ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Жұқасауытты шаяндар отряды - Leptostraca
8 түрі бар, ұсақ теңіз шаяндары.
Жоғарғы сатыдағы шаяндардан
төменгі деңгейлі белгілерімен көзге түседі: жұқа, қосжақтаулы пішін-
ді карапаксы баскеуде бөлімін түгел жапқан (отрядтың аты да осы-
дан); 8 жұп кеуде аяқтары екі бұтақты, жапырақаяқты (Phyllopoda)
шаяндардың аяқтарына ұқсас; құрсағы 7
сегментті және соңғысы-
ның ұшы ашалы; ересек түрлерінде тек антеннальды бездері ғана
емес, аздап редукцияға ұшыраған максиллярлы бездері де зәр шыға-
рады. Осындай бірқатар белгілерімен Leptostraca төменгі мен жо-
ғарғы сатыдағы шаяндар аралығындағы
байланыстырушы буын деп
болжайды. Негізгі өкілдері: Nebalia bipes, Nebaliopsis typica. Nebalia
туысы Силур дәуірінен белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: