Г. И. Бейсенова



бет88/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   111
тақырып жолы – стандартты жүйелік: «Свернуть» (жинау),

«Развернуть» (жазу), «Закрыть» (жабу) батырмаларынан тұрады;

  • мәзір жолы мәзірдің негізгі бұйрықтарынан тұрады. Барлық бұйрықтар иерархиялық болып келеді, яғни бұйрықтардың біреуі таңдалғанда, экранға оған бағынышты бұйрықтар тізімі төменге жазылып шығады. Сонымен қатар, көптеген амалдарды тездету үшін, мәнмәтіндік мәзір (орысш. – контекстное меню) қолданылады. Мәнмәтіндік мәзірді шақыру үшін объектіні белгілеп, тінтуірдің оң батырмасы немесе Shift+F10 пернелер тіркесі басылады. Мәнмәтіндік мәзірмен жұмыс жасау оқушылардың тұрақты дағдысына айналуға тиіс.

  • басқару тақталары бұйрықтарды тез орындау үшін біздің қолдануымызға ыңғайлы құралдарын ұсынады. Керек тақтаны экранға қою үшін: Вид Панели инструментов шыққан тізімнің ішінен керегін таңдап, мысалы, «Таблицы и границы» қасына қанатша қойса болғаны. Әдетте, экранда жиі қолданылатын «Стандартная»,

«Форматирование», «Рисование» тақталары тұрады.

  • терезенің жұмыс өрісі мәтін бейнеленетін экрандағы бос орын. Онда бір немесе бірнеше мәтіндік құжаттар ашық тұруы мүмкін. «Окно» бұйрығы арқылы құжаттан - құжатқа ауысуға болады.

  • жағдай жолы терезенің төменгі жағында орналасқан. Жағдай жолының сол жағында ағымды құжаттың жағдайы: ағымды беттің және бөлімнің нөмірлері; құжаттың басынан ағымды бетке дейінгі бет саны және беттердің жалпы саны; беттің жоғарғы шетінен меңзерге дейінгі қашықтық және жол саны сол жақ өрістен, меңзерге дейінгі символдар саны бейнеленеді. Сонымен қатар, жағдай жолында тап осы сәтте мәтіндік редактордың қай режімде екенін хабарлайтын индикаторлар бар.

Жұмыс режімдері. Мәтіндік редактордың, айқын бір жұмыс түрін орындауға бағытталып, нақты белгіленген жағдайын – оның режімі деп түсініледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет