ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
109-cypem .
Мұртаяқты шаяндар (Cirripedia): I - теңіз үйрекшесі (Lepas);
1 - денесі, 2 - аяқтары, 3 - бақалшағы, 4 - сабақшасы; II - теңіз жаңғағы (Balanus);
1 - бақалшак, 2 - қақпақша; III - Balanus-тың метанауплиус личинкасы;
1 - антеннула, 2 - антенна, 3 - үстіңгі жак, 4 - астыңғы жақ, 5 - қүрсақ
Қапкеуделі шаяндар отряды - Ascothoracida
Маржан полиптердің (Anthozoa) және тікентерілілердің (Есһіпо-
dermata) денесінде паразиттік тіршілік ететін шаянтәрізділердің
шағын ғана отряды. 40-тан астам түрі бар, бұлар паразиттіліктің
әсерінен көп өзгерістерге ұшырамаған. Мысалы, Sinagoga туысының
өкілдері жорғалап немесе жүзіп жүру қабілетін жоймаған, бұлардын
3 0 9
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
құрылымы еркін тіршілік ететін шаяндарға едәуір ұқсас, тек антен-
нулалары қысқаштәрізді, ауыз аяқтары бірігіп сорғыш ауыз конусын
түзейді. Кеудесі, екі бұтақты жұп аяқтары бар, 6 сегменттен тұрады.
Sinagoga туысының өкілдері Antipates маржан полиптердің колония-
сында және теңіз лалагүлдердің (Crinoidea) денесінде кездеседі.
Ascothorax туысының өкілдерінде барлық аяқтары және денесінің
сегментациясы сақталған. Олар офиуралардың (Ophiuroidea) жыныс
қапшығында тіршілік етеді. Керісінше, Denarogaster туысының
өкілдері қатты өзгерістерге ұшыраған. Ірі (10 см-ге дейін) аналығы-
ның денесі екі жағына қарай бұғы мүйізі сияқты бұтақталған мантия
қуысынан тұрады. Кеуде аяқтары жоқ. Мантия қуысында ергежейлі
аталықтары орналасқан. Denarogaster-лер теңіз жұлдыздардың
(Asteroidea) эндопаразиттері. Науплиус личинкасы аналығының
мантия қуысында дамып, сыртқа ересек түріне ұқсас личинка шы-
ғады.
Достарыңызбен бөлісу: