Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


l-cypem. Жануарлар макросистемасының схемасы 21



Pdf көрінісі
бет11/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   250
l-cypem.
Жануарлар макросистемасының схемасы
21


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
мүшелері, тканьдері, нерв клеткалары болмайды. Бұл топқа губкалар 
Spongia типі жатады. Үшінші бөлім үсті нағыз көп клеткалылар 
Eumetazoa. Денелері екі немесе үш қабаттан тұрады, мүшелері, 
тканьдері, нерв клеткалары, нерв жүйесі жақсы дамыған. Eumetazoa 
тобындағы жануарлар мүшелерінің белгілі тәртіпте орналасуына 
немесе дене симметриясына байланысты екі үлкен бөлімге бөлінеді: 
сәулелі (радиальды) Radiata және екі жақты немесе билатеральды 
симметриялы жануарлар Bilaterata.
Сәулелілердің (Radiata) денелері шар, қапшық, циллиндр тәрізді. 
Жануарлардың отырып тіршілік етуіне және қоршап тұрған ортаның 
жан-жағынан бір қалыпты эсер етуіне байланысты мүшелері бір 
орталық төңірегіңде радиальды бағытта орналасады, сөйтіп дененің 
сәулелі, немесе радиальды симметриясын құрайды. Сәулелі сим­
метриялы жануарлардың денесі екі қабаттан тұрады: сыртқы экто- 
дермадан, ішкі 
энтодермадан. Осы белгісіне орай олар екі 
қабаттылар - Diploblastica тобына жатады. Сәулелілерге Ішекқуыс- 
тылар Coelenterata және Ескектілер Ctenophora типтері жатады.
Билатеральды симметрия (Bilaterata) немесе екі жақты симметрия 
жануарлардың үнемі алға қарай жорғалап, жылжып жүруіне 
байланысты пайда болады. Осындай жануарлардың денесінен тек 
жалғыз сызықты өткізуге болады, сонда дене бір-біріне ұқсас оң және 
сол жартыға бөлінеді. Екі жақты симметриялы жануарлардың 
денесінде арқа (дорза), бауыр (вентра), алдынғы және артқы жағы 
белгіленіп тұрады. Дененің алдыңғы бөлімінде ми және сезім 
мүшелері орналасады. Билатеральды симметриялы жануарлар үш 
қабатты 
Triploblastica жануарлар тобын құрайды. Бұлардың 
эмбриональдық даму кезінде үш ұрық жапырақшалары пайда болады: 
эктодерма - сыртқы ұрық жапырақшасы, энтодерма - ішкі және 
мезодерма аралық. Осы жапырақшалардан мүшелер дамып жетіледі: 
эктодерма қабатынан тері эпителиі, нерв жүйесі, сезім мүшелері т. 
б.; энтодерма қабатынан ас қорыту бөлімі 
ортаңғы ішек, ал 
мезодермадан қалған мүшелері дамиды.
Целом қуыстарының бар болуына немесе жоқ болуына байла­
нысты, билатеральды симметриялы, үш қабатты жануарлар, 
қуыссыздар немесе бірінші қуыстылар 
Acoelomata және целом 
қуыстыларға 
Coelomatara бөлінеді. Acoelomata тобына төменгі 
сатыдағы құрттардың төрт типі жатады: Plathelminthes, Nemertini, 
Nemathelminthes, Acanthocephales, ал Coelomata тобына қалған 
типтердің барлығы жатады.
22


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Ең соңында, билатеральды симметриялы жануарларды Bilaterata- 
ны екі үлкен топқа бөледі: алғашқы немесе бірінші реттік 
ауыздыларға 
Protostomia және екінші реттік ауыздыларға - 
Deuterostomia. Алғашқы реттік ауыздылардың даму кезінде ұрықтың 
бластопора тесігі бірден ауызға айналады және мезодерма қабаты 
телобластық жолымен дамиды (эктодерма және энтодерма 
аралығында бластопора жанында екі ірі телобласт клеткаларынан 
мезодерма қабаты дамиды). Алғашқы реттік ауыздыларға: жалпақ 
құрттар (Plathelminthes), жұмыр құрттар (Nemathelminthes), 
немертиндер (Nemertini), скребнилер (Acanthocephales) буылтық 
құрттар (Annelida), буынаяқтылар (Arthropoda), онихофоралар 
(Опусһорһога) және моллюскалар (Mollusca) типтері жатады.
Екінші реттік ауыздылардың даму кезінде ұрықтың бластопора 
тесігі бірден аналь тесігіне айналады да, ауызы кейін пайда болады 
(ауызының пайда болуы гастропораға байланысты емес) және 
мезодерма энтероцельдік жолымен дамиды (мезодерманың бастамасы 
энтодерма қабатынан оқшауланып шығады). Екінші реттік 
ауыздыларға: тікентерілілер (Echinodermata), жартылай хордалылар 
(Hemichordata), хордалылар (Chordata) типтері жатады. Қар- 
малауыштылар (Tentaculata), погонофоралар (Pogonophora) және 
қылтанжақтылар (Chaetognatha) типтерінің эмбриологиялык даму 
жолдары Deuterostomia-ларға ұқсас болғандықтан, оларды шартты 
түрде ғана Deuterostomia-ларға жатқызып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет