5-сурет. Сараланған оқытудағы тапсырмалар мысалдары
Соңғы кездері педагогикалық теорияда әрбір оқушының ерекше мәнділігі мен оның оқу траекториясындагы дербестігін тануға негізделген «жеке түлғаға бағдарланған оқыту» ұғымы мақұлданды. Француз педагогы С.Френе, антропофилософияны құрушы Р.Штайнер, дамыта оқытудың классиктері В.В. Давыдов, Л.В. Занков өздерінің теорияларын қандай да бір дәрежеде жеке тұлғаға бағдарлап құрды. Авторлары Ш.А. Амонашвили, И.С.Якиманская, А.В.Хуторской, Е.С. Полат тәрізді ғалымдар болатын әртүрлі педагогикалық жүйелерден ортақ мәселелерді табуға болады.
А.В.Хуторской білім берудің жеке тұлғаға бағдарланған мәні кез келген оқыту технологиясына салынуы мүмкін деп көрсетеді. Мысалы, программалап оқыту немесе дистанциялық оқыту негізіне жеке тұлғаға бағдарлау алынуы мүмкін немесе алынбауы мүмкін. Жеке тұлғаға бағдарлау - кез келген типтегі немесе түрдегі оқытудың айырымдық белгілерінің бірі.
А.В. Хуторскойдың еңбегінде «оқытудың дербес траекториясы» ұғымы енгізіледі, ол - білім берудегі сәйкес іс-әрекет түрлерін жүзеге асыру арқылы оқушының жеке тұлғалық потенциалының жүзеге асырылу нәтижесі ретінде анықталады.
Мұнда оқыту оқушының дербес өзіндік жүзеге асырылуына және оқытылатын пәнді меңгеру барысында оның жеке тұлғалық сапаларын дамытуға бағытталган оқушы мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекеті ретінде түсініледі.
Мұғалімнің ролі білім, іскерлік және дағдыларды беруде ғана емес, оқушы өзінің жеке тұлғалық әл-ауқатына сүйене отырып, сәйкес оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқуды жүзеге асыратын сәйкес білім беру ортасын ұйымдастыруда болып табылады. Жеке тұлғаға бағдарланған білім беру жүйесінің орталығында оқушы болады. Сондықтан, педагогикалық процесс оқыту технологиясын мұқият өңдеуді талап етеді, ол әрбір оқушының ерекшілігі мен мүмкіндігін барынша ескеріп, оның мүмкіндікгерін ашуға және дамытуға жағдай жасайды.
Атақты кеңес-психологтары: Л.С.Выготский (баланың жақын арадағы даму зонасы теориясы), П.Я.Гальперин (ақыл-ой әрекетін сатылап қарастыру теориясы), А.А.Леонтьев (оқыту психологиясы) жэне т.б. оқыту мен дамытуда баланың дербес ерекшеліктерін ескеру қажеттілігіне шақырды.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының негізгі даму тенденцияларына талдауды Е.С. Полат жетекшілік жасаған авторлар тобы жүргізді. Мұнда жеке тұлғаға бағдарланған білім беру жағдайында мұғалімнің кәсіптік іскерлігі оқушылардың білімі мен іскерлігін бақылауға емес, яғни олардың іс-әрекетіне білікті әрекетімен дер кезінде көмек беру, таным мен білімдерін қолдануда байқалатын қиындықтарды жоюға емес, іс-әрекетті диагностикалауға бағытталуы тиіс, бұл мұғалім үшін дәстүрлі оқытуда айтарлықтай қиын жағдай. Бұл мұғалімнен жоғары деңгейдегі шеберлікті талап етеді.
Егер адам (оқушы, мұғалім) оның табиғи, жеке тұлғалық және дербес ерекшеліктері білім беру процесін жобалауда, жүзеге асыруда, диагностикалауда ескерілетін болса және оған әсер етуге қабілетті болса, онда ізгілікті жеке тұлғаға бағдарланған оқыту жөнінде әңгіме айтылады.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың басты мақсаттарының бірі бір мезгілде оқушыларда білім берудің дербес моделін дамыту болып табылады. Сондықтан әрбір оқушыға өзінің білім траекториясы бойынша барлық оқу пәндерін меңгеру мүмкіндігі ұсынылады.
Оқушы оқытудың дербес мақсатына, оқытылатын пәндерді өз еріктерімен іріктеу, оқу материалдарын тереңдету және басып озу, қарқынды, окытудың әдісі мен түрін таңдау құқығына ие болады.
Сөйтіп, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту жөнінде әдебиеттерде оқушының дербес білім алу іс-әрекетінің негізгі элементтерін ерекшелейді:
іс-әрекет мағынасы (неге мұны орындаймын?);
жеке мақсатты қою (таңқалдырарлық нәтиже);
іс-әрекет жоспары;
жоспарды жүзеге асыру;
рефлекция (өзінің іс-әрекетін түйсіну);
бағалау;
мақсатты түзету немесе қайта анықтау.
Оқытуды дербес траекториясы бойынша ұйымдастыру ерекше технологияны талап етеді. Қазіргі дидактикада бұл міндетті шешу үшін бір-біріне қарама-қайшы екі тәсіл ұсынылады, олардың әрқайсысы дербес тәсілдің болуын талап етеді. Бұл тәсілдер А.В. Хуторскойдің еңбегінде қарастырылған.
Бірінші тәсіл - саралап оқыту, оған сәйкес олар оқитын материалдың күрделілік дәрежесіне, бағыттылығына және басқа да параметрлеріне қарай әрбір оқушыға дербес тәсіл ұсынылады, - деп жазады автор. Бұл үшін оқушыларды типтеріне қарай - «физика», «гуманитарлық»; немесе оқыған деңгейіне қарай - қабілетті, орта, артта қалушы - деп топтарға бөлу қажет.
Екінші тәсіл, білім беру жолы әрбір оқушының ыңғайына қарай олардың оқитын саласына қатысты құрылуын ұсынады.
Бірінші тәсіл қазіргі мектептерде таралған, ал екінші тәсіл автордың уағыздауынша, өте сирек қолданылады. Дербес оқытудың мұндай тәсілі оқушының дербес қозғалысын ғана емес, сонымен бірге, әртүрлі оқыту моделін жасап, жүзеге асыруды талап етеді.
Сөйтіп, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту оқушының интеллектуалдық даму деңгейін, сол пән бойынша оның дайындығын, оқуға қабілетін ескеретін оқытудың дербес және сараланған тәсілін қарастырады.
Сөйтіп, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту оқушының интеллектуалдык даму деңгейін, сол пән бойынша оның дайындығын, оның оқуға қабілетін ескеретін оқытудың дербес және сараланған тәсілін қарастырады.
Сараланған оқыту - бұл берілетін білім мазмұнын, формасын, әдісін, қарқынын, көлемін іріктеудің көмегімен әрбір баланың білімді меңгеруі үшін ыңғайлы жағдай құратын оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру түрі. Бұдан олардың икемділігі, қызығушылығы байқалатын қабілеттері ескеріледі, бірақ оқушыларды жалпы білімдік дайындаудың базалық деңгейі төмендемейді.
Сөйтіп, дидактикада егер оқыту процесінде оқушылардың дербес айырмашылықтары ескерілетін болса, онда оқыту сараланған болып есептеледі. Басқа жағынан, дербес ерекшеліктерін ескеруді оқушының жеке тұлғалық негізгі қасиеттерін ескеру ретінде түсінуге болады. Е.С.Полат «Дөңгелек тұйықталса» жеке тұлғаға бағдарланған оқыту сараланған оқыту болып табылады деп атап көрсетеді.
Саралап оқытудың мақсаттарын қысқаша қарастырайық.
Әлеуметтік түрғыдан алғанда - қоғамның шығармашылық, интеллектуалдық, кәсіптік потенциалын қалыптастыруға белгілі бір мақсатпен әсер ету, қоғамның әрбір мүшесінің мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануға ұмтылу.
Психологиялық көзқарас тұрғысынан - «Оқушы-мұғалім» жүйесінде субъектілік қатынасқа көшу үшін қолайлы жағдайды құру, мүнда әрбір қатысушы екіншісінің дамуының шарты және құралы болып табылады. Бүл қатынастар негізінде олардың өзіндік дамуын қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының бірлескен өнімді іс-әрекеті жатыр.