Г. И. Бейсенова



бет91/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   111
Баспа режімі. Бұл режімде мәтін қағазға басылып шығарылды. Оқушыларға принтермен жұмыс жасау кезінде принтердің өзінің кішігірім буферлік жадысы бар екенін ескерте кету керек. Құжатты баспаға жібергенде алдымен принтердің буфері толтырылады, одан соң мәтін буферден қағазға жіберіледі. МР көмегімен принтердің жұмысы басқарылады: – басылатын беттердің диапазоны, көшірме саны, қағаздың бір бетіне мәтіннің екі бетін басу, кітап немесе альбом бағытына бейімдеу, т.б. параметрлерді қоюға болады.
Мәтіндік редакторлар файлға стандартты кеңейтулерді меншіктейді. Бұл Windows жүйесінің қосымшаларының бәріне тән. Мысалы, MS Word редакторында файлдар .DOC кеңейтімімен сақталады. Дискіде сақталған құжаттың мәтіні оның атын нұсқау арқылы ОТКРЫТЬ бұйрығының орындалуы бойынша қайтадан редактордың жұмыс аймағына шақырылады.
Сонымен, пайдаланушы МР мен жұмыс жасағанда мына негізгі
файлдық амалдарды орындау мүмкіндігі бар:

  • жаңа файлды жасау;

  • мәтінді файлда сақтау;

  • файлдан мәтінді жедел жадыға жүктеу;

  • файлды қағазға басып шығару.

МР бұйрықтар жүйесін – жұмыс режімдеріне байланысты мына топтарға бөлуге болады:

    • интерфейс бұйрықтары – мәзірге кіру және шығу, оның ішінен қажет пунктті таңдау;

    • МР жағдайын өзгерту бұйрықтары – редакциялау режімінде шрифтті, төменгі/жоғарғы регистрді таңдауға, енгізу/ауыстыру режіміне ауысуға және т.б. мүмкіндік беретін бұйрықтар;

    • мәтін бойы жылжу бұйрықтары – екі топқа бөлінеді: қадаммен жылжу (оңға, солға, жоғары, төмен стрелкалары); мәтін бойы тез жылжу (жолдың басына/аяғына, мәтіннің басына/аяғына, беттерді парақтау және т.б.);

    • символдарды редакциялау бұйрықтары – символды енгізу/жою, кіші әріпті үлкенге ауыстыру және т.б.;

    • үлгі бойынша іздеу бұйрықтары – нұсқалған символдар жиынынан тұратын (әріп, сөз, фраза) мәтіндегі орынды табу үшін қолданылады;

    • буферге көшіру, буферден алу бүйрықтары;

    • МР режімдерінің аясында қолданылатын жалпы бұйрықтар.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет