ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
өтетін түтікшелер немесе лакуналар жүйесі де қорытылған заттарды
өткізіп маңызды рөл атқарады.
Зәр шығару жүйесі
- протонефридиялы. Кейбір түрлерінде ғана
дамыған. Мысалы, алып скребнилерде (Macracanthorhynchus
hirudinaceus) ұштарында колба тәрізді кірпікшелі клеткалары бар
тарамдалған түтікшелер екі негізгі жинағыш түтікке өтеді де, олар
жыныс жүйесінің тұқым шығару жолына ашылады. Сонымен
скребнилердің ерекшелігі зәр шығару мен тұқым шығару жолдары
қосылған.
Тыныс алу және қан айналу жүйесі
болмайды. Анаэробты
жолымен тыныс алады.
Нерв жүйесі
қарапайым құрылысты. Ми ганглиясы тұмсық
қынабына еніп жатады, одан жұқа нерв талшықтары алға тұмсыққа
карай және екі бүйір нерв бағанасы дененің артқы бөліміне қарай
бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: