Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет154/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   250
Сезім мүшелерінен 
тек екі кішкене сезгіш бүртіктері бар, олар 
тұмсықтың ұшында және жыныс тесігінің жанында орналасқан.
Скребнилер дара жынысты. 
Жыныс 
мүшелері жұп, олардың 
түзілуі ерекше жалғастырушы буынымен немесе лигаментпен 
байланысты. Лигамент жануардың тұмсық қынабынан басталып 
дененің артқы ұшына бағытталып, дене қуысында жатады.
Аталық жүйесі екі сопақша келген тұқым бездерінен және ұрық 
жолдарынан тұрады. Екеуі бірігіп тұқым шығаратын түтікке 
айналады. Түтіктің ұшы сүйірленіп шағылыс мүшемен аяқталады. 
Ол шағылыс қалтасының ішінде орналасқан. Тұқым шығаратын 
түтікке арнайы цемент бездері ашылады (88-сурет).
Аналық жыныс жүйесіндегі екі аналық безі лигаменттің ішкі 
жағында орналасып, жұмыртқа түйірлеріне бөлінеді. Бұлар 
лигаменттен дене қуысына түсіп, жұмыртқаларды шығара бастайды. 
Олар дене қуысының сұйық затында жүзіп жүріп, жетіліп, ұрықта- 
нады. Ұрықтанған және бөлшектене бастаған жұмыртқаларының 
пішіні сопақтау немесе ұршық тәрізді, жіңішке және ұсак болады. 
Жұмыртқа сыртқа шығуы үшін аналық жолына түсуі қажет. Аналық 
жолының құрылысы ерекше. Ол дене куысына воронка немесе 
қоңырау тәрізді кеңейген ұшымен ашылады және оның артқы 
жағында екі жіңішке және бір кеңдеу саңылауы болады. Кеңейген 
ұшының қозғалысы әсерінен оның ішіне жұмыртқалар келіп түседі. 
Ұрықтанып, бөлшектене бастаған жұмыртқалар түтіктің жіңішке
236


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
тесіктері арқылы аналық жолына, одан жатын және қынап арқылы 
сыртқа шығарылады, ал ұрықтанбаған ірі жұмырткалар аналық 
жолына өте алмай, қоңырау тәрізді кеңейген тесігінен дене қуысына 
қайтадан түседі. Сөйтіп, аналық жолы -жұмыртқаларды іріктеу 
қызметін атқарады.
Скребнилердің 
даму циклы 
әдетте метаморфозбен және иесін 
алмастыру жолымен өтеді. Ересек түрлері балықтардың, құстардың 
немесе сүткоректілердің ащы ішегінде тіршілік етеді. Үрықтанған 
жұмыртқалары нәжіспен бірге сыртқа шығарылады да, одан ары даму 
үшін аралық иесінің денесіне түсуі керек. Скребнилердің аралық иесі 
көбінесе шаянтәрізділер немесе насекомдар (зауза және кола 
қоңыздың личинкалары). Аралық иесінің ішегіне түскен жұмырт- 
қадан тұмсығында ілмешектері бар личинка дамиды. Ол ішекті тесіп, 
дене қуысына өтеді де, осы жерде өсіп, жыныс жүйесі ғана дамы- 
маған ересек түріне айналады. Осындай метаморфоздан кейін 
скребнидің тұмсығы тұмсық қынабына тартылып, денесі дөңгелек- 
теніп, сырты қабыршақпен оранып капсулаға айналады. Осы күйінде 
көп жылдар бойы өмір сүре алады.
Негізгі иесінің ішегіне түскен капсула кезеңіндегі скребнилер 
өзінің капсуласынан босап, тұмсығының жәрдемімен ішекке бекініп 
жыныстық дәрежесіне жетіп, ұрықтанады. Үрықтанған жұмырт- 
қалары нәжіспен бірге сыртқа шығарылады да, жоғарыдағы айтылған 
даму циклі қайталанады.
Кейбір түрлерінде даму циклі екі аралық иесі қатысуымен өтеді. 
Мысалы, Corynosoma strumosum - тюленнің (итбалыктың) ішегінде 
паразитгік тіршілік ететін құрттың бірінші аралық иесі шаянтәріз- 
ділер (Pontoporeia туысынан), екіншісі балықтар.
Скребнилер мал, балық және құс шаруашылығына үлкен зиян 
келтіріп, олардың өнімділігін азайтады. Мысалы, Pomphorhynchus 
laevis, Neorhynchus rutili, Echinorhynchus gadi, Acanthocephalus 
anguillae балықтардың паразиттері. Қаяз балықтың ішегінде 
Pomphorhynchus laevis-тың 300-ге жуық особьтары табылған. 
Polymorphus туысының өкілдері үйректердің, Prosthorhynchus 
құстардың паразиттері. Алып скребни (Macracanthorhynchus 
hirudinaceus) шошқаның паразиті.
Скребнилер класы екі отрядқа бөлінеді: Palaeacanthocephala және 
Archiacanthocephala. Бірінші отрядтың өкілдері балықтардың, 
екіншісі - құстар мен сүтқоректілердің паразиттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет