Г. И. Бейсенова



бет55/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   111
Графикалық ақпараттың ұсынылуы. Компьютерде бейнені ұсуну проблемасы екі – растырлық және векторлық тәсілдері арқылы шешіледі.
Растырлық тәсілде бейне бір түсті кішкентай элементтерге – бейнепиксельдерге бөлінеді, олар қосылғанда жалпы бір сурет пайда болады. Растрлық бейнеақпарат – кішкентай элементтердің түстері бойынша, рет-ретімен орналасуы.
Векторлық тәсілде кез келген бейне геометриялық элементтерге: түзу кесінділерге, эллипісті доғаларға, тік төртбұрыштың, шеңбардің фрагменттеріне және т.б. бөлінеді. Мұндай тәсілде бейнеақпарат – дисплей экранымен байланысты координаталар жүйесінде, аталған элементтердің математикалық сипаттамасы болады. Векторлық тәсіл сызбаны, схемаларды, штрихты суреттерді ұсынуға қолайлы. Векторлық тәсіл әмбебап екені өзінен өзі түсінікті, өйткені ол бейненің сипатына байланыссыз қолданыла береді. Қазіргі уақыттағы дербес компьютерде тек растрлық дисплейлер қолданылады.
Бейнеақпарат – компьютердің жадында сақталынған бейне туралы экранға жаңғыртылатын ақпарат. Бейнежады экранға бейнені жаңғырту уақытында, бейнеақпаратты сақтайтын жедел жады. Бейнежадыдағы ақпарат (бейнеақпарат экранның әр пикселінің түстері кодтарының жиыны. Яғни, бейнені көрсету түстерді кодтаумен байланысты. Дисплей экранында түрлі түстер алудың физикалық принципі негізгі үш түсті: қызыл, жасыл, көкті араластыруға негізделген. Демек, пиксель түсінің кодында әрбір негіздік түстің ашықтық үлесі (орысш. – интенсивность) туралы ақпарат болуы керек.
Оқушылардың назарын түстің коды мен негізгі түстер қоспасындағы құрамның байланысына аударған жөн. Егер үш түс құраушылардың барлығының ашықтығы бірдей болса, онда олардың қоспасынан 8 (23) әтүрлі түс алуға болады. Мына 3.1-кестеде үш биттік екілік кодымен 8-түсті палитраның кодталуы көрсетілген. Онда негіздік түстің болуы 1-мен, жоқтығы 0-мен белгіленген.
3.1-кесте. Сегіз түсті палитраның екілік коды



қ

ж

к

түс

0

0

0

қара

0

0

1

көк

0

1

0

жасыл

0

1

1

көгілдір

1

0

0

қызыл

1

0

1

қызғылт

1

1

0

қоңыр

1

1

1

ақ

Бұл тақырып бойынша оқушылар мынадай сұрақтарға жауап бере білуі керек:



  • Қандай түстерді араластыру арқылы қызғылт түсті алуға бо- лады?

  • Қоңыр түс қызыл және жасыл түстердің қоспасы екені белгілі. Қоңыр түстің коды қандай?

1-сұрақтың жауабы: кестеден қарап, қызғылт түстің коды – 101 екенін көреміз. Демек, қызыл және көк бояуларын араластырғанда қызғылт түс шығады.
Пиксельдің 4-разрядты кодталуын пайдаланғанда он алты түсті палитра алынылады: негіздік түстердің 3 битіне 1 бит ашықтығы қосылады. Бұл бит үш түстің ашықтығын бір мезгілде басқарады.
Мысалы, егер 8-түстік палитрада 100 кодымен қызыл түс белгіленген болса, онда 16-түстік палитрада: 0100 — қызыл, 1100 — ашық-қызыл түс; 0110 — қоңыр, 1110 — ашық-қоңыр (сары) болады.
Негіздік түстердің ашықтығын ажырата басқару арқылы аумақты түстер санын алуға болады. Егер негіздік түстердің әр қайсысын кодтау үшін бір биттен артық бөлінсе, онда түс ашықтығы екі деңгейден артық болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет