Г. И. Бейсенова


Компьютерде әр типті деректерді ұсыну



бет53/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   111

Компьютерде әр типті деректерді ұсыну


Қарастырылатын сұрақтар:

    • Сандық ақпараттың ұсынылуы.

    • Символдық ақпараттың ұсынылуы.

    • Графикалық ақпараттың ұсынылуы.

    • Дыбыстың ұсынылуы.

Компьютер – ақпаратпен жұмыс жасауға арналған бағдарламалы-басқарылатын автоматты әмбебап құрылғы. Ақпаратттық процестердің үш негізгі типін: сақтауды, беруді және өңдеуді орындайтындығы компьютердің әмбебаптық қасиетін айқындайды. Қазіргі компьютерлер ақпараттың барлық – сандық, символдық, графикалық, дыбыстық формаларымен жұмыс жасайды. Өңдеу үшін компьютердің жадында сақталған ақпаратты деректер деп атайды.
Деректердің барлық түрін компьютердің жадында ұсыну үшін екілік алфавиті қолданылатыны жоғарыда айтылды. Әйтсе де, деректердің әр түріне тән екілік цифр тізбектер интерпретациясы болады. Мүнда деректердің компьютерде ішкі ұсынылуы туралы сөз қозғалатынын ескеру қажет. Сыртқы ұсыну адамға үйреншікті пішінде жүреді.
Сандық ақпараттың ұсынылуы. Тарихи компьютерде ең бірінші сандық типі деректер өңделген болатын, себебі бірінші ЭЕМ- лар тек математикалық есептеулер үшін қолданығаны белгілі. Джон фон Нейманның принциптеріне сәйкес, ЭЕМ есептеу екілік санау жүйесінде орындалады.
Компьютер жадысының негізгі құрылым бірліктері – бит, байт, машиналық сөз. Бит, байт ұғымы компьютердің моделіне тәуелсіз болса, машиналық сөздің өлшемі компьютердің процессорына байланысты болады. Егер машиналық сөз 4-байтты құраса, онда компьютердің процессоры 32-разрядтық, 8-байтты құраса 64- разрядтық болады.
Машиналық сөз биттер немесе байттар мен өлшенетін процессордың регистрлерінің разрядтылығына және/немесе деректер шинасының разрядтылығына (әдетте екінің кейбір дәрежесі) тең шама [21].
Компьютер жадында сандар – тиянақты нүктелі және жылжымалы нүктелі екі пішімде сақталады. Тиянақты нүктелі пішімде тек қана бүтін сандар, ал жылжымалы нүктелі пішіммен – нақты сандар (бүтін және бөлшек) ұсынылады.
Бүтін сандар. Көптеген бүтін сандардың, ЭЕМ-ң жадындағы ұсынымы шектеулі. Сан мәндерінің диапазоны, оны сақтау үшін қолданатын жадының ұяшықтарының өлшеміне байланысты. K– разрядтты ұяшықта 2k бүтін сандардың әртүрлі мәндері сақталуы мүмкін.

  1. -мысал. Бүтін сандарды ұсыну үшін компьютерде 16 – разрядты (2 байттық) ұяшық қолданылсын дейік. Сақталған сандардың диапазоны қандай екенін анықтайық, егер:

а) тек қана оң сандар қолданылса;
б) оң сандар және теріс сандар тең мөлшерде қолданылса.
Шешімі: 16 – разрядты ұяшықта барлығы 216 = 65536 әртүрлі мәндер сақталуы мүмкін. Демек:
а) мәндер дипазоны 0 ден 65535 дейін (0 ден 2k – 1 дейін);
б) мәндер дипазоны -32768 ден 32767 дейін (-2k-1 ден 2k-1 – 1 дейін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет