Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


К О Л О В Р А Т К А Л А Р К Л А С Ы



Pdf көрінісі
бет147/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   250
К О Л О В Р А Т К А Л А Р К Л А С Ы
R O T A T O R I A
Бұлар көбінесе тұщы суларда мекендейтін жануарлар, теңіздерде 
тіршілік ететін түрлері де аз емес, сонымен қатар ылғалды топырақта 
да кездеседі. Көпшілігі еркін қозғалады, аздаған түрлері бекініп 
тіршілік етеді. Олардың 1500-ден астам түрі бар.
Қ ұ р ы л ы с ы м е н ф и з и о л о г и я с ы .
Өте ұсақ, микроскопиялық 
күрттар, ұзындығы 0,04 мм-ден (Ascomorpha minima) 2,5 мм-ге дейін 
(Asplanchna brightwelli). Дене пішіні созыңқы болып келеді, кейде 
ғана шар тәрізді немесе домалақ (Trochsphaera туысынан). Басым 
көпшілігінің денесі үш бөлімнен тұрады: кірпікшелі аппараты бар 
бас, дене және аяқ. Аяғы болмауы да мүмкін.
Бас бөлімі денеден аз ғана бөлініп тұрады, оның алдыңғы үшында 
екі қатар шеңбер жасай орналасқан, күрделі кірпікшелерден қүралған 
айналмалы (бұрғы) аппараты бар. Кірпікшелер көбінесе бірінің ішіне
227


ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
бірі кигізілген қос дөңгелек сияқты орналасады да, қозғалған кезде 
айналып тұрған дөңгелектің сым шабағы (спица) сияқты көрінеді. 
Латынша “rota” дөңгелек, “fera”, “toria” кию, тасу (rotifera, rotatoria 
дөңгелек тасушы). Кластың аты осыған сәйкес қойылған және бұлар 
басқа кластардан осы айналмалы аппаратымен ерекше. Айналмалы 
аппаратының кірпікшелері үнемі қозғалыста болып, жәндіктің суда 
қозғалуын және суда толқын туғызып ауызына ұсақ жәндіктерді 
әкелуіне қызмет етеді. Айналым аппаратының формасы өзгергіш. 
Кейбір коловраткаларда екі шеңберлі кірпікшелерінің орнына ауызды 
айнала қоршаған кірпікшелі алаң (Notommatidae тұқымдасында) 
немесе қалақты доңғалақ (Floscularia туысында), немесе созылыңқы 
қармалауыштар шоғыры (Stephanoceros туысында) орналасады.
Арнайы бұлшықеттер 
ретракторлардың көмегімен бас бөлімі 
қозғала алады, яғни дене (қуысының) ішіне тартылып, қайтадан 
сыртқа созылып шығады.
Дене бөлімі созылыңқы, цилиндр, қапшық тәрізді немесе жалпақ 
(арқа - құрсақ немесе екі бүйірі жағынан қабысқан), сыртынан 
сауытпен немесе қабықты түтікпен қапталған.
Аяқ бөлімі дененің бұлшықетгі өсіндісі. Ол буынды қабықшамен 
қапталып, жылжымалы екі саусақтан тұрады. Саусақтың ұшында 
кілегейлі заттар шығаратын цементті бездері орналасқан. Осының 
көмегімен көптеген коловраткалар уақытша, кейбіреулері тұрақты 
түрде су асты заттарына бекініп тұрады. Аяғында ұзына бойы және 
сақина тәрізді бұлшықеттері жақсы дамыған.
Коловраткаларда нағыз кутикула және тері-бұлшықет қапшығы 
болмайды. Тері жамылғысы синцитиялы бір қабат эпителиден 
(гиподермадан) және тығыз орналасқан талшықты заттардан кура- 
лады. Коловраткалардың дене формасын сақтауы және сауыттары- 
ның, түтікшелерінің түзілуі осы қабатқа байланысты. Көлденең 
бұлшықеттері тұтас қабат жасамай денеде топтасып орналасады да, 
оның қозғалуын қамтамасыз етеді. Ішкі мүшелері алғашқы қуыстың 
(схизоцель) ішінде орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет