Г. И. Бейсенова



бет76/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   111
Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпараттық модельдеу және электрондық кестелер

  2. Компьютерлік эксперимент.

  3. Үздіксіз процестерді дискреттендіру әдісі



Әдебиеттер:

  1. Бидайбеков Е.Ы., Лапчик М.П., Беркімбаев К.М., Сағымбаева А.Е. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесіне кіріспе: Оқу құралы. – Алматы, 2008. – 280 бет.

  2. Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. – Минск: Вышэйшая школа,1998.

  3. Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.

  4. Лапчик М.П. и др. Методика преподавания информатики. – М.: Академия, 2001. – 624 с.


Лекция №12. «Алгоритмдеу және программалау» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі


  1. Алгоритм ұғымын енгізу әдістемесі

  2. Шама ұғымын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

  3. Бағдарламалау тілін оқудың әдістемелік мәселелері

  4. Бағдарламалау жүйесін үйрену әдістемесі


Адам мен компьютер арасындағы тіл қатысу, хабар алысу әрекеттері тек алгоритм арқылы ғана іске асырылады. Сондықтан есептеуді меңгергісі келген адам, алдымен, алгоритм сөзі мен сол ұғымның мән, мағынасын терең білуі қажет.


Алгоритмдеу бағытының мазмұны мына түсініктер тізбегі арқылы анықталады: алгоритм, алгоритмнің қасиеттері, алгоритмді орындаушылар, орындаушының бұйрықтар жүйесі, алгоритмді формалды орындау, алгоритмді ұсыну формалары, негізгі алгоритмдік құрылымдар, шама ұғымы, көмекші алгоритмдер.
Мектеп информатикасында алгоритмдеуді оқытудың екі мақсаттық аспектісі бар:
біріншісі дамытушылық аспекті, оқушылардың алгоритмдік ойлауының дамуы;
екіншісі бағдарламалық, кәсіби бағытталған аспекті. ЭЕМ үшін бағдарлама құру, алгоритм құрудан басталады: бағдармалаушының ең маңызды кәсіби сапасы – логикалық- алгоритмдік ойлаудың дамуы.
Алгоритмдеу және бағдарламалау тармақтарына бөлінген, мазмұндық «Алгоритмдеу және бағдарламалау» бағытының негізгі ұғымдарының құрылымы 4-схемада ұсынылған (1-қосымша). Бұл тармақтардың «Шамалармен жұмыс жасау алгоритмдері» блогынан басталатын ортақ бөлігі бар. Атап айтқанда, схемада алгоритмдеуді және бағдарламалауды оқыту әдістемесінің тірегі – құрылымды бағдарламалау әдістемесі екені байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет