Г. И. Бейсенова



бет59/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   111
ЭЕМ нің негізгі құрылғылары және бағдарламалық басқару принципі. Аталған тақырыптың басты ұғымдары: ЭЕМ архитектурасы, ЭЕМ жады (жедел, сыртқы); процессор; енгізу- шығару құрылғылары; бағдарламалық басқару.
ЭЕМ-ң «архитектурасы» ұғымының мәні туралы жоғарыда айтылды. Бұл үғымды оқушыларға ашу үшін ұқсастық (орысш. – аналогия) дидактикалық амалын қолдануға болады.
Компьютер бұл ақпаратпен жұмыс істейтін әмбебап машина. Ал табиғатта мұндай «биологиялық машина» адам болып табылады. Бұлай дейтініміз, адам ақпараттық үрдістің үш типін: ақпаратты сақтауды, ақпаратты өңдеуді және ақпаратты қабылдауды орындай алады.
Сол сияқты, компьютердің құрылғыларының құрамына бұл үрдістерді іске асыратын техникалық жабдықтар кіру керек. Олар: жады процессор, енгізу және шығару құрылғылары деп аталады (3.2- кесте).
3.2-кесте.



Қызметі

Адам

Компьютер

Ақпаратты сақтау

Ес

Жад құрылғысы

Ақпаратты өңдеу

Ойлау

Процессор

Ақпаратты қабылдау

Сезім мүшелері

Енгізу құрылғысы

Ақпаратпен алмасу

Сөз, қимыл жүйесі

Шығару құрылғысы

Компьютерде жадының ішкі және сырқы деп бөлінуін тағы да адаммен ұқсастырып түсіндіріледі. Ішкі жады – адамның өзінің (биологиялық) есі, сыртқы жады – ақпаратты жазатын алуан түрлі құралдар: қағаз, магниттік және т.б.
Компьютердің түрлі құрылғылары бір-бірімен ақпараттың алмасу каналдары арқылы байланысады. Сыртқы ортадан ақпарат компьютерге енгізу құрылғылары арқылы түсіп, ішкі жадыға барып сақталады. Егер оны ұзақ мерзім бойы сақтау қажет болса, онда ол ішкі жадыдан сыртқы жадыға жазылады. Ақпартты өңдеуді процессор, ішкі жадымен толассыз екіжақты байланыс арқылы іске асырады. Ішкі жадыдан берілген деректер шығарылады (оқылады), өңделген нәтиже қайта оған жазылады. Бұл сызба түрінде 3.1-суретте бейнеленген.



3.1-сурет. ЭЕМ-ң құрамы және құрылымы

    1. -суретке біраз түсінік беру қажет. Кейде ЭЕМ-ң кұрылымдық схемасын басқаша бейнелейді, енгізу құрылғысынан шығару құрылғысына бағытталған ақпараттық ағын, ішкі жадымен емес, процессормен байланысады. Шынында, енгізу, шығару және басқа да компьютерлердегі амалдар процессор регистрлерінің қатысуымен іске асады.

Процессор (CPU – cenral processung unit) – арифметикалық және логикалық амалдарды орындайтын, сонымен қатар, компьютердің барлық құрылғыларына басқарушы сигналдарды қалыптастыратын ең негізгі құрылғы.
Бұл схема шын мәнінде компьютерде ақпараттық алмасудың маршрутын емес, оның мақсатын (нәтижесін) бейнелейді. Нәтижесінде деректер жедел жадыға жазылады. Шығару құрылғыларына ақпарат жедел жадыдан шығарылады. Нәтижені тікелей сыртқы жадыға, ішкі жадыны айналып шығаруға болмайды, ол 3.1-суретте айқын көрінеді. Нақ осы тұжырымдарды, компьютердің жұмысын оқығанда оқушылар түсінуі тиіс.
Оқушылардың санасында басынан бастап компьютердің қалай жұмыс істейтінін қалыптастыру қажет. Кез келген есепті шығару үшін алғашқы деректерді және жұмыс бағдарламасын компьютерге түсінікті тілде хабарлау қажет. Ол компьютердің ішкі жадына, белгілі формада жазылып, кейін компьютер бағдарламаны орындауға кіріседі, яғни есепті шығарады. Компьютер бағдарламаның формалды орындаушысы болып табылады. Компьютерде кез келген: математикалық есепті шығару, шет тілден мәтінді аудару, экранға суретті шығару және т.б. жұмыстар тек бағдарлама бойынша іске асатынын ескерту қажет. Тақырыпты қорытындылай келе, компьютердің бағдарламалық басқару принципінің мәні мына үш тұжырымға тірелетінін айту қажет:

  1. кез келген жұмыс компьютерде бағдарлама бойынша орындалады;

  2. орындалатын бағдарлама ішкі жедел жадыда орналасады;

  3. бағдарлама автоматты түрде орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет