Г. И. Бейсенова


Дистанциялық оқыту технологиясы



бет28/31
Дата21.11.2022
өлшемі274,67 Kb.
#51580
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
361817 (1)

Дистанциялық оқыту технологиясы
Білім беру жүйесін дамьпудың маңызды да, болашағы бар бағыты қазіргі педагогикалық, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген дистанциялық оқыту әдісін кеңінен енгізу болып табылады.
Компьютерлік телекоммуникациялар тиімді кері байланысты қамтамасыз етеді, ол әрі оқу материалын, әрі оқушылармен қарым-қатынасты (электрондық почта, телеконференция арқылы) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Қашықтықтан мұидай оқыту дистанциялық оқыту (ағылшынның distance education - қашықтықтан оқыту) деген атауға ие болды.
Дистанциялық білім беру жүйесі деп арнайы ақпараттық білім беру ортасының көмегімен ақпарат алмасу құралдарының қызметіне бағытталған кез келген қашықтықта халыққа ұсынылатын білім беру қызметін түсінеміз.
Оқытудың мұндай түрін құру идеясы ертеде - компьютерлік технологиялар кеңінен таралғанға дейін пайда болды. Қашықтан оқытудың тарихын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.
Әрбір кезеңнін сипаттамасы оқушылар мен мұғалімді байланыстыратын коммуникациялық база болып есептеледі. Бірінші кезеңнің коммуникациялық базасын Әдеттегі почта атқарды (сырттай оқыту), ол корреспонденция алмасу арқылы жүзеге асты. Радио, теледидар, аудио жэне бейне техникалардың таралуымен дистанциялық оқытудың екінші кезеңі анықталады. 1963 жьшы ағылшын Гарольд Вилсон «Эфирлік университет» құру идеясын ұсынды, ол теледидар мен радионың көмегімен барлық оқу орындарын біріктірді және сөйтіп, оқытушыны «үйге» әкелу жүзеге асырылды. Дистанциялық оқытудың бірінші және екінші кезеңдері оқытушы мен оқушылардың арасындағы асинхронды байланыспен сипатталады. Интерактивті коммуникациялық технологиялардың дамуы дистанциялық оқытудың үшінші буынының базасын қалыптастырды. Бұл кезеңде ақпарат алмасу негізінен синхронды болып табылды, яғни ақапарат алмасу шынайы уақыт режимінде жүзеге асты. Синхронды коммуникациялық технологияларды енгізу ары қарай ауқымды интернет компьютерлік желісінің дамуымен мүмкін болды.
Дистанциялық білім берудің педагогикалық-психологиялық негіздерінің жеке мәселелері: ұйымдастырушылык, әдістемелік, технологиялық аспектілері ғалым, мамандардың зерттеулерінде қарастырылды, олардың әрқайсысы өз кезегінде дистанциялық оқытудың идеясын педагогикалық практикаға енгізу, ғылыми зерттеулерді ұйымдастьфу мен үгіттеуге өз үлестерін қосты: А.А.Андреев, Д.М.Джусубалиева, А.А.Дуванов, В.А. Каймин, В. Г. Кинелев, Г.К.Нұрғалиева, Е.С. Полат, И.В. Роберт, В.ТТ. Тихомиров, А.В. Хуторской.
Көптеген зерттеушілер дистанциялық оқытудың үш моделін ерекшелейді. Дегенмен, олар барлық мүмкін болатын тәсілдерді көрсете алмайды, бірақ мүғалімнің оқытуды басқаруынан бірлесе басқаруға көшуді, ары қарай оқытуды оқушылардың өздері басқаруын сипаттайды. Әрбір модель тек пайдаланылатын оқыту технологияларымен ғана емес, сонымен бірге, басқару әдістерімен, мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесуімен ажыратылады.
Үлестірілген класс моделі әр жерде орналасқан бір класс, оқушылар тобына есептелген курсты интерактивті теллекоммуникациялық технологиялар кеңейткен жағдайда пайдаланылады. Мүның қарапайым мысалына дәстүрлі оқушылар мен дистанциялық оқушыларды біріктіретін аралас класты алуға болады.
Өз бетіндік оқыту моделі оқушыларды анықталған уақыт кестесі бойынша белгілі бір класс бөлмесінде отыру қажеттілігінен босатумен сипатталады. Оқушылар курсты сипаттайтын материалдар жинағымен (электрондық оқулықтар, оқытуға арналған ақпараттық материалдар) және нақты оқу бағдарламасы мен жұмыс істеу программасымен қамтамасыз етіледі.
Ашық оқыту моделі дистанциялық топтың ішінде оқушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру үшін оқушыға курсты интерактивті теллекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, өзіне қолайлы жылдамдықпен оқуға мүмкіндік беретін курстың баспа түріндегі жэне басқа да құралдарды (мысалы, бейне жазулар немесе электрондық оқулықтар) пайдаланылуын қамтиды.
Енді, виртуалдық кластағы оқытудың ерекшелігін қарастырайық. Виртуалдық кластағы сабақта әрбір оқушы сабақ кестесі мен программалық қамтамасыз етуді алдын-ала қабылдап алады. Көрсетілген уақытта ол өзінің аты-жөні мен парольді енгізе отырып, бейне конференцияға қосылады. Бұдан кейін экранда бейне ақпаратты шығару терезесі пайда болады. Бұл терезеден оқушы мүғаліммен сәлемдескен оқушыларды көреді. Мүғалім әрбір оқушыға экранда көрініп, топтағы жолдастарымен сәлемдесуге мүмкіндік береді. Одан кейін мүғалім тәжірбиені көрсетеді. Оқушы қалауы бойынша сабақтың бұл бөлігін сақтап қойып, онан кейін қайтадан толығырақ танысуына болады. Осыдан кейін мұғалім алдын-ала жіберілген қосымшаларды пайдалана отырып, экраннан оқу материалын түсіндіреді. Қажеттілігіне қарай, ол экранға аса маңызды мезеттерге оқушылардың назарын аудара отырып, өзінің түсіндірмесін жазады. Егер материалдың қандай да бір бөлігі оқушыға түсініксіз болса, онда ол бұл жөнінде мұғалімге хабарлама жіберуіне болады. Егер мұндай хабарламалар бірнеше оқушыдан түсетін болса, онда мұғалім талқылауды тоқтатып, түсініксіз материалдың бөлігін қайта түсіндіреді. Мұғалім материалды түсіндіріп болғаннан кейін программалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, оқушыларға әртүрлі деңгейді қамтитын өзіндік жұмыс орындауды тапсырады. Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін оны тексеру үшін мұғалімге жібереді. Мүғалім оны түсіндірмелермен толықтырып, класқа демонстрациялайды.
Екі жақты бейнеконференция режимімен оқытуда дәстүрлі класс атмосферасын құруға ұмтылыс жасалады. Оқушы да, мұғалім де оқуға арналған программалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Бір жұмыс станциясы оқыту барысын басқару үшін пайдаланылуы мүмкін, дәл осы сәтте қалғандары лидердің әрекетін қадағалайды. Бұл лидердің мұғалім болуы міндетті емес. Қандай да бір уақытта лидерлік оқушьшардың біріне берілуі мүмкін. Бұдан кейін оқушы оқыту процесінің барысын өзі бақылайды. Ал басқа қатысушылар оны тыңдап, өз экрандарынан көре алады. Лидер болып тұрған оқушы өзінің экранында жазып немесе сурет салса, онда бұл мэтін немесе сурет қалған басқа оқушылардың экранында да пайда болады. Станциядағы оқытуға арналған программалық құралдарды сабақ кезінде және сабақтан кейін де оқушылар пайдалана алады. Егер оқушы сұрақ қойғысы келсе, онда мұғалім нұсқаушыға сәйкес хабарлама жібереді. Бұл дәстүрлі кластағы оқушының қолын көтергеніне бара-бар. Мұғалім хабарды көргеннен кейін оған бірден жауап беруі немесе қолайлы уақытта жауап беруге ысырып қоюы мүмкін. Көрсеткіштің рөлін арнайы курсор атқарады, ол мұғалімге экрандағы аса маңызды объектіге оқушылардың назарын аударуға мүмкіндік береді. Мұндай көрсеткіштер - курсор оқушыларда да бар.
Зерттеушілер дистанциялық оқыту жағдайында мұғалімдердің өздері басқара алатын интерактивті оқуды құруына болатындығын атап көрсетеді, ол оқушылардьщ жиі қоятын сұрақтары және оқушыларға қиындық туғызатын ұғымдарға арналған көмекші материалдардан тұруы мүмкін. Өзіндік тексеруге арналған тест сұрақтарын әдістемелік құралға қосқан дұрыс, өйткені оқушылар өзінің білім алудағы қозғалысын бақылай алады.
Дистанциялық оқыту жаңа әдістемелік тәсілдер мен әдістерді талап етеді. Оған: материалды баяндау формасын таңдау, оны бөліктерге бөлу, тиімді есептер жүйесін іріктеу, үлкен көлемді тапсырмаларды тексеруді ұйымдастыру, оқу компьютерлік ойындарын, жарыстарын және т.б. жасау жатады. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану ағымдық бақылау мен тестілеудің көмегімен, білімді өзіндік бақылау және ақпаратты жедел тарату мәселелерін сапалы жаңаша шешуге мүмкіндік береді.
Дистанциялық оқу курстарын жасаудың дистанциялық оқыту дидактикасының ерекшеліктеріне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар, ол «виртуалдық оқушыдан» қандай арнайы білім мен іскерлікті талап етсе, «виртуалдық мұғалімнен» де дәл сондай іскерліктердің болуын талап етеді. Д.М.Жүсібалиеваның жұмысында дәстүрлі әдістермен қатар, ассоциативті әдіс, фальсификациялау әдісі, прецедент әдісі, компьютерлік моделдеу әдісі және т.б. тәрізді басқа да қосымша әдістер қарастырылған. Дистанциялық оқыту технологиясын құрылымдауда педагогикалық және жас өспірімдер психологиясының талаптарын ескеру қажет, ал гипермәтін, гипермедиа, мультимедиа түрінде берілген өз бетіндік тапсырмалар жүйесі оқушының өзіндік дамуына, өзінің әл-ауқатын жүзеге асыруына бағытталган дистанциялық оқытудың ішкі қозғаушы күші ретінде қала береді.
Сөйтіп, дистанциялық оқытудың негізі - курстың оқу материалдарының: әдебиеттер мен аудио, бейне кассетталардағы жазулар, компьютерлік программалар) тақырыптары бойынша арнайы іріктелген оқушылардың өзіндік жұмысы.




6-сурет. ДО жағдайында оқыту процесін басқару үлгісі

Білім беру процесінде оқытушы-консультант - тъютор айтарлықтай рөл атқарады. Тьютор - әдіскер, дистанциялық оқытудың белгілі бір оқу бағдарламасы шеңберінде оқушыларға ұйымдастырушылық және әдістемелік көмекті ұйымдастыратын оқытушы немесе консультант. Оқушылар сабақтың басына қарай барлық қажетті материалдарымен кейс алады: әдістемелік әдебиеттер, оқу құралдары, сондай-ақ, аудио, бейне кассеталар.
Дистанциялық білім берудің сипаттамалары:

  • қаланың шалғайда орналасқан орталық аудандары үшін теңдесі жоқ мүмкіндік;

  • курстың модульмен құрылуы;

  • аудиториядағы және оқытушылардың қажеттілігінің шамалылығына байланысты оқытуға жұмсалатын шығынның салыстырмалы түрде төмендігі;

  • жоғары жинақтылық;

  • оқушылардың бос уақытын барынша үнемдеуі.

Дистанциялық оқыту технологиясының элементтері А.А.Андреевтің жүмысында барынша толық қарастырылған. Оның зерттеулерінде дистанциялық білім берудің қазіргі және болашақ әдістері, құралдары мен түрлеріне талдау келтірілген. Талдаудың нәтижелері дистанциялық оқытудың дамуы үшін маңызды мәні бар, сондықтан оны толық қарастырайық.
Дистанциялық оқыту әдістері. Дистанциялық оқыту дәстүрлі оқыту тәрізді екенін зерттеулер көрсетті, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин жэне т.б. зерттеушілердің жұмыстарына сүйене отырып, бес жалпы дидактикалық оқыту әдісін ерекшелеуге болады: ақпараттық рецептивті, репродуктивті, проблемалық, зерттеу жэне эвристикалық.
Дистанциялық оқыту құралдары. Қазіргі және болашақ оқыту құралдары:

  • қағаз оқу басылымы;

  • желілік оқу басылымы;

  • электрондық оқу басылымы;

  • аудио оқу ақпараттық материалдары;

  • лабораториялық дистанциялық практикумдар;

  • қашықтан кіру мүмкіндігі бар жаттықтырушылар;

  • қашықтан кіру мүмкіндігі бар мәліметтер және білім қорлары;

  • сараптау оқыту жүйелерінің негізіндегі оқыту кұралдары;

  • виртуалдық шындық негізіндегі оқыту кұралдары.

Келтірілген тізімнен дистанциялық оқыту үшін айырымдық ерекшелігі бар, педагогикалық практикада бұл күндері өте аз пайдаланылатын құралдарға талдау жасайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет