Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІНІҢ ЖҮЙЕСІ



Pdf көрінісі
бет10/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Жер жүзіндегі жануарлар түрлерінің жалпы саны 2,5 миллионная 
асады және жыл сайын жануарлардың жаңа түрлері сипатталып 
жазылуда. Жануарларды топқа бөліп жіктемесе, оларды зерттеу 
қиынга соққан болар еді.
Жануарлар әлемінің әр түрлілігіне байланысты олардың ұқсастық 
белгісіне не арасындагы айырмашылыгына қарай систематика 
жануарларды таксондарга бөледі: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, 
түрге. Ең кіші таксон “түр” (species). Әрбір түрге екі сөзден тұратын 
латынша аты берілген. Бірінші сөз зат есімі туыстың аты, екінші 
сөз сын есімі - түрдің аты. Туыс аты түр атының алдынан үлкен 
әріппен жазылады. Осылай атау қосарлы немесе бинарлы 
номенклатура делінеді. Бинарлы номенклатураны швед ғалымы Карл 
Линней “Табигат системасы” (1735) деген еңбегінде ұсынған. Қазіргі 
кезге дейін түрлерді қос атпен атау сақталынып келеді. Мысалы, 
Euglena viridis 
жасыл эвглена, Fasciola hepatica бауыр сорғыш, 
Locusta migratoria көкқасқа шегіртке, Musca domestica үй шыбыны.
Бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы - туысқа (genus) 
жіктелінеді, жақын туыстар тобы 
тұқымдасқа (familia), жақын 
келетін тұқымдастар 
отрядқа (ordo), отрядтар 
класка (classis), 
кластар - типке (phylum) біріктіріледі.
Осындай жүйелеу топтарына аралық таксондар да қосылады.
Мысалы, типке тип тармағы, класқа - класс тармагы, отрядқа 
отряд тармагы, тұқымдаска тұқымдас тармагы, туысқа туыс тар­
магы және түрге түр тармагы. Бұдан басқа класс үсті, отряд үсті, 
тұқымдас үсті, т. б. таксондар қосылады. Жануарлардың ірі клас- 
сификациялық бірлігі 
тип, ғасырлар бойы дамыған филогене- 
тикалық системаның жогарғы белгісі.
19


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Қазіргі кезде жануарлар дүниесін мынандай 23 типке бөледі:
1. Саркомастигофора типі - Sarcomastigophora
2. Споралылар типі 
Sporozoa
3. Книдоспоридиялар типі Cnidosporidia
4. Микроспоридиялар типі Microsporidia
5. Кірпікшелілер немесе Инфузориялар типі Сііорһога
6. Тақталылар типі Placozoa
7. Губкалар типі Spongia
8. Ішекқуыстылар типі Coelenterata
9. Ескектілер типі Ctenophora
10. Жалпақ құрттар типі - Plathelminthes
11. Немертиналар типі - Nemertini
12. Жүмыр құрттар типі - Nemathelminthes
13. Скребнилер типі Acanthocephales
14. Буылтық құрттар типі - Annelida
15. Буынаяқтылар типі Arthropoda
16. Онихофоралар типі 
Опусһорһога
17. Моллюскалар немесе жұмсақ денелілер типі - Mollusca
18. Қармалауыштылар типі Tentaculata
19. Тікентерілілер типі Echinodermata
20. Погонофоралар типі - Pogonophora
21. Қылтанжақтылар типі Chaetognatha
22. Жартылай хордалылар типі Hemichordata
23. Хордалылар типі Chordata
Жануарлар типтерін даму ерекшеліктеріне, денесінің құрылым 
айырмашылығына, зерттеу әдістеріне қарай екі бөлімге бөледі. 
Бірінші типтен бастап 23-ші типке дейінгі омыртқасыз жануарлар, 
ал 23-ші хордалылар типі омыртқалы жануарлар.
Жануарлар дүниесі типтерден де жоғары ірі топтарға жіктеледі. 
Типтерді топтастыру 
олардың ортақ құрылымын, деңгейін, 
арасындағы морфофизиологиялық, филогенетикалық байланыстарын 
көрсетеді. Оның схемасы 1- суретте берілген.
Жануарлар дүниесі Zoa (Animalia) екі дүние тармағына бөлінеді: 
Protozoa -бір клеткалыларға және Metazoa көп клеткалыларға. Pro­
tozoa тармағына қарапайымдылардың 
бес 
типі 
жатады: 
Sarcomastigophora, Sporozoa, Cnidosporidia, Microsporidia, Ciliophora.
Қарапайымдылар бір клеткалы, ядролы, эукариотты жәндіктер, 
физиологиялық жағынан алғанда, олар өз алдына жеке организмдер
өйткені барлық жануарларға тән: қозғалу, ас қорыту, зәр шығару,
20


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
тыныс алу, зат алмасу, көбеюі, дамуы т. б. қызметтерді атқарады.
Көп клеткалылар (Metazoa) үлкен үш бөлім үсті топқа бөлінеді: 
фагоцителлозоа 
Phagocytellozoa, алғашкы қарапайым көп 
клеткалылар. Бұл топқа тақталылар 
Placozoa типі жатады. Екінші 
бөлім үсті төменгі сатыдағы көп клеткалылар - Parazoa. Оларда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет