ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
болып келетін) құйрық қалқанынан. Жалпы сегменттерінің саны 44-
ке дейін.
Жалпақ келген денесі арқа жағынан ұзына бойына екі сызықпен
шектелген ортаңғы дөңес (rhachis) және жалпақтау келген екі бүйір
қалақтары-бүйірліктерге (pleura) бөлінген (112-сурет). Трилобит
(латынша trilobus-үш қалақты) деген аты үш қалақты пішін деген
сөзден.
Бас қалқанының жоғарғы жағында күрделенген жұп фасеттік
көздері (олардың әрқайсысы 15-тен 15000-ға дейін ұсақ көзшелерден
тұрған), сонымен қатар жұп медиальды (ортасына таяу орналасу
деген мағынада) көзшелері, ал астыңғысында жұп мұртшалары
немесе антеннулалары және төрт жұп буындалған аяқтары болған.
Көздері және мұртшалары бастың акрон, ал төрт жұп аяқтары акрон-
ға қосылған төрт сегменттерінің құрамына кірген.
Трилобиттердің бір ерекшелігі бас бөліміндегі төрт жұп аяқтары
барлық буынаяқтыларға тән ауыз аппаратына айналмай (мандибула,
максилла І-ІІ, хелицералар), кеуде және құрсақ бөліміндегі аяқтарына
ұқсас құрылысты болып келген. Біркелкі құрылысты аяқтарының
негізгі буынынан сыртқы жағына ұзын өскін - желбезек жапырақ-
шалары немесе эпиподиттері, ал ішкі жағына шайнағыш өскіні жал-
ғасқан. Әрбір жұп аяқтың шайнағыш өскіні бір-біріне қарама-қарсы
бағытталып орналасқан (112-сурет). Осындай құрылысына байла-
нысты барлық аяқтары жылжу, тыныс алу және қорегін ұстап, шай-
нау қызметін атқарған.
Трилобиттер дара жынысты, метаморфоз жолымен дамыған,
протаспис атты личинкалары болған. Протаспистің денесі алғашқыда
сегменттерге бөлінбей, біртұтас болып, кейін бас (акрон және 4
сегмент) және аналь қалқаншасына бөлінген. Осы кезде екеуінің
арасында өсу аймағы түзіледі де, сол арқылы тұлға бөлімінің сегмент-
тері қалыптасқан (113-сурет).
Трилобиттердің денесі хитинмен қапталынған. Қауіпті жағдайда
олар өзінің қаттылау арқасын төсеп, жұмсақ құрсақ жағымен
жиырылып қалатын болған. 10000-нан астам түрі болған.
Достарыңызбен бөлісу: