Г. И. Бейсенова


Шама ұғымын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



бет80/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   111
Байланысты:
357302 (2)


  1. Шама ұғымын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері


Қарастырылатын сұрақтар:

  • ЭЕМ – алгоритмді орындаушы;

  • «шама» ұғымы, шаманың сипаттамалары;

  • шамалармен орындалатын әрекеттер;

  • айнымалы және меншіктеу ұғымдары;

ЭЕМ алгоритмді орындаушы. ЭЕМ үшін кез келген бағдарламаны жасау алгоритм құрудан басталады. Оны компьютер және нақты бағдарламалау жүйесі (Бейсик, Паскаль және т.б.) орындайды. Бұл схема түрінде 5.2-суретте [42] бейнеленген.

ПАСКАЛЬ бағдарламалау жүйесі
Паскальдағы бағдарлама




    1. -сурет. Бағдарламалаушының компьютермен әректтестігі



Мұнда орындаушының енгізу тілі Паскаль бағдарламалау тілі болады. Бағдарламалау процесі үш кезеңге бөлінеді:

  1. есептің шығару алгоритмін құру;

  2. бағдарламалау тілінде бағдарлама құру;

  3. бағдарламаны жөндеу және тестілеу.

Шама ұғымының өзгешелігі, ұғымды ашудың әдістемелік проблемалары


Шама ұғымы, оның сипаттамасы. Компьютер ақпаратпен жұмыс жасайды. Компьютерлік бағдарламада өңделетін ақпаратты деректер деп атайды.
Шама жеке ақпараттық объект, жеке деректер бірлігі. Компьютерлік бағдарламадағы бұйрықтарды, шамалармен жасалатын әрекеттерді анықтайды.
Есептеу процесінде алынатын деректер, бағдарламау тұрғысынан қарастырғанда: алғашқы, нәтижелер (ақырғы деректер) және аралық деректер деп бөлінеді (5.3-сурет [42]).
Мысалы, ax2+bx+c=0 квадрат теңдеуді шешкенде: алғашқы
деректер – a, b, с коэффициенттері; нәтижелер – x1, x2 теңдеудің түбірлері; аралық деректер – D = b2- 4ас теңдеудің дискриминанты болады.




    1. -сурет. Деректердің деңгейлері

Оқушылар игеретін ең басты түсінік, ол мына тұжырым: кез келген шама ЭЕМ жадында өзінің белгілі орынын алады. Нәтижесінде оқушылардың санасында шаманы сақтайтын жады ұяшығының бейнесі бекітілуге тиіс. Шаманы сақтау орынын белгілеу үшін «жады ұяшығы» терминін қолданған жөн.
Кез келген шаманың үш негізгі сипаттамасы бар – атауы, мәні және типі. Машиналық бұйрықтар деңгейінде, кез келген шама – сонда сақталған жады ұяшығының адресімен теңестіріледі, ал мәні – осы ұяшықтағы екілік коды болады.
Алгоритмдерде және бағдарламалау тілдерінде шамалар тұрақты және айнымалы деп бөлінеді.
Тұрақты өзгермейтін шама, алгоритмде өзінің меншікті мәнімен (мысалы 10, 3.5, 'к', true және т.б.) немесе символикалық атымен (саны) ұсынылады. Тұрақты шаманың есімі, мәні және типі өзгермейді, олардың барлығы бір мезгілде анықталады.
Айнымалы шамалар – алгоритмнің орындалу барысында өз мәндерін өзгертеді және символдық атау – идентификатормен ұсынылады, мысалы, X, S2, COD15, Rez және т.б.
Әйтсе де, тұрақты болсын, не айнымалы болсын жадыдан орын ұяшықтар алады, ал олардың мәні осы ұяшықта екілік кодпен анықталатынын оқушылар білуге тиіс.
Деректердің типтері. Бағдарламалау үшін бұл ұғым іргелі болып табылады. Оқушылар деректер типі ұғымымен электрондық кестелерді оқығанда кезігуі мүмкін.
Әр бағдарламалау тілінде деректер типтерінің өз тұжырымдамасы, өзінің типтерінің жүйесі болады. Әйтсе де, кез келген тілге минималды қажет деректердің негізгі типтерінің жиыны кіреді. Оларға мыналар жатады: бүтін, нақты, логикалық және символдық. Шаманың типімен оның мына үш қасиеті байланысты: мәндердің мүмкін жиыны, амалдардың мүмкін жиыны, ішкі ұсыну пішіні (5.1-кесте).
5.1-кесте



Типі

Мәні

Амалдар

Ішкі ұсынымы

Бүтін

Кебір диапозондағы

Арифметикалық

Форматы тия-

бүтін оң және теріс

амалдар: +, -, х, бүтін

нақты нүктелі.

сандар.

бөлінді алу, қалдық

Мысалдар: 23, -12, 387

алу, қатынас амалдары

(<, >, = және т.б.).

Нақты

Кейбір диапозонда кез

Арифметикалық амал-

Форматы жыл-

келген (бүтін және

дар: +, -, *, / .

жымалы

бөлшек) сандар. Мы-

Қатынас амалдары

нүктелі

салдар: 2.5, -0.01, 45.0,

3, 6*109

Логикалық

TRUE(шындық),

Логикалық амалдар:

1 бит: 1-true;

FALSE(жалған)

және (and), немесе (or),

0-false.

жоқ (not). Қатынас

амалдары

Символдық

Компьютерлік алфа-



Қатынас амалдары

Символдық

виттің кез келген сим-

кодтау кесте

волы. Мысалы:

кодтары.

d’, ‘5’, ‘+’, ‘S’

1 символ - 1

байт

Шамалармен орындалатын әрекеттерді – алгоритм (бағдарлама) анықтайды және мына иерархиялық ұғымдарға негізделеді: амал өрнек бұйрық немесе оператор бұйрықтар жүйесі (5.4-сурет) [26, 42].
Амал – деректермен жасалатын ең қарапайым тұтас әрекет. Деректердің негізгі типтері үшін жасалатын амалдар 5.1-кестеде аталған.
Өрнек кейбір шаманы есептеу үшін алгоритмде (бағдарламада) амалдардың тізбегін анықтайтын жазба. Өрнектер – амалдарды және дөңгелек жақшаларды қолданып, әртүрлі типті тұрақтылардан, айнымалылардан, функциялардан құрастырылған жазба. Өрнектің есептелу реті жақшалармен және операндалардың үстемділігімен анықталады.


    1. -сурет. Шамалармен әрекеттерді орындау құралдары



Бұйрық – алгоритмнің жазбасына кіретін, орындаушыға кейбір тұтас әрекетті орындау нұсқамасы. Меншіктеу, енгізу, шығару қарапайым бұйрықтар, тармақталу және циклді құрама немесе құрылымды бұйрықтар деп атайды.
Бағдарламалау тілдерінде амалдардың, өрнектердің, бұйрықтардың жазылу ережелері қатал анықталған. Алгоритмдерді алгоритмдік тілде немесе блок-схемалар түрінде сипаттағанда синаксистік ережелерді ұстану міндетті емес. Мысалы, алгоритмдік тілде әр бұйрық жеке жолда жазылса, онда соңында нүктелі үтірді қоймаса да болады, немесе көбейту амалында математикалық: , бағдарламалық: * белгілері жазыла береді.
Әйтсе де, алгоритм ары қарай қолданылатын бағдарламалау тіліне бейімделген болуы қажет. Бейсик тілінде дәрежеге шығару амалы бар (жазылуы: Х^5), сондықтан алгоритмдік тілде х5 немесе х^5 түрінде жазуға болады. Ал, Паскаль тілінде дәрежеге шығару амалы болмағандықтан, алгоритмде ол амалды қолданудың қажеті жоқ, мына түрде: х*х*х*х*х жазуға болады. Әйтсе де, Паскаль тілінде дәрежеге шығару exp және ln: функциялары арқылы ұйымдастырылады: ху= eylnx exp(y*ln(x)).
Айнымалы және меншіктеу ұғымдары бағдарламалауда – түйінді ұғымдар болып табылады. Есептелу алгоритмінің орындалу процесі – тізбекпен айнымалы мәндерінің өзгеру процесі. Қорытындысында белгіленген айнымалылар ізделіген нәтижені алады.
Меншіктеу нәтижесінде айнымалы белгілі бір мәнді алады. 6.17-суретте ұсынылған ОБЖ-не кіретін бұйрықтардың ішінен – енгізу және меншіктеу бұйрықтары меншіктеуді орындайды.
Көбінесе меншіктеудің мәнін толық түсінбеудің салдарынан, оқушылардың бағдарламалауды толық игере алмайтынын, педагогикалық тәжрибе көрсетуде. Сондықтан мұғалімдерге осы мәселеге ерекше көңіл бөлу қажет. Меншіктеу бұйрығының түрі:
<айнымалы> := <өрнек>
Бұйрықтағы «:=» белгісін, «меншіктеу» – деп оқу қажет. Бұл нұсқау мына әрекеттер тәртібін белгілейді:

  1. өрнекті есептеу;

  2. шыққан нәтижені айнымалыға меншіктеу.

Меншіктеу бұйрығы оңнан солға қарай орындалады. Осыған оқушылардың назарын аудару қажет. Меншіктеу бұйрығын математикалық теңдікпен шатастыруға болмайды!
Әдетте, меншіктеуді және теңдікті бірдей санайтын оқушыларға, мынадай: Х:= Х+1 бұйрық мүлдем түсініксіз болып көрінеді. Мұндай математикалық теңдіктің болуы мүмкін емес!
Бұл бұйрықтың мәнін былай түсіндіру керек: айнымалы Х-ң мәніне 1 қосылады да, нәтижесі қайтадан осы Х айнымалысына меншіктеледі. Басқаша айтқанда, бұйрық Х айнымалысының мәнін бірге өсіреді. Мынадай жаттығуларды талдауға болады:
Мысалы: мына меншіктеу бұйрықтарының тізбегі орындалу нәтижесінде X айнымалысының ақырғы мәнін анықтайық. Әр бұйрықтың тұсына фигуралық жақша ішіне Х айнымалысына жаңадан меншіктелген нәтижені жазамыз:
Х:=2 {2}
Х:=Х*Х {4}
Х:= Х*Х*Х {64}
Бағдарламалауда енгізу ұғымы – деректерді кез келген сыртқы құрылғыдан жедел жадыға жіберу процесі деп түсініледі. Әйтсе де, бағдарламалаудың бастамасында деректерді жедел жадыға енгізу негізінен пернетақта арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда енгізуді компьютер адаммен бірлесіп жасайды. Енгізу бұйрығы бойынша, процессордың жұмысы үзіледі және пайдаланушының әрекетін тосады; пайдаланушы пернетақтада енгізілетін деректерді тереді, және пернесін басады; мәндер енгізілетін айнымалыларға меншіктеледі.
Оқыту әдістемесінде дидактикалық принциптердің ең бастысы көрнекілік екені белгілі. Әрбір оқылатын ұғым, оқушылардың санасында қалайда бір көзбен шолынатын бейнемен бекітілуі қажет.
Мысалы, екі санды қосу алгоритмінің орындалуын, оқушы мынадай түрде түсінуі керек (5.5-сурет [42]):


    1. -сурет. Есептеу алгоритмін компьютердің орындауы

Алгоритмді ізсалу (трассировка) тәсілімен жазбаша орындау бағдарламалауды түсінудің тиімді әдістемелік құралы болып табылады. Ол ізсалу кестесі арқылы жүзеге асады.
Шамалармен жұмыс жасау алгоритмдерін оқытудың әдістемелік мәселелерін талдауын, бағдарламалау аспектісінде қарастыратын боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет