Қолданбалыбағдарламалыққұралдар. Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасауға арналған қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру қатарына – мәтіндік редакторларменмәтіндік процессорларжатады.
Мәтіндікредактор– мәтіндік файлдарды құру және өзгерту үшін, сонымен қатар, оларды экранда қарау, баспаға шығару, мәтіннің кесінділерін іздеу және т.б. арналған компьютерлік бағдарлама. Оған Windows жүйесінің стандартты қосымшасына кіретін «Блокнот» және Word Pad қарапайым мәтіндік редакторларын жатқызуға болады.
Мәтіндікпроцессорлар– бұл, графиктерді,формулаларды, кестелердіжәне көптеген басқа объектілердіенгізу мүмкіндігі бар, мәтінді пішімдеуқызметтері кеңейтілгенредакторлар.
Мұндай редакторларды мәтіндікпроцессорлардеп жиі атайды, олар, жеке хаттардан бастап ресми қағаздарға дейін, неше түрлі құжаттарды құру, жасау үшін арналған. Қазіргі кездегі ең кең тараған мәтіндік процессорлардың бірі MicrosoftWordболып табылады.
MicrosoftWord– Windows операциялық жүйесіне үйлестірілген, әртүрлі мәтіндік құжаттарды теру, түзету, графикалық объектілерді (суреттер, графиктер, формулалар, т.б.) қою, жөндеу мүмкіндігі мол, графикалық-объектілі, көп терезелі редакторлықпроцессор.
Word редакторының өте кең баспагерлік, типографиялық мүмкіндіктері, пайдаланушының жұмысын мамандандыруға ынталандырады. Оқушылардың ең бірінші игеретін қолданбалы бағдарламасының типі – мәтіндікредактор.
Орындауға жіберілген мәтіндік редактормен қоса, компьютерді мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасайтын мамандырылған орындаушы
деп айтуға болады:
Бұл орындаушы адамның (пайдаланушының) басқаруымен жұмыс жасайды. Бұл жүйемен жұмыс жасау барысында, адамның орындайтын барлық әрекеттерін (символдыенгізу,символдыжою,үзіндінібуфергежіберу,мәтіндіфайлдасақтаужәне т.б.) орындаушыныңбасқарубұйрықтарыдеп қарастырылады.
Сондықтан мәтіндік редакторды оқыту (басқа да ақпараттық технологиялардың қосымша құралдарын оқыту сияқты) әрбір орындаушыға тән дәстүрлі әдістемеліксхемаменжүргізіледі:
МРортасы.Сабақта нақты қандай мәтіндік редактор қарастырылмасын, оның бас терезесінің интерфейсі мына беснегізгіаймақтан тұратынына оқушылардың назарын аудару қажет: