Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Қан айналу және тыныс алу жүйесі



Pdf көрінісі
бет129/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   250
Қан айналу және тыныс алу жүйесі 
нематодтарда болмайды. 
Еркін тіршілік ететін түрлері бүкіл денесі (терісі) арқылы тыныс 
алады, ал эндопаразиттік нематодтарда тыныс алу процесі анаэробты, 
яғни оттегі жоқ жерде гликогеннің ашуы арқылы іске асады. Гликоген 
қоры жұмыр құрттарда белгілі бір жолмен гиподермада жиналады. 
Гликогеннің анаэробты ыдырауы нәтижесінде түзілген соңгы 
өнімдері органикалық кышқылдар, соның ішінде май және валериан 
қышкылдары қуыс сұйықтығында жиналып, улы, күйдіргіш затқа 
айналады. Сондықтан құртты сойғанда өте мұқият және абай болу 
керек.
201


(ПІҺІРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
76-cypem
Нематодтардың зәр шығару және нерв жүйесі: А,Б - тармақталған мойын 
бездері (Secementea класс тармағы); В - шомбал типті мойын безі (Adenophorea класс 
тармағы); Г - аскариданың фагоцитарлы клеткалары; 1 - жүтқыншақ, 2 - ішек,
3 - фагоцитарлы клеткалар, 4 - бүйір сызығы (ойығы), 5 - құрсақ нерв бағанасы;
Д - аскариданың нерв жүйесі; 1 - ауыз бүртігі, 2 - жұтқыншақ нерв сакинасы,
3 - бас ганглиялары, 4 - кұрсақ нерв бағанасы, 5 - бүйір нерв бағанасы,
6 - комиссуралар, 7 - арка нерв бағанасы, 8 - сезім бүртіктері
Нерв жүйесі және сезім мүшелері 
қарапайым құрылысты. Бірін- 
шіден, нерв жүйесі тұтасымен гиподерма қабатында, теріге жақын 
орналасқан, екіншіден күрделі ганглиозды клеткалар жүйесі дамы- 
май, нерв клеткалары нерв бағаналарымен байланыса жекеленген 
(ганглияларды құрмай), тек құрсақ нерв бағанасының ұзына бойында 
нерв клеткалары шоғырланып “құрсақ тізбегін” қүрып дамыған.
Нерв жүйесінің орталық бөлімін жұтқыншақ маңындағы нерв 
сакинасы құрайды. Ол нерв талшықтарынан (нейрофибриллдерден) 
түзілген және нерв клеткаларымен тығыз байланысқан. Нерв сақина- 
сынан басының үшына қарай алты қысқа және артқа қарай алты 
ұзына бойы созылған нерв бағаналары тарайды: құрсақ (вентральды), 
арқа (дорзальды), екі бүйірлі (латеральды), арқа бағанасына таяу 
(субдорзальды) және кұрсақ бағанасына таяу (субвентральды). Осы 
алты нерв бағаналарының екеуі - қүрсак (вентральды) және арқа 
(дорзальды) - күшті дамыған (әсіресе кұрсақ бағанасы). Олар бір-
202


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
бірімен денесінің бірде сол, бірде оң жағынан кезектесіп орналасқан 
жіңішке жарты сақина тәрізді комиссуралар арқылы байланысып, 
арқа-құрсақ тізбегін құрайды (76, Д сурет).
Арқа бағанасы арқа-бүйір бөліктерінің бұлшықеттерін, ал құрсақ 
бағанасы құрсақ-бұйір бұлшықеттерін және өңеш пен ішекті 
иннервациялайды (нервтендіреді). Алдыңғы алты қысқа нерв 
бағаналары сезім мүшелерін және бас папиллаларын, амфидаларын, 
қылтаншаларын, жарық сезгіш клеткаларын нервтендіреді.
Қалыптасқан нерв жүйесі жұмыр құрттардың личинкасының 
екінші сатысында да кездеседі. Түрлі экологиялық топтарды құрай- 
тын жұмыр құрттардың нерв жүйесі (аздаған өзгерістерімен) толық 
сақталган, осының нәтижесінде бүкіл нематодтардың филогенетика- 
лык байланыстарының бар екендігін дәлелдеуге болады.
Топырақта және паразиттік тіршілік етуіне, тесу, қазу қозғалы- 
сына байланысты нематодтардың сезім мүшелері өте нашар дамыған. 
Тітіркенуді қабылдайтын үш түрлі рецепторлары бар: тері сезу 
(тангорецепторлар), химиялық заттарды сезетін (хеморецепторлар) 
және жарық сезетін (фоторецепторлар). Бірінші топ қылтаншалар, 
папиллалар, бурсальды қанаттар, екінші 
амфидалар, фазмидалар, 
гиподермальды поралйр (саңылау), үшінші жарық сезгіш клеткалар. 
Рецепторлы мүшелер дененің бас, құйрық (каудальды) және жыныс 
мүшелерінің (гениталий) бөлімдерінде шоғырланған.
Қылтаншалар мен папиллалар (кутикуланың кішкене бүршікті 
төмпешіктер) ауыз тесігінің, еріннің айналасында екі-үш қатар 
орналасқан (77-сурет). Бұларға нерв тамырлары тыгыз жанасып 
жатады. Аталық түрлерінде денесінің артқы жағында, аналь тесігінің 
маңындағы папиллалар жақсы дамыған. Осылар арқылы шағылыс 
кезінде аналык жыныс тесігін тауып алады.
Тіршілік етуіне байланысты, теңіз және тұщы суда еркін тіршілік 
ететін түрлерінде қылтаншалар, ал сапробионт субстратында (орга- 
никалық заттардың ыдырап, шіріген жері), топырақта және паразит- 
тік түрлерінде папиллалар басым. Басының сыртқы және ішкі жағын- 
да орналасқан папиллалар арқылы нематод иесінің тканіне тереңірек 
ене алады. Tylenchida-лардың папиллалары редукцияға ұшыраған. 
Оларда поралар мен нерв бағаналарының ұштары ғана сақталған.
Бас бөлімінің екі бүйір жағында химиялық сезім мүшелері - 
амфидалары жатады. Олар терінің батыңқы жері, нервтермен 
жабдықталған және әр түрлі пішінді: қалта тәрізді, ілмек, спираль, 
саңылаулы, жұмыр (77-сурет). Амфидалар аталық түрлерінде ерекше
203


ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет