Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет109/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   250
63-сурет .
Таспа құрттардың сколекстері: A 
Tetrarhynchus 
(Tetrarhynchidea отр.); Б - Hymenolepis (Cyclophyllidea отр.); 
В Diphyllobothrium (Pseudophyllidea отр.); Г Phyllobothrium 
(Tetraphyllidea отр.); 1 - сорғыштар, 2 - тіркелгіш шұңқырлар, 
3 - ілмешектер, 4 - ілмешектермен қаруланған ұзын тұмсығы, 
5 - тұмсық қапшығы
171


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
(ұрықтанған жұмырткаларға толы) буындар. Олар құрттың денесінен 
үзіліп нәжіспен бірге сыртқа шығарылып тұрады, ал үзілген буынның 
орнына келесі буындар жетіледі, себебі мойын бөлімінен үздіксіз жаңа 
буындар түзіліп, олар артқа қарай ығысып, пісіп жетіліп түрады.
Басы немесе сколекі домалақ, сүйір, жалпақ пішінді болып келеді. 
Басы қадалып, жабысатын мүшелерімен қаруланған, олар: бұлшық- 
еттері бар сорғыштар; ботридиялар ерекше үзын қысқыш аппараты; 
ботрия немесе сорып қадалатын саңылау; тіркелгіш шұңқырлар; 
ілмешектер; имекқармақшалар; тістер, т.б. (63-сурет).
Таспа құрттардың тері жабындысы трематодтар мен 
моногенеяларға ұқсас болады, тек тегументтің сыртқы ядросыз 
цитоплазмалық қабатының бетінде көптеген кірпікшелі өсінділері 
бар. Кірпікшелі өсінділер - микротрихиялар деп аталады, өтеұсақ, 
тек электронды микроскоп арқылы көрінеді, құрттың коректенуінде 
маңызды қызмет атқарады.
Базальды мембранасының астында бұлшықет талшықтарының 
шумағынан құрылған тері-бұлшықет қабы жатады. Оның ішінде 
сақина тәрізді және ұзына бойы созылған бұлшықеттер қабаты, 
сонымен қатар арқа-құрсақ (дорзо-вентральды) бұлшықеттері де 
орналасқан (64-сурет). Құрттар бұлшықеттерін жиырып қозға- 
лады.
Таспа құрттардың паренхимасында едәуір көлемде гликогеннің 
жиынтығы және шашыранды түрде орналасқан көмірқышқылды 
ізбест денешіктері болады. Гликогеннің болуы, құрттардың анаэроб- 
ты тыныс алатын жағдайда тіршілікке қажет энергияны бөлетіндігіне 
байланысты. Ал өте ұсақ ізбесті денешіктердің құрылысы және атқа- 
ратын қызметі толық анықталмаған, бірақ оларды экскретті (зат 
алмасу процесіндегі соңғы, организмге қажеті жоқ өнімдер) дене- 
шіктер деп қарастырып, буферлік жүйенің қызметін атқарып, құрт- 
тарды қышқыл ортаның зиянды әсерінен сақтайды деген болжамдар 
бар.
Таспа құрттардың тағы бір ерекшелігі ас қорыту жүйесі толы- 
ғымен жойылған. Иесінің ортаңғы ішегінде паразиттік тіршілік етуіне 
байланысты, қорытылған қоректік сұйық заттың ішінде батып 
жатады. Осы қорытылған қоректік затты паразиттер сыртқы ядросыз 
цитоплазмалық қабатының бетінде орналаскан көптеген кірпікшелі 
өсінділер - микротрихиялар арқылы сіңіреді.
Зәр ш ы ғару жүйесі 
протонефридиялы. Денесінің бүйірі 
жағынан ұзына бойына созылған екі негізгі зәр шығару түтіктері
172


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет