Г. И. Бейсенова



бет104/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   111
Деректерді маршруттау. Деректерді маршруттаудың және тасудың бірыңғай принципі арқасында, желілердің желісінен тұратын, алып Интернет желісі дамып жұмыс жасауда.
Деректерді маршруттау компьютерлік желілер арасында ақпаратты беруді қамтамасыз етеді. Деректерді маршруттау принципін жай поштадағы ақпаратты беру ұқсастығы бойынша қарастырайық. Хатты тағайындалған жерге жеткізу үшін конвертте алушының (кімге) адресі және жіберушінің (кімнен) адресі жазылады.
Сол сияқты, желімен жіберілетін ақпарат «конвертке буылады», онда алушының және жіберуші компьютерлерінің Интернет-адрестері жазылады, мысалы: «Кімге: 198.78.213.185», «Кімнен: : 193.124.5.33». Компьютерлік тілде конверттің ішіндегісі Интернет-пакет деп аталады, ол байтар жиыны болып табылады.
Жай хаттарды жіберу үрдісінде олар алдымен ең жақын пошта бөліміне жеткізіледі, одан соң аралық пошта бөлімдері арқылы алушыға жақын пошта бөлімшесіне жіберіледі. Аралық пошта бөлімдерінде хаттар сұрыпталады, яғни адресі бойынша қай хатты қандай пошта бөліміне жіберу қажеттігі анықталады.
Интернет-пакеттерде, сол сияқты жіберушінің компьютеріне жету жолында, Интернеттегі көптеген аралық серверлер арқылы өтеді, оларда маршруттау амалдары орындалады. Соның нәтижесінде Интернет-пакеттер бір серверден екіншіге жіберіліп, бірте-бірте алушының компьютеріне жақындайды. Интернет-пакеттерді маршруттау жіберушінің компьютерінен алушының компьютеріне ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.
Интернет-пакеттерді жеткізу маршруттары әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан бірінші Интернет-пакет алушының компьютеріне ең соңғы ретте жетуі мүмкін.
Мысалы, Кімнен серверінен Кімге серверіне файлды жіберу үрдісінде бірінші Интернет-пакеттің маршруты Кімнен12 Кімге, екіншісі – КімненКімге және үшіншісі – Кімнен345
Кімге болуы мүмкін (6.7-сурет).1
2
Кімнен Кімге
5
3
4

    1. -сурет. Деректерді маршруттау және тасу

Ақпаратты алу жылдамдығы ақпараттың өту маршрутына (яғни, аралық серверлердің санына және байланыс желісінің өткізгіштік қабілетіне) байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет