Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


L i g u l i d a e т ұ қ ы м д а с ы н а ж а т а т ы н л и г у л а н е м е с е б е л д і к қ ұ р т



Pdf көрінісі
бет117/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   250
L i g u l i d a e т ұ қ ы м д а с ы н а ж а т а т ы н л и г у л а н е м е с е б е л д і к қ ұ р т
( L i g u l a i n t e s t i n a l i s )
кұстардың және балықтардың паразиті болып 
келеді. Денесі сыртынан бунақталмаған, бірак ішкі мүшелері, жыныс 
жүйесі метамерлы қайталанып орналасқан, ұзындығы 1 м-ге дейін 
жетеді. Басында екі саңылауы ботриясы болады.
Лигуланың даму циклі дифиллоботриумнің дамуына ұқсас. 
Лигуланың ересек түрі су құстарының (шағала, қасқалдақ, қүтан) 
ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Үрықтанған жүмыртқалар иесінің 
ішегінен нәжіспен араласып суға түседі. Жұмырткадан денесі 
кірпікшелермен қапталған алты ілмекті үрық корацидий шығып, әрі 
қарай дамуы үшін аралық иесінің - циклоптың немесе диаптомус 
шаянның денесіне түсуі керек. Циклопка жүтылып ішегіне түскен
184


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
корацидий, кірпікшелерін тастап, ішектің қабырғасын тесіп, дене 
қуысына түседі де, процеркоид личинкасына айналады. Балықтар 
(тұқы тәрізділер) процеркоиды бар циклоптарды жұтқан кезде 
олардың ішегінде процеркоидтар босап, ішегін тесіп балықтың ішкі 
қуысына түсіп плероцеркоид личинкасына айналады. Плероцер- 
коидтың ұзындығы 60-80 см-ге дейін жетеді. Балықтар лигулез 
ауруымен ауырады. Қүстар плероцеркоиды бар балықтарды жұт- 
қанда өзіне жұқтырады. Олардың ішегінде плероцеркоид ересек 
құртқа айналып, зақымдай бастайды.
К а р и о ф и л и д е а о т р я д ы - C a r y o p h y l l i d e a
Бұл отрядтың негізгі өкілі Caryophyllaeus laticeps қалампыршы. 
Денесі буындалмаған, бір ғана жыныс жүйесі болады, сколексі 
дамымаған. Личинкасы 
процеркоид. Ересек формасы тұқы балық- 
тардың ішегінде, ал процеркоид личинкасы азқылтанды буылтық 
кұрттың қуысында тіршілік етеді.
Т е т р а ф и л и д е а о т р я д ы - T e t r a p h y ll id e a
Сколексі күшті дамыған, төрт күрделі келген ботридиялары қысқа 
сабақшаларда орналасқан. Денесінің ұзындығы 10-30 см. Ересек 
түрлері жайын балықтарының, қосмекенділердің, бауырымен 
жорғалаушылардың ішегінде тіршілік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет