Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


СКРЕБНИЛЕР (ACANTHOCEPHALES) ТИПІНІҢ



Pdf көрінісі
бет155/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   250
237


СКРЕБНИЛЕР (ACANTHOCEPHALES) ТИПІНІҢ
ФИЛОГЕНИЯСЫ
Скребнилер типінің шығу тегі туралы айтылатын болжамдар әр 
түрлі. Көбінесе скребнилерді нематодтармен жақындастырады: 
денесінің цилиндр тәрізділігі, гиподермасының құрылысы, бірінші 
дене қуысының (схизоцель) болуы, дара жынысты болуы.
Екінші көзқарасты жақтаушылар (Гекели, Холодковский Н.) 
скребнилерді жалпақ құрттармен жақындастырады: тұмсық пен 
сколекстің, кутикуланың, зәр шығару және нерв жүйесінің құрылысы, 
дамуындағы иесін алмастыруы.
Кейбір ғалымдар (Раутер) скребнилерді приапулидалармен 
(Priapulida класы) байланыстырады: бұлшықет 
ретрактордың 
көмегімен тұмсығы тұлға бөлімінің ішіне қарай тартылып, сыртқа 
созылып шығатындығымен, сақина тәрізді және ұзына бойы созылған 
бұлшықеттерінің болуымен, зәр шығару мен тұқым шығару жолда- 
рының бірігу белгісімен.
Скребнилерді жалпақ құрттармен, нематодтармен, приапулида­
лармен жақындастыратын ұқсастық белгілеріне қарап, олар ортақ 
бір тектен шыққан деп ойлауға мүмкіндік береді. Қайткенде де, 
скребнилер жалпақ құрттардың алшақтап кеткен бір бұтағы болуы 
керек деп жорамалдайды.
Жоғарыда сипатталған құрттардың төрт типі: жалпақ құрттар 
(Plathelminthes), немертиндер (Nemertini), жұмыр құрттар (Nemathel- 
minthes), скребнилер (Acanthocephales) төменгі сатыдағы құрттар 
тобын (Acoelomata немесе Scolecida) құрайды, себебі бұлардың 
целом қуысы жоқ, денесі сегменттелмеген, қан айналу жүйесі 
дамымаған, сондай-ақ зәр шығару мен нерв жүйесі қарапайым.
Целом қуысты (Coelomata) тобына буылтық құрттардан 
(Annelida) бастап қалған типтердің барлығы жатады: буынаяқтылар 
(Arthropoda), моллюскалар (Mollusca), онихофоралар (Опусһорһога), 
қармалауыштылар (Tentaculata), тікентерілілер (Echinodermata), 
погонофоралар (Pogonophora), қылтанжақтылар (Chaetognatha), 
жартылай хордалылар (Hemichordata) және хордалылар (Chordata). 
Бүларда целом деп аталатын дененің екінші реттік қуысы болады. 
Целом қуысының бірінші (схизоцель) қуысынан ерекшелігі 
целомның перитонеальды эпителиден түзілген арнайы кабаты 
болуында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет