Г. И. Бейсенова



бет67/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   111
Бағдарламалау жүйелердің қызметі. Алғашында бағдарламалау жүйелері туралы ұғымдарды жалпы түрде берген дұрыс. Оқушылар мына түсініктерді білуі керек:

    • компьютерге арналған бағдарламаларды бағдарламашы

(орысш. – программист) жасайды;

      • бағдарламашы бағдарламаларды бағдарламалау тілінде

жазады;

  • көптеген бағдарламалау тілдері бар (Бейсик, Qbasic, Visual Basic, Pascal, Turbo Pascal, Delphi, Сi+, Borland Ci++ және т.б);

    • бағдарламалау жүйелері бағдарламашыға компьютерге бағдарламаны енгізуге, өңдеуге, тестілеуге, орындауға мүмкіндік береді.

Оқушыларға қандай бағдарламалау тілдерімен танысатындарын айтып кетуге болады. Көбіне мектептерде Паскаль немесе Бейсик тілдері оқытылады.
Операциялық жүйенің негізгі қызметі. Оқушыларға жүйелік БҚ бағдарламалары, ең алдымен, компьютердің өзіне қызмету ету, оның құрылғыларын басқаруға арналғанын түсіндіру қажет.
Жүйелік бағдарламалар қамсыздандырудың ең маңызды және басты бөлігін– операциялық жүйе (ОЖ) құрайды. ОЖ – өте күрделі
бағдарламалық жүйе. Базалық курстың шеңберінде оның қызметін және құрамын жете түсіндіру мүмкін емес. Әйтсе де, жүйелік БҚ-сыз компьютер жұмыс жасай алмайтындығына оқушылардың көзін жеткізу - мұғалімнің міндеті.
Басында оқушыларға мектепте қолданылатын ОЖ атауын айту керек. Мысалы: «Біздің компьютерлер Windows XP операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс жасайды». Сөйлемді дәл осылай құру керек, сонда, компьютерлер операциялық жүйенің «...басқаруымен жұмыс жасайды» – дегенге ерекше көңіл аударылады. Одан соң «ОЖ басқарады» түсінігін былай ашуға болады:
Операциялық жүйе (ОЖ) – компьютердің ресурстарын басқаруды жүзеге асыратын, қолданбалы бағдарламаларды қосып, олардың жұмысын сыртқы құрылғылармен, басқа бағдарламалармен

үйлестіретін,

деректерді

қорғайтын,

пайдаланушы және

бағдарламаның

сұранысы

бойынша

сервистік қызметтерді

орындайтын бағдарламалар жиыны.
Операциялық жүйе компьютердің бағдарламалық жасақтамасының қажетті құрамасы болып табылады. Ол компьютердің барша аппараттық құрамдас бөліктерінің жұмысын басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен, тұжырымдай келе ОЖ компьютердің барлық аппараттық құрамдас бөліктерінің жұмыс жасауын, өзара байланысын қамтамасыз етеді және пайдаланушыға оның аппараттық ресурстарына қатынасуға мүмкіндік береді.
Кез келген операциялық жүйелердің, қай типі болмасын, үш негізгі қызмет атқарарады:

      1. компьютердің құрылғыларын басқару;

      2. пайдаланушымен әрекеттестік жасау;

      3. файлдармен жұмыс жасау.

ОЖ төрт модульді құрайтын бағдарламалардан тұрады:

  1. файлдық жүйені басқаратын, негіздік модуль;

  2. командалық процессор;

  3. сыртқы құрылғылардың драйверлері;

  4. графикалық интерфейсті қамтамасыз ететін модульдер.

Компьютердің жұмыс үрдісі, оның құрылғыларының арасында файлдарды алмастыруға түйінделеді, яғни файлдық жүйені басқару болып табылады. Файлдармен жұмысты негіздік модуль деп аталатын арнайы бағдарлама қолдайды.
Әр құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді. Пайдаланушы компьютермен пернетақта және тінтуірдің көмегімен тілдеседі. Әр перненің немесе тінтуірдің батырмасының басылуы процессорға қайсыбір бұйрық болып ұсынылады. Бұйрық енгізілген соң, арнайы бағдарлама – командалық процессор оның шифрын ашады және орындайды.
Сыртқы құрылғылар компьютердің жүйелік блогына арнайы келістіруші тақшалар (контроллер) арқылы қосылады. Әр құрылғы ерекше бағдарлама бойынша жұмыс істейді және ақпаратты әртүрлі жылдамдықта өңдейді, сондықтан олардың жұмысын процессордың жұмысымен үйлестіру қажет. Құрылғылардың келісушілік жұмысына ОЖ құрамына кіретін арнайы программалар – құрылғылардың драйверлері жауап береді.
Пайдаланушыға компьютермен тілдесу үрдісі ыңғайлы болуы қажет. Қазіргі ОЖ құрамына міндетті түрде, графикалық интерфейсті жасайтын модульдер кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет