Г. И. Бейсенова



бет64/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   111
Процесссордың ырғақ жиілігі – процесссордың әрекет жылдамдығын көрсететін шама, яғни оның бір секунд аралығында орындайтын қарапайым амалдар саны. Бұл көрсеткіш процесссордың ең маңызды қасиеті болып табылады. Ырғақтық жиілік Мегагерцпен (Мгц), Гигагерпен (Ггц) өлшенеді. Дербес компьютердің жылдамдығының өлшем бірлігі 1 Мгц = 1 млн. герц/ сек.). (100Мгц – ол 1 секундта орындалатын амалдар саны, яғни 100 миллион қарапайым амалдар).
Процесссордың разрядтылығы процессордың бір ырғақта тұтастай өңдейтін немесе жіберетін екілік кодтардың максималды ұзындығы.
Мысалы: 32–разрядтты (бір машиналық сөз) немесе 64- разрядты (екі машиналық сөз) процессор бір ырғақта тұтастай, (машиналық сөздерге сәйкес) 4 немесе 8 байт ақпарат өңдейді.
Дербес компьютердің бейнежүйесі. Графикалық бейнелерді шығаратын негізгі құрылғы – дисплей. Дисплей жұмысын бейнконтроллер басқарады. Немесе оны бейнеадаптер, немесе ДК-де оны бейнекарта деп атайды.
Дисплей құрылымы жөнінде оқушылардың алатын ұғымдары:
экранның дискреттік (пиксельдік) құрылымы; пиксельдер сеткасы (растр), растрды электрондық сәулемен сканірлеу; сканірлеу жиілігі; түсті монитордың пиксельдің үш түсті құрылымы.
Бұл материалда кездесетін ұғымдар: электрондық сәуле, люминесценция, үш базалық түстің араласуы. Бұл ұғымдар оқушылар әлі танысып үлгермеген электроника және физикалық оптика курстарында оқытылады, сондықтан бұл сұрақтарда көп тоқталып, ұзақ түсіндірудің қажеті жоқ. Оқулықта келтірілген түсіндірулер жеткілікті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет