Г. И. Бейсенова



бет63/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   111
Дербес компьютердің (ДК) архитектурасы – оның негізгі бөліктерін: процессорды, жедел сақтау құрылғысын (ЖСҚ), бейнежүйені, диск жүйесін, сыртқы құрылғыларды және енгізу- шығару құрылғыларын қиыстыру (орысша компоновка) болып табылады..
IBM корпорациясы құрастырған дербес компьютердің ашық архитектурасы мыналардың:

  • жалпы жүйелік шинаның болуы, оған кеңейту қосқыштары (орысша разъем) арқылы қосымша құрылғылар қосылуын;

  • компьютердің модульді құрылуын;

  • барлық жаңа құрылғылардың және бағдарламалық құралдардың бұрынғы нұсқаларымен үйлесімділігін ұсынады.

Ашық архитектура принципі – бұл жалпы компьютерді және оның бөліктерін, жасап шығарған фирмаға тәуелсіз, өзара толығымен үйлесімді жаңа құрылғыларды қолданып әрқашан кемелдендіру мүмкіндігі. Бұл пайдаланушыға үлкен пайда береді, олар жаңа құрылғыларды сатып алып оны жүйелік (аналық) тақшаның бос қосқыштарына (слотына) қойып, өз компьютерлерінің мүмкіндіктерін кеңейте алады.
Дербес компьютердің модульді құрылуы – ақпарат алмасуы да магистральді (шиналық) принципке сүйенеді. Құрылғылар арасында ақпарат алмасу көп сымды ортақ байланыс ақпараттық магистралі

  • шиналар арқылы жүреді (3.3-сурет).

Мұндай құрылымды – магистральды-модульдік немесе ортақ шиналық архитектура деп аталады. Суретте дербес компьютерлерге тән ақпараттық өзара әрекеттестік принципі қарапайым түрде бейнеленген (ал күрделі схеманы [21,164-б.] қараңыз). Сыртқы құрылғылар магистральға контроллермен (үшбұрыштармен белгіленген) арқылы жалғанады.
Микропроцессор Ішкі жады
Ақпараттық магистраль (шина)




    1. -сурет. Дербес компьютердің архитектурасы

Оқушыларға 3.1-суретте бейнеленген ақпараттық өзара әрекеттестік принциптері ДК үшінде орындалатынын түсіндіру керек. Сонымен, 3.1-суреттегі және 3.3-суреттегі схемалар бірін-бірі толықтырады.
Дербес компьютерде процессордың рөлін микропроцессор (МК) орындайды. Микропроцессор ДК-ң негізгі құрылғысы оның миы. МК- ның мүмкіндігі компьютер мүмкіндігін анықтайды. Компьютердің жұмыс жылдамдығы процессордың негізгі екі сипаттамасы – ырғақ жиілігі және разрядтылығына тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет