Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет48/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   250
30-сурет.
Спонгинді каңқа: А - спонгин қаңқасын құрастырушы спонгиобласт 
клеткалары; Б - бос жатқан спонгин жіпшесі; В - спонгин қаңқасының бір бөлігі
87


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
31-cypem .
Бадяганың геммуласы: 1 - Spongilla геммуланың сыртқы көрінісі 
(үлкейтілген); 2 - Ephydatia - геммуласының кесіндісі (үлкейтілген)
тәрізді, сарғыш түсті, химиялық құрамы жағынан жібек жібіне ұқсас, 
құрамында йодтың болуы спонгинге тән қасиет. Қаңқаның құрамы 
мен құрылым ерекшеліктері - губканың негізгі систематикалық 
белгілері болып табылады.
Көбеюі және дамуы. Губкалар жынысты және жыныссыз жолмен 
көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүреді. Дененің 
сыртқы қабатында бүршік пайда болады. Бүршіктің құрылысы 
губканың құрылысына ұқсас. Ол өсе келе аналық губканың денесінен 
бөлініп, субстратқа бекініп жеке тіршілік ете бастайды.
Көп жағдайда бүршіктер денеден үзілмей, аналықпен қарым- 
қатынасын сақтап колония түзеді. Кейбір губкаларда бүршіктердің 
шекарасы жойылып, бүршіктер анасының денесімен бірігіп тұтас 
қомақты колонияға айналады, осындай колониядағы бүршіктердің 
санын оскулумдардың санына қарай білуге болады.
Сыртқы бүршіктенуден басқа іштей бүршіктену де кездеседі. 
Ол тұщы су губкасы 
бадягада болады. Жаз бойы бадяга сырттай 
бүршіктену және жынысты жолмен көбейеді. Күзге қарай бадяганың 
мезоглеясында амебоцит клеткаларының жиынтығынан шар тәрізді 
ішкі бүршік геммула пайда болады. Геммула қос мүйізді қабық- 
шамен қапталынған, олардың аралығында ауа және кремнезем 
инелері болады (31-сурет). Инелердің көмегімен екі қабықшалары 
бір-бірімен бірікпейді. Қыста, қолайсыз жағдайда бадяга өледі де, 
денесі ыдырап, геммулалар судың түбіне шөгіп, өзінің қорғаныш 
қабықшасының арқасында көктемге дейін сақталады. Содан кейін,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет