Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 75-cypem



Pdf көрінісі
бет128/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   250
199


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
75-cypem.
Нематодтардың ауыз қуысы мен жұтқыншақтың құрылысы:
A - Mesorhabditis spiculigera; 1 - ауыз қуысы, 2 - өңеш қабығы, 3 - өңеш,
4 - ортаңғы (метакорпальды) бульбус, 5 - мойнақ (истмус), 6 - нерв сақинасы,
7 - артқы (кардиальды) бульбус үккіш аппаратымен, 8 - ортаңғы ішек;
Б - Ditylenchus sp.; 1 - стилет, 2 - өңеш, 3 - ортаңғы бульбус, 4 - мойнақ,
5 - без жолы, 6 - нерв сақинасы, 7 - өңеш безі, 8 - ортаңғы ішек; В -Mononchus sp.;
1 - ауыз қуысы, 2 - нерв сақинасы, 3 - өңеш, 4 - ортаңғы ішек; Г - Hoplolaimus 
tylenchiforum; 1 - стилеттің ұшы, 2 - стилет, 3 - стилеттің домалақ бөлігі, 4 - бұлшықет 
(протрактор), 5 - өңеш; Д - Ancylostoma caninum-ның ауыз қуысы; 1 - тістері, 2 - өңеш
ланысты әр түрлі деңгейде редукцияға (кері өзгеріске) ұшыраған. 
Мысалы, филяриялардың (Filaria) артқы ішегі түйықталып, аналь 
тесігі болмайды, трихинеллаларда өңеш үлкен клеткалар жиынтығы 
түрінде дамыған, ал мермитидаларда өңеш жойылған.
Еркін тіршілік ететін нематодтар ұсақ организмдермен, паразитті 
нематодтар өз иесінің сөлімен, тканімен, ал кейбіреулері иесінің 
қанымен қоректенеді.
Сондай-ақ кейбір фитонематодтарда ішектен тыс ас қорыту 
процесі байқалады. Стилеттің көмегімен құрт өсімдік тканіне ас
200


ОМЫР ТҚА СЫЗДА Р ЗООЛОГИЯСЫ
қорыту безінің ферментін бүркеді, сондықтан ас қорытудың алғашқы 
кезеңі организмнен тыс жерде өтеді. Жартылай қорытылған қоректік 
заттар нематода ішегіне стилет арқылы түседі.
Зәр шығару жүйесі. 
Нематодтарда кірпікшелерінің жойылып 
кетуіне байланысты протонефридиялы зәр шығару жүйесі де 
жойылып, зәр шығару қызметін мойын безі (ренетта) деп аталатын 
бір клеткалы тері (гиподермальды) бездері және фагоцитарлы 
клеткалар атқарады.
Мойын бездері екі типті болады: шомбал және тармақталған. Еркін 
тіршілік ететін нематодтардың мойын безі шомбал типті, түтікшесі 
қысқа. Топырақта және паразиттік тіршілік ететін нематодтардың 
ерекшелігі 
мойын безі денеде бойлай орналасқан екі бүйір 
экскреторлы түтікшелерден кұралған. Түтікшелердің артқы үшы 
тұйықталып бітеді, ал алдыңғы ұштары бірігіп ортақ түтікке айналады 
да, ол сыртқа зәр шығару саңылауымен ашылады (76-сурет). Бірқатар 
түрлерінде эжскреторлы жүйенің бір бұтағы жойылып (көбіне оң 
жақтағысы), сол жақ түтігі өте жақсы дамыған. Түтіктер арқылы 
денедегі (несеп) заттар сыртқа шығарылады.
Сонымен қатар, фагоцитарлы клеткалар деп аталатын жұлдызша 
клеткалары бар. Олар зат алмасудың соңғы эр түрлі ерімейтін 
калдықтарын және денеге енген бөгде заттарды, мысалы, бак- 
терияларды өздерінің бойына тартып алады. Жиналған заттар сыртқа 
шығарылмайды, сондықтан бұл клеткаларды “жинақтау бүйректері” 
деп те атайды. Олар гиподерманың бүйір білеулерінің бойымен 
дененің алдыңғы үштен бір бөлігіндегі дене қуысында орналасқан.
Жылқы аскаридасында (Parascaris equorum) фагоцитарлы 
клеткалар төртеу. Егер тәжірибе жүзінде, аскарида денесінің қуы- 
сына шприцпен сепия, кармин тағы басқа бояулар жіберілсе, бірнеше 
сағаттан соң олар фагоцитарлы клеткаларға жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет