Г. И. Бейсенова



бет96/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   111
Бір кестелік реляциялық ДҚ құрылымы. Реляциялық деректер қорының терминологиясында кестенің жолдары жазба, бағаналары өріс деп аталады. «Реляциялық ДҚ» атауының өзі ағылшын тілінің – relation сөзінен шыққан, аудармасы – «қатынас». Мұнда «қатынас» термині кестенің өрістерінің арасындағы өзара байланысы деп түсініледі.
Реляциялық деректер қоры қисынды байланысқан, кестелерде тұрған деректер жиыны (қор). Анықтамаларға ұқсаған, әр кестедегі ақпарат, тек қана бір объект туралы ғана болады. Ал кестелер арасында байланыстарды құру, кез келген кестелерден кез келген деректерді жеңіл шығару және қатынасу мүмкіндігін береді.
Оқушыларға материалды нақты мысалдар негізінде түсіндіру қажет. Мысал ретінде мұғалім әртүрлі кестелерді: «Ауа райы», «Сабақ үлгерімі», «Факультативтер», «Үй кітапханасы» т.с.с. көрнекілеп дайындауына болады. Деректер қорында әр кестенің өз атауы болатынын ескерту қажет.

  1. -мысал: «Кинотеатрдың апта репертуары» атты ДҚ құрылымын сипаттау керек. Құрылымды сипаттау деген – кестенің барлық өрістерін атау және әрбір өрісті сипаттау болады:




өрістің атауы

типі

ені

ондық бөлшектегі бөлшек бөлігінің саны

кинотеатр

символдық

15




фильм

символдық

25




уақыт

сандық

5

2

бағасы

сандық

5

2

Осы тақырып бойынша, оқушылардың біліктілігін қалыптастыруға қажет негізгі түсініктер:

    • кез келген кестеде қандайда бір нақты объект (үрдіс) туралы ақпарат болады, сондықтан ол ақпараттық модель болып табылады;

    • кестедегі кез келген жазба – берілген жүйенің нақты объектісі (құбылысы) туралы ақпарат;

    • әр жазбадағы өрістің мәні – объектінің айқындалған сипаттамасы (қасиеті, атрибуты).

Осы ұғымдарды бекіту үшін оқушыларға қойылатын сұрақтардың түрі мынадай болуы керек:
Сұрақ: «Сабақ үлгерімі» кестесінде қандай жүйе туралы ақпарат бар?
Жауап: Мектептің анықталған сыныбы туралы.
Сұрақ: Бұл кестенің әр жазбасында қандай объект туралы ақпарат бар?
Жауап: Нақты оқушы туралы ақпарат бар .
Сұрақ: Жазбадағы өрістердің мәндері нені белгілейді?
Жауап: Осы оқушының мектеп пәндері бойынша алған бағаларын белгілейді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет