Г. И. Бейсенова



бет60/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   111
ЭЕМ жадысының формалары. Жады (ағылш. – memory) – деректерді және бағдарламаларды өңдеуге, сақтауға арналған ЭЕМ – нің негізгі функционалдық бөлігі. Жады негізгі ішкі және сыртқы деп екіге бөлінетіні жоғарыда айтылды. Жадының түріне қарай олардың қандай қасиеттерін оқушылар меңгерулері қажет? Екі типті қасиеттерін – физикалық және ақпаратты үйымдастыру принципі туралы сөз қозғалуға тиіс.
Ішкі жады. Ішкі жадының физикалық қасиеттеріне мыналар жатады:

    • электрондық элементтерден (микросхемалардан) құрылған, ақпаратты тек электр қорегі болғанда ғана сақтайтын жады; сол себепті оны энергияға тәуелді жады деп атайды;

    • бұл жедел жады, себебі оған ақпаратты енгізу (жазу) және шығару (оқу) уақыттары өте тез – микросекундттары құрайды;

    • сыртқы жадымен салыстырғанда көлемі шектеулі.

Энергияға тәуелді ішкі жадыны жедел жады немесе жедел сақтау құрылғысы (ЖСҚ, ағылш. – Random Access Memory) деп атайды.
Сол сияқты компьютерде ішкі жадының тағы да бір түрі – тұрақты есте сақтау құрылғы (ТСҚ, ағылш. – Read Only Memory) барын оқушыларға айта кеткен жөн. Зауытта жасалу кезінде ТСҚ-ның ішіне жүктеуші – BIOS (Basic Input Output System), CMOS Setup бағдарламалары және өзгертуге болмайтын әртүрлі тұрақтылар
«тігіледі». BIOS (аудармасы негіздік енгізу-шығары жүйесі) – онда операциялық жүйені, жадыны және ЭЕМ сыртқы құрылғыларды тестілеуді жіберуші өзгертілмейтін бағдарламалар жазылады
Сонымен, ТСҚ-дағы ақпарат мазмұны тұрақты, электр энергиясынан тәуелсіз, тек оқылуы мүмкін, ал жазу тек қана арнайы жағдайда жасалады. Әдетте оның көлемі ЖСҚ-дан әлдеқайда аз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет