Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет106/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   250
Зәр шығару жүйесі 
протонефридиялы, негізгі экскреторлы 
түтіктер денесінің алдыңғы бөлімінде екі зәр шығару саңылауларымен 
аяқталады.
Нерв жүйесі 
ортогон типті: ми ганглиясынан өзара көлденеғі 
сақина өсінділермен байланысқан, үш жұп ұзынабойы бағаналар 
басталады. Дененің алдыңғы бөлімінде бір-екі жұп инвертирленген 
көздері болғанның өзінде де, сезім мүшелері нашар дамыған.
Жыныс жүйесі 
- гермафродитті. Бір немесе көптеген аталық 
тұқым бездері мен жалғыз жұмыртқа безі болады. Сарыуыз бездері 
жақсы дамыған (62-сурет). Сперматозоидтар шағылысу нәтижесінде 
қынап арқылы оотипке түседі, ал жұмыртқа клеткалары оотипке 
үздіксіз түсіп тұрады. Құрттың алдыңғы үштен бір бөлігінде жыныс 
тесігі орналасады, оған жатынның соңғы бөлімі мен хитинді ине- 
ілмешектерімен қаруланған аталық шағылыс мүшесінің шеткі бөлімі 
ашылады.
Көбеюі және дамуы. 
Моногенетикалық сорғыштардың тіршілік 
циклі иесін және ұрпағын алмастырусыз өтеді. Кластың аталуы да 
осыдан. Мысал ретінде, тұқы /карп/ балықтардың паразиті - 
Dactylogyrus vastor-ды алайық. Бұл ұзындығы 1-3 мм, балықтардың
167


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
желбезектерінде тіршілік етіп, сол жерде қысқа аяқшасы бар жұмырт- 
қаларын салады. Жұмыртқада ұрық дамиды, дамыған соң жүмырт- 
қаны тастап, еркін жүзетін личинкаға айналады. Личинканың алдыңғы 
бөлімінде екі жұп көзшелері болады, денесі кірпікшелердің бірнеше 
кең буынды белдеуімен жабылған. Денесінің артқы жағында кейіннен 
бекіну мүшесіне айналатын эмбриональды ілмешектері болады. 
Осындай ілмешектері бар артқы бөлімді - церкомер деп атайды. 
Личинка сол бастапқы балықты немесе басқа особьты зақымдайды.
Моногенейдің басқа өкілі 
бақа көпезуінің Polystoma 
integerrimum-ның тіршілік циклі басқаша. Ол жыныстық жүйесі 
жетілген сатысында бақаның қуығында өмір сүреді. Көктемде 
бақалар суға шағылысуға түскенде, Polystoma-ның да жыныстық 
көбеюі басталады. Құрттар бақаның клоака тесігінен сыртқа шығып, 
суға ұрықтанған жұмыртқаларын салады. Жұмыртқадан он алты ұсақ 
ілмегі бар личинка шығады. Личинка итбалықтың желбезегіне 
бекігенше суда кірпікшелері арқылы еркін жүзіп жүреді, егер иесі 
табылмаса, личинка өледі. Бекінген соң кірпікшелі жамылғысы түседі, 
денесінің артқы бөлімінде екі ілмешегі дамып, сорғыштардың түзілуі 
басталады. Личинка ересек құртқа айналып, жұмыртқа салады. Жү- 
мырткалардан личинкалардың екінші ұрпағы шығады, сол кезде 
итбалықтың желбезектері жабылып бақаға айнала бастайды, ал 
полистома личинкалары өлмей, бақа денесінің сыртқы беті арқылы 
клоакаға миграция жасайды да сол жерден қуыққа өтіп, үш жылдан 
соң (бақамен қатар) жынысты сатыға жетеді. Polystoma-ның 
дамуындагы - паразиттің тіршілігі мен кезеңі иесінің тіршілігі және 
кезеңдерімен тығыз байланыстығы байқалады. Паразиттің бүкіл 
тіршілік циклінде эктопаразиттіктен эндопаразиттікке айналу 
жағдайлары байқалады.
Соңында тағы бір моногенетикалық соргыш 
Gyrodactylus 
туысына тоқталайық. Өкілдері тірі туатындығымен қызықты. Қүрт- 
тың жатынында партеногенетикалық жолмен жалғыз ұрық дамиды, 
осы ұрық туылғанға дейін келесі екінші, үшінші “жас ұрпақтың” 
ұрығы денесінде түзіледі, соңғысында одан да кіші төртінші 
ұрпақтың ұрығы пайда болады.
Моногенетикалық соргыштар 
гермафродиттер. Қос жыныс- 
тылықтың нәтижесінде олар өзін-өзі ұрықтандырып тұрады. Кейбір 
түрлерінде гермафродитті жыныс жүйесі болса да, оларда өзін-өзі 
ұрықтандыруды болдырмайтын әдейі бейімділіктері қалыптасқан. 
Бұндай бейімділігі бар құрт - Diplozoon paradoxum түқы балықтар-
168


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
11


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет