Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Құрылысы мен физиологиясы



Pdf көрінісі
бет126/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   250
Құрылысы мен физиологиясы. 
Н е м а т о д т а р д ы ң д е н е м ө л ш е р і
м е н ф о р м а с ы ( п іш ін і) э в о л ю ц и я б а р ы с ы н д а т ү р л і т ір ш іл ік о р т а л а р ы н а
б е й і м д е л у н ә т и ж е с і н д е ( б е н т о с қ а б а т ы н д а с ы р ғ у ғ а , с у д а ж ү з у г е ,
т о п ы р а қ а р а с ы н а е н у г е ) қ а л ы п т а с қ а н .
Грек тілінде “nematos” жіп деген мағынаны білдіреді. Бұлардың 
денесі жіп тәрізді созылыңқы, цилиндр немесе үршық тәрізді болып. 
ұштарына қарай сүйірлене түседі.
196


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Еркін тіршілік ететін нематодтар ұсақ, ұзындығы 1 миллиметрге 
әзер жетеді, ал паразит түрлері әжептәуір ұзын болады. Мысалы, 
жылқы аскаридасының (Parascaris eguorum) ұзындығы 37 см, 
Placentonema gigantissima-ның 8 метр. Денесінің алдыңғы үшында 
ауызы, артқысында аналь тесігі орналасқан және денесін бойлай төрт 
жолақ (екеуі бүйірінен, екеуі арқа және құрсақ бөлімдерінің 
ортасынан) таралымдар өтеді.
Нематодтардың денесі сыртынан қалың кутикула қабатымен 
қапталған. Кутикула (латынша “cuticula” 
қабықша) клеткалық 
құрылысы жоқ, эпителий клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша. 
Құрамындағы белок пен минералды заттар және сақиналы әрі ұзын- 
ша келген таралымдары оған механикалык беріктік береді де, оны 
созылғыш етеді. Кутикула сомалық (дене) бұлшықеттерге тірек бола 
тұрып нематоданың өзіндік сыртқы қаңкасын кұрайды да, денені 
механикалық жарақаттанудан, улы заттардың әсерінен сақтап, қор- 
ғайды.
Кутикуланың астында орналасқан гиподерма қабаты клеткалы 
не синцитиялы (клеткалардың косылуынан туған плазмалық қатар) 
құрылысты болып келеді. Денесінен өтетін төрт таралымына (сызы- 
ғына) байланысты гиподерма ішке қарай төрт ойық (білеу) құрайды.
Гиподерманың астында бір қабаттан тұратын үзына бойы бұл- 
шыкеттері жатады. Олар тұтас қабат құрмай гиподерманың төрт 
ойығына сәйкес торт таспа (лента) тәрізді жіктеліп, бөлініп жатады: 
екеуі бүйір, екеуі арқа кұрсақ бөлімінде.
Нематодтардың денесі арқа құрсақ бұлшықеттерінің қарама- 
қарсы кезектесе жиырылып серпілуінің нәтижесінде дорзо-вентраль- 
ды бағытта ғана иіле алады және құрт оң немесе сол жақ бүйірімен 
қозғалады.
Әрбір бұлшықет клеткасы ұзын ұршық тәрізді болып, жиырыл- 
ғыш және цитоплазмалық аймақтан, сонымен катар нерв багана- 
ларына бағытталған плазмалық өсінділерден тұрады (74-сурет). 
Бұлшықет клеткасының жиырылғыш аймағында миофибрилдер, ал 
цитоплазмалық аймақта ядро, митохондриялар, гликоген гранула- 
лары, тірек талшықтары, басқа да органеллалары орналасқан. Плаз- 
малык немесе иннервациялық өсінділері орталық нерв жүйесінің 
козу толқынын (импульсін) қабылдап, бір бұлшықеттен екіншіге 
өткізеді. Сонымен нематодтардың бұлшықет клеткасы жиырылғыш 
қызметінен басқа, козуды өткізу қызметін де атқарады.
197


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет