Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ПОЛИХИМЕНОФОРА ОТРЯД ҮСТІ



Pdf көрінісі
бет40/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

ПОЛИХИМЕНОФОРА ОТРЯД ҮСТІ 
POLYHYMENOPHORA
Инфузориялардың денесін кірпікшелер қаптаған және ауыз 
айналасында спираль түрінде дөңгеленген, оңға қарай бірнеше қатар 
бұралып жатққан мембранеллалары бар. Бұларға көптеген отрядтар 
жатады, солардың ішінен үшеуін қарастырамыз.
Әр түрлі кірпікшелілер отряды - Heterotricha
Тұщы суларда кең тараған, ірі инфузориялар. Ауыз айнала- 
сындағы мембранеллалары ірі кірпікшелерден құралған, ал дененің 
қалған бетін майда біркелкі кірпікшелер жапқан. Негізгі өкілдері - 
Stentor polymorphus, Spirostomum ambiguum, Bursaoria truncatella, 
Balantidium coli.
Stentor polymorphus-тың ұзындығы 1-2 мм, воронка тәрізді, су 
түбінде бекініп тіршілік етеді.
68


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
23-cypem.
Дөңгелек кірпікшелілер (Peritricha):
A - Pyxidiuni ventriosa - жеке өмір сүретін; Б - Carchesium polypinum - колониясы;
В - Campanella umbellaria -колонияның бір бөлігі:
1 - мембранелла, 2 - макронуклеус
Spirostomum ambiguum-ның ұзындығы 2 мм-ге дейін жетеді
денесі ұзын, соған сәйкес ұзынша келген макронуклеус және бірнеше 
майда микронуклеустер болады. Жиырылғыш вакуолі дененің артқы 
жағында орналасқан.
Balantidium соіі адамның тоқішегінде тіршілік ететін өте қауіпті 
паразит. Ұзындығы 50-80 мкм, жалпақтығы 40-60 мкм. Балантидия 
циста күйінде ішектен сыртқа шығады. Цистаны жұту арқылы адам 
балантидиоз деген ауруға шалдығады.
Бауыр кірпікшелілер отряды - Hypotricha
Тұщы суларда және теңіздерде кең тараған. Негізгі өкілінің 
стилонихия 
Stylonichia mytilus-тың кірпікшелері көп жағдайда 
қылтандарға және цирраларға айналған. Цирра тобы бауыр жағында
69


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
орналасқан, осылар арқылы инфузория судың түбінде жылжып 
жүреді. Мембранеллалары денесінің алдыңғы және бауыр жағында 
орналасқан (24-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет