты көздейтіні сөзсіз. Оқушылардың танымдық қызығушылығын
арттырудағы негізгі мақсат - олардың шығармашылық қабілетін дамыту. Ал,
бұл мақсатқа жету оқытудың көптеген міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
«Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы» тапсырмалар жинағының мазмұнына
тоқталсақ, 5-6 сыныптар және 7-8 сыныптарға арналып, оқушылардың жас
ерекшеліктеріне байланысты жаңартылған білім беру принципі негізінде
«ортақ тақырыптар» бойынша құрастырылған.
І тарау. Қоршаған орта /география/
ІІ тарау.Құбылыстар /физика/
ІІІ. Тарау. Тірі ағзалар /биология/
ІУ. Тарау.Химия тұрмыста. /химия/
115
Мысал ретінде, екі тапсырманы қарастырайық:
Бірінші тапсырма :
Достарыңызбен бөлісу: |