ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ТАСПА ҚҰРТТАР КЛАСЫ - CESTODA
Таспа құрттар класының өкілдері сорғыштар мен моноге-
нетикалық құрттарға қарағанда паразиттік тіршілікке толығырақ
бейімделген. Бұлар тек қана эндопаразиттік өмір сүреді, жұмыртқа-
лары өте аз уақыт сыртқы ортада бола алады, ересек кезінде әр түрлі
омыртқалы жануарлардың, адамның ішегінде тіршілік етсе,
личинкалары омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ішкі
мүшелерінде және дене қуысында тіршілік етеді. Түрлері 3000-нан
астам. Таспа құрттар жұқтыратын ауруларды пестодоз деп атайды.
Құрылысы мен физиологиясы.
Денесі БарЫнша созылыңқы,
арқа-құрсақ бағытында жалпайып келген, лента тәрізді, ұзындығы 1
мм-ден 10-15 м-ге дейін. Көбіне денелері проглоттидтер деп ата-
латын жеке буындардан тұрады, ал проглоттидтердің тізбегі строби
ла делінеді. Кейбір түрлерінің денесі тұтас бөлінбеген. Денесінің
алдыңғы ұшында сколекс (scolex) деп аталатын басы болады, одан
бөлшектенбеген мойыны және бір қатар буындар (проглоттидтер)
тіркесіп созылып жатады. Олардың саны 2-4-тен бірнеше мыңға
жетеді. Буындардың немесе проглоттидтердің пішіні мойынынан
қашықтаған сайын өзгере береді. Алдыңғы буындары қысқа,
гермафродитті немесе пісіп жетілмеген буындар деп аталады, артқы
жағындағы буындары ұзынырақ, жалпақтау
пісіп жетілген
Достарыңызбен бөлісу: